Сообщества  >   Менің қалам - ТАРАЗ - Мой город  >   Жамбыл облысының тарихына көз жүгіртейік !!!

Жамбыл облысының тарихына көз жүгіртейік !!!

rss Менің қалам - ТАРАЗ - Мой город 3 июля 2010
Ерке -/-/-/-/-/-
 

Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыс орталығы Тараз қаласы. 

 Жамбыл облысының территориясы - Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылады. Облыс көлемі 144,2 мың км2.  Қазіргі таңда 1,2 млн астам халқы бар. Соның 65%-ы қазақтар. 1989 жылғы есептеу бойынша халық саны 1038667 адамды құраған. Соның ішінде қазақтар 507302, 275424  орыстар, 70150 немістер  ,  33903 украйндыктар, 23555 дунгандар, 21512 өзбек ағайындар, 17145 түріктер, 16618 татарлар, 13360 корейлер, 11653 азербайжандар, күрттер және басқалар бар. Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. 2000 жылы өзінің 2000 жылдығын атап өтті.

  Туристерге ұсынылатын Сәулет ескерткіштерін көруге болады. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.

 Айша бибі және Бабаджа Хатун кесенелері. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12км қашықтықта орналасқан. Қарахана және Дауытбек, Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. 

 Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. 
  Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.

 Бабаджа Хатун кесенесі — Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.

 ХІ ғ. Қарахан және ХІІІ ғ. [[Дауытбек] кесенелер комплексі
ХІ ғ. Карахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплексқа кіреді. Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталды. 1905-1906 ж.ж. кесенесі құрылды.

 ХІХ ғ. Қали-Юнус шығыс моншасы - ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылды. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. ХХ ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған.

 VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі — Жамбыл облысының, және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттелген. Қазірде қайта зерттеу істері жалғасып жатыр. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 жж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. 

Тектұрмас Х-ХIV ғғ. Сәулет комплексі. Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды.  Қазіргі уақытта оны орнында орта ғасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мамбеттің моласы бар.

 Киелі қалада театр және кино актері Асанәлі Әшімов, қырғыз опера әншісі Хүсейін Мұқтаров  тағы басқада әйгілі адамдар дүниеге келген. 
 

Теги: тараз, тарих


5175
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 июля 2010, в 11:02:14
    өте пайдалы жазылған ақпарат деп ойлаймын :)
    ответить
    • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 03 июля 2010, в 11:46:05
      Рахмет. Тараз қаласының тарихын білмейтіндерге біраз мәлімет болар деген оймен жазған болатынмын. Өзім киелі қаланың Қордай ( көне аты Георгиевка ) деген ауданынан боламын. Естуімше бұл аймақ 1893 жылы пайда болған :-)))
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 июля 2010, в 11:48:47
        керемет… осы тектес пайдалы әрі оқуға қызықты деректерді көбірек жариялай беруіңді ғана күтеміз :)
        ответить
  • Жалғас Құмаров       Жалғас Құмаров 03 июля 2010, в 13:50:26
    Ерке -/-/-/-/-/- керемет!!!
    ответить
    • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 03 июля 2010, в 15:16:06
      Жалғас Құмаров!!! Сіздің блогыңызда ой өрбітер тақырыптар көп екен. Бірақ көбіне орыс тілінде екен. Мен орыс тіліне шорқақпын :-))) Орыс тіліне түсінсем де өз ойымды анық жеткізе алмағандықтан блогыңа қарап-қарап, әттеген-ай деп қынжыламын. :-)))
      ответить
  • Shuhrat Myrza Shuhrat Myrza 30 апреля 2011, в 23:47:15
    Шынына келсек Тараз-араптардың қаласы, ең бірінші адмдары өзбектер болған Фергана даң.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться