Сообщества  >   Сакура  >   Жапония

Жапония

rss Сакура 20 сентября 2010
Zhanat Ubaidullaeva
 

Сәлем, достар! Мен жуырда Жапонияға барып қайттым. Келгенім кеше ғана. Тамаша ел, өте күшті дамыған, мәдениеті тамаша. Токио, Иокохама қалаларын араладым, жапон отбасында қонақта болдым. Барлық жер тап-таза, жайнап тұр! Көшелерде алаңсыз, ешнәрседен бейғам жүре беруге болады. Әмияныңды, ақшаңды жоғалтып алсаң, сені іздеп тауып әкеп береді, ішіндегі ақшаң түп-түгел! Ойша біздің Қазақстанмен салыстырдым. Салыстырдым да қынжылдым...

Неге біздің еліміз артта қалған? Неге біз мәдениеттен жұрдаймыз? Неге? Неге? Неге?

Достар, мәдениетімізді көтеруді өзімізден бастайықшы! Үсті-басымызды, жүрген-тұрған жерімізді таза ұстайықшы. Осы мәселелерді барлық жерде уағыздайықшы!  Жақсы оқып, білімді болуға тырысайық, бастаған істі тиянақты аяқтауға дағдыланайық, пара бермейік, пара алмайық. Арымызды таза ұстайықшы...



242
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться