Сообщества  >   Алланың барына сенейік, ағайын!!!  >   Қазағыммен сырласу - Берік Сұлтанов

Қазағыммен сырласу - Берік Сұлтанов

rss Алланың барына сенейік, ағайын!!! 6 августа 2010
Алматы Семей
 

Қазағым қалқып ұшқан қырандай,
Жүр ғой бірақ ұясына қона алмай,
Адасып қалды ма деймін бағытынан,
Неге кетті имандылық ұясына оралмай?


Қазағым ұл қызыңа неге қарамайсың?
Жүрегімді қазағым сен жаралайсың.
Ашымай ма жаның сенің бауырыңа,
Өзге дінге кіріп кеткен тау ұлыңа,
Исламнан, иманнан айырылып,
Кришнайт пен иеговаға ағылуда.

Кіріп жатыр «ата жолы» деп ақсұңқарға,
Отырғызып жіберетіндей бір ақ тұлпарға.
Қыздар жүр аққу болып орамалсыз,
Өмір сүре алмайды жұлдыз жорамалсыз,
Надандар жүр пал ашып берейін деп,
Қалмасын деп үйіндегі қора малсыз.

Көбейіп кетті «ата жолы» дейтіндер,
«Ата жолы» деп бар ақшаңды жейтіндер.
Аллаһ үшін емес, әруақ үшін мал сойғызып,
Харам аспен ұл қызыңды тойғызып.
Істетіп жатыр кешірілмес күнәні,
Әруақ, әруақ тек олардың жыр әні,
Бір Аллаһты пана көрмей,
Әруағым қолда болып кетті ұраны.

Аллаһтан емес, әруақтан сұрап тілегін,
Қарайтуда ұл-қыздарың жүрегін.
Неге қарамайсың қазағым сол балдарыңа?
Исламды неге түсіндірмейсіңдер отырғызып жандарыңа?
Адасты ғой, адасып та біттік қой,
Ертең кесір болып келмесін сол алдарыңа.

Қайда қыздарың бұрымы белден келетін?
Сіз деп сөйлеп бірінші сәлем беретін,
Өнеге көрсетіп кішілерге,
Артынан тек жақсылардың еретін.

Жоғалтудасың ғой сол тәрбиелі қыздарыңды...

Сенбесең қарашы көз салып осы қоғамға,
Ондай қыздар аз ғой қазір қоғамда.
Шаштары түйенің өркешіндей жалбырап,
Құлақтарынан ұзын сырға салбырап,
Көріксізденуде ғой қыздарымыз,
Қазағым, иманнан біз қалғандаймыз қалтырап.

Ұлдарың қайда жігерлі де қайратты?
Жолатпайтын тіліне өсек, ғайбатты.
Халал аспен қоректеніп,
Жамандардан бөлектеніп,
Қайда ұлдарың баяғы,
Жүретін үлкендерге көмек беріп.

Жоғалтудасың ғой қазағым сондай ұлдарыңды да...

Жүр ғой қазір ұлдарың тәкәппарланып, мастанып,
Бір-бірімен достаспай, жаға алысып, қастанып.
Халал асты жиыстырып ішеді арақ, виноны,
Көруде олар тағы да арсыздыққа толы киноны.

Міне қазағым ұлдарың бар осындай,
Көруші едің ғой сен барлығын да досыңдай,
Неге енді өз балаларыңа жаның ашымайды?
Қарым-қатынасың болып кетті олармен өз қасыңдай.

Көбейіп кетті жетім балалар да тастанды,
Ұл-қыздарымыз батысқа еліктеп мастанды.
Қазағым, кейбір қыздар арсыз бір іс бастауда,
Жүкті болып қалып байқаусызда,
Ішіндегі баласын алдырып тастауда.

Осыларға қазағым неге қарамайсың?

Әке-шешенің қарамастан кәрілік күйіне,
Өткізіп жатыр оларды қариялар үйіне.
Тамақ таппай қалғаннан емес біліп ал,
Осы сөзімді қазағым сен ұғып ал.
Имансыздықтан, дінсіздіктен істеуде,
Иманды болса, бата алмас еді бұл істерді істеуге.
Ал енді шамаң жете ме сенің,
Адасқан жастарыңды жақсылық істе деп күштеуге.
Исламнан, иманнан айырылып,
Дұрыс жолдан бұрыс жолға қайырылып.
Мода қуып тәкәппарланып өзінше,
Арсыз сериал көресіңдер ұл-қыздарыңның көзінше,
Балық солай басынан шіріп жатса,
Жас ұрпақ не істемек, қазағым, ойланшы сеніңше?

Отырғызып алып ақыл айтудың орнына,
Шақырудан көрі имандылық жолына.
Жақсырақтай сендерге бірге отырып қостасып,
Теледидардағы сериалдармен достасып,
Көріп болған соң сериалды кетесіңдер,
Анау дұрыс, мынау бұрыс деп қастасып.

Жөні дұрыс тәрбие бер жастарыңа...

Иман үйрет, исламды үйрет оларға,
Жаның ашыса шынымен-ақ соларға.
Жоғалтып алмашы өнегелі ұрпағыңды,
Сүріндіріп алмашы иман атты тұлпарыңды,
Жақсылықты үйрет, жамандықтан қайтарғын,
Бұны істемесең, ұмытпа ұрпағыңды құртарыңды.

Исламды үйрет, бөлек емес қой ол бізге,
Оңай ғой, қазағым, ата-бабаң жүрген жол бізге.
Исламды ұстанды ғой барлығы,
Көрмеді олар қазағым тағы ар мұны,
Басын сипап жетім мен жесірдің,
Арқасын қаққан тойдырып бар жарлыны.

Жәй қарашы, елестетші көзіңе, бұрын қандай едіңдер...?

Дүркіреп атың шыққан қазақ едің,
Иманды бірақ та сен аз-ақ едің,
Сол күндер, иманды күндер қайда қазір,
Не болып барасыңдар қайран менің қазақ елім.

Абай еді “Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта – деген – жалған болмас”,
Өзіміздің бабамыз еді адал болған жолдасқа,
Тілек тілеген бес уақыт намаз, бесеуі де қаза қалмасқа,
Ыбырай еді: “Бір Аллаға сыйынып,
Кел балалар оқиық деген,
Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқиық” — деген.

Ойлан енді сәл толған, осылар өзіңнің бабаларың...

Қазағым не дейін, сөзім жоқ басқа айтатын,
Осы айтылғандар рас, оны өзің де білесің,
Келді кезің жамандықтан қайтатын,
Қашанғы надан, имансыз болып жүресің,
Біреудің кемшілігіне қарап күлесің,
Өзіңнің кемшілігіңе сәл қара.
Жүрегім менің күніге жүр елжіреп,
Ұл-қызыңа қазағым,
Болды енді имандылықты тез үйрет.



404
  • Сffffff fffffff Сffffff fffffff 06 августа 2010, в 16:48:47
    Машаллах!!! Басқа да діни өлеңдеріңіз бар ма?
    ответить
    • Argyn    Argyn 19 сентября 2010, в 18:21:56
      www.uagyz.kz сайтынан оқи аласыз!
      ответить
  • Argyn    Argyn 19 сентября 2010, в 18:21:19
    Комментарий удален пользователем
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться