Әліппе-дұға

rss Алланың барына сенейік, ағайын!!! 6 августа 2010
Сffffff fffffff
 

Кішкентай бір қойшы жұма күні ауылдың қойларын бағып жүреді. Бір кезде ауылдың мешітінен азан дауысы естіледі. Ауылдың жан-жағынан мешітке қарай адамдар бара жатқанын көрген қойшы бала: «Мен де олар сияқты Аллаһқа ғибадат жасағым келеді. Бірақ Құранды жатқа білмеймін» деп мұнаяды. Намазды әлі дұрыс үйренбегенін, жатқа не бір сүре не де дұғаны білмейтінін ойлайды. Бір кезде жерге жығылып, «алиф, ба, та, са...» деп, бұрын естігенін есіне түсіріп арабша әліппесін оқи бастайды. Осылайша біраз отырады.

Қасынан өтіп бара жатқан бір адам тізесін бүгіп, екі алақанын жайып, көздерін жауып тұрып әліппе оқыған баланы көріп: «Не істеп отырсын?» деп сұрайды. Қойшы бала: «Дұға жасап отырмын» дейді. Адам таң қалып: «Дұға емес, қайталап отырғаның құр әліппе ғой» десе, бала: «Аллаһ Тағаланың мені қорғап, қойларды бағып жүргенімде маған көмек беруін қалаймын, бірақ жатқа ешбір дұға білмейді екенмін. Аллаһ барлық нәрсені біледі ғой, әріптерді орын-орнына қойып, не айтайын дегенімді түсінетініне сенемін» деп жауап береді.



497
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться