Ыстық күні ораза

rss Алланың барына сенейік, ағайын!!! 6 августа 2010
Сffffff fffffff
 

Жаздың ыстық күнінде бір топ ауылдастар көрші ауылға жолға шығады. Белгілі бір уақыттан соң жақын жердегі өзен жағасына жайғасып, жүрек жалғамақшы болады. Араларында біреу «аш жүргенді дастарханымызға шақырып, оны тойдырып сауап жинайық» дегенді ұсынады. Сол кезде өзеңнің арғы жағында демалып жатқан бір кедейді көреді. Осы аш болар деп, қасына барып оятады.
— Біздің дастарханымыздан ауыз тиіңіз. Бірге тамақтанайық, — десе, кедей:
— Жоқ, сендердің ұсынынғандарынан да ұтымды ұсыныс жасалынып, керемет жерге шақырылғанмын. — деп еш ойланбастан бас тартады.
Адамның кедей әрі үй-жайсыз екенін көріп тұрған жолаушылар "Қай жерге шақырылдыңыз? Қандай ұсыныс ол?" деп таңдана сұрайды.
— Ол Аллаһтың ұсынысы мен шақыруы. Мен оразамын.
Жолаушылар осындай ыстық күнде қалайша ораза ұстайсың, қиын емес па деп таңдана сұрайды. Сондағы кедейдің жауабы:
— Иә, оразамын. Ақыреттің ыстығына шыдай алмай азап көргенше, ыстық күні ораза ұстағанды жөн көрем.



337
  • Жұлдызша *** Жұлдызша *** 12 августа 2010, в 17:12:42
    Комментарий удален пользователем
  • Жұлдызша *** Жұлдызша *** 12 августа 2010, в 17:13:02
    ыстық күні ұсталған оразаның сауабы мол!
    ответить
  • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 26 августа 2010, в 11:45:53
    Әрине. Сауабы мол болатыны сөзсіз ғой. Өкінішке орай кейбір адамдар ораза ұстағанда жұмыс істемейді екен. Кейбір жастар әжесі немесе атасы ұстаған соң солардың тамақ шайын әзірлеп беру үшін ұстап жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес.Әркім жүрек қалауымен өзі үшін ораза ұстауы тиіс, біреу үшін емес.
    Айтқандай мен бір жәйтты айта кетейін. Мен оразаның қашан болатынын есіме де алмаппын. Оразаның бірінші таңында түс көріп жатырмын. Марқұм сіңлім ақыл айтып жатыр. Орныңнан тұр деп артымнан саусақпен ойып түртіп жатыр. Жауырыным ауырып артыма бұрылып қарамақшы болып тырыстым бірақ қимылдай алар емеспін. Соң шошып ояндым. Қарасам сағат таңғы төр жарым екен. Содан ұйықтай алмадым. Соң шешеме айттым. Жауырынымды түрткен жер ауырады деп жауырынымды көрсеткенімде шешем шошып кетті. Жауырынымда саусақ ұшындай көгерген із пайда болыпты. Кім білсін, мүмкін марқұм сіңлім Ораза ұста, сәрілік іш деп аян бергені шығар. Ал мен сорлы сол күні оразаның басталғанында сезбеппін. Сол күні марқұм сіңлімнің мазарына барып дұға қылдым. Бірақ ораза ұстағаным жоқ. Не үшін ұстамадым? Себебін өзімде білмеймін…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться