Сообщества  >   Саясаттан қандай хабарыныз бар?   >   Тек қана қазақша, тек қана қазақтарға, тек қана қазақтармен, тек қана қазақтікі.....

Тек қана қазақша, тек қана қазақтарға, тек қана қазақтармен, тек қана қазақтікі.....

rss Саясаттан қандай хабарыныз бар? 3 июля 2010
Ерке -/-/-/-/-/-
 

Мемлекеттік саясаттың негізінде ең бастапқы принцип мынандай болу керек деп ойлаймын: «Тек қана қазақша, тек қана қазақтарға, тек қана қазақтармен, тек қана қазақтікі». Қазақ мемлекетіндегі Қазақтың Ұлттық мүддесі ең қасиетті басты құралымыз саналып, ең бірінші кезекте тұруы тиіс, егер Қазақ Ұлтының мүддесіне сай емес кереғар жағдайлар болса, заңмен жазалануы тиіс, яғни барлығы тек Қазақтың Ұлттық мүддесіне сай келетін істер ғана болуы тиіс, осы принципті біз бәріміз, әсірісе мемелкеттік органдар және мемлекеттік қызметкерлер терең түсініп, қазірден өмірге еңгізу керек. Экономика болсын, немесе саясат болсын, немесе әскер, әлде мұнай мәселелері болсын, немесе ұлттық тәрбие болсын әр салаларға осы бастапқы принцип арқылы қарау керек, ол осы «Тек қана қазақша, тек қана қазақтарға, тек қана қазақтармен, тек қана қазақтікі». Қазақ мемлекеті әлемде жеке тұлға, тау тұлғалы, дара, мықты, күшті Қазақтардың Қазақ мемлекеті ретінде танылуы тиіс, яғни Қазақ мемлекеті тұлға мемлекет, әр Қазақ жеке тұлға болуы тиіс. Яғни тұлғаның ешкімге еліктемейтін өз жеке дара саясаты, өз жеке жолы болуы тиіс. Біздікі ертеден келе жатқан өз Қазақ Ата мемлекетіндегі, АТА ЖОЛЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ, Аталарымыздың қасиетті ісін жалғастыру Мұны Аталарымыз көрсетіп кеткен. Шетелдіктер Қазақ деген Ұлтты естігенде, «Еее, Қазақтар ма, олар мықты Ұлт, Қазақтар мықты ғой» деп айтатындай дәрежеге жетуіміз міндет. Қазақ мәңгі өте мықты Ұлт болуы міндетті.



464
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 июля 2010, в 13:36:14
    әрине, бәрі нәрсені осы айтқан принцип бойынша шешіп тастайтынымызға менің жеке өз басымның көзім жетпейді. Алайда осы принцип болашақта іске асып та жататын шығар, кім білсін. Ал шетелдіктер туралы ойыңды тарқатсам, шетелдіктер қазақстанның кез келген азаматын Қазақ деп біледі, және оны оларға керісінше деп дәлелдеп жатудың керегі жоқ. Олар Қазақстанда қазақтар тұрады деп есептейді. Олардың алдында өз бейнемізді ақтап жатудың еш қажеті жоқ… Ал мықты ұлт болу үшін өз кеудесіне ұруды қойып, шын мәнінде маңызды істермен айналыса бастау керек… Мен Пәленшемін дегеннен өзгеріп сала беретін ештеңе жоқ :) Құр секундтық қана алдамшы мақтаныш түкке қажеті жоқ.
    ответить
    • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 03 июля 2010, в 14:19:28
      Егер бірлікпен осы принципті қолдасақ іске асар еді. Бірақ бізде әлі ондай бірлік орнаған жоқ. Шет елдіктер туралы… Біз еуропаға еліктеп қазақ екенімізді ұмытып барамыз. Қай БАҚта оқығаным есімде жоқ. Қазақ қыздары мемлекет аралық мода корсету шарасына қатысқанда шет елдік бір төреші қазақтарға төмен баға қойған. Төреші қазақтардың көрсеткен киім үлгісі ашық-шашық. Бұл қазақтарға сай еместігін айтқан. Шет елдіктердің бәрі қазақтарды тірілей көрген дей алмаймын. Олар қазақты қалай танып отыр?! Кинолар арқылы, тарихи кітаптарымыз арқылы ғана таниды. Мысалға Көшпенділер киносындағы қызды алып қарайық қазақи киім ғой, ашық шашық емес. Демек қазақты тірілей көрмеген шет елдіктер қазақты кинодағы кейіпкер сияқты киінеді деп ойлайды.
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 июля 2010, в 14:23:11
        мәселе олардың не ойлағанында емес шығар… мен де америкалықтар туралы тым өрескел ойлаймын, бірақ көп көзкөргендердің айтуынша америкалықтардың көбі ең консервативтік, дініне берік адамдар деп естіп жатамын… кинодағы ашық-шашық сен айтқан образдар америкалықтар туралы түсінігімнің тіптен төмен екенін ғана дәлелдейді… Ал Қазақстанды еуропалықтар тек қана мұнайлы, авторитарлық режимдегі Бораттың фильміндей ел деп қабылдайды… :)
        ответить
        • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 03 июля 2010, в 15:26:35
          Бораттың фильмінен хабарым жоқ екен :-)))
          ответить
  • Жанерке Джарболова Жанерке Джарболова 03 июля 2010, в 15:17:17
    бір жақты ойлау немесе бірбеткейлік принципті қолдау, алға қойған мақсатқа жетудің қиын жолы деп ұғыну керек. Мақсатты арманға айналдырмас үшін жан-жақты, кең қимылдарға қол жеткізу лазым.
    ответить
  • МАFЖАН ЫБЫРАЙ МАFЖАН ЫБЫРАЙ 06 июля 2010, в 20:56:31
    Тек қана деген ұнады Бірақ бұны айту үшін қазақтың рухы еркін болуы тиіс.Ешкімнен қорырпауы тиіс!!!
    ответить
  • 123 321 123 321 12 июля 2010, в 14:48:27
    қайырлы күн!менің пайымдауымша, ұлтаралық мәселе болып табылатын, осындай өте сезімтал және нәзік сұрақты көтермес бұрын, біз өз арамыздағы, қазақтар арасындағы бірлікті нығайтуымыз абзал. осы маңызды сұрақ шешуін тапқан бойда, Қазақстанды мекен еткен өзге ұлттар өздігінен-ақ "қазақ" болып кетеді.ал ол үшін, Ерке, Сіз сияқты қандастарымыз ру, тайпаға бөлінуін доғару қажет!!!ЕЛ МҮДДЕСІ, ҚАЗАҚ МҮДДЕСІ деген ұғымдар әр қазақтың жүрегінде болуы тиіс.назарларыңызға рахмет!
    ответить
    • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 12 июля 2010, в 14:55:25
      Біріншіден. Мен ру, тайпаға бөлінген жоқ сияқты едім. Екінші айтарым: бізде бірлік жөнді қалыптаспай келеді. Сол себепті мұндай мәселенің шешілуі екіталай.
      ответить
      • 123 321 123 321 12 июля 2010, в 15:06:33
        КІШІ ЖҮЗДЕР ЖИНАЛЫҢДАР — онда осы бір топтың құрылуы мен оның құрамына сенің кіруіңді қалайша түсінуге болады?!
        ответить
        • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 12 июля 2010, в 15:15:45
          Әңгіме қайда жатыр десеңші. Ол қауымдастықты құрған мен емес қой. Онда тіркелгенде не тұр? Алыс-жақын елдерден туыс-жарандарым табылып қаларма деген үмітпен тіркеліп, өз елімді жазып қалдырған шығармын, қайдан білесің. Ол қауымдастықты қандай мақсатпен жасағанын Жалғас мырзадан сұрап білсеңші.
          ответить
          • 123 321 123 321 12 июля 2010, в 15:34:46
            бұл жәй ғана әңгіме емес, бұл өте күрделі және маңызды сұрақ…
            ответить
            • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 12 июля 2010, в 15:42:41
              Менің жауабым қанағаттандырмай жатыр ма сізді?
              ответить
              • Ерке -/-/-/-/-/- Ерке -/-/-/-/-/- 12 июля 2010, в 15:44:28
                Әттең қолымның тимей жатқаны. Сұрағынызға ойымды жинақтап қанағаттандырарлық жауап жазар едім.
                ответить
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 23 октября 2010, в 15:43:37
    Тек қана қазақтың мүддесі деп айқайлаудың қажеті жоқ! Бұл жағдай жәй ғана өздігінен жүріп отыруы керек. Ол үшін кез -келген мемлекеттік қызыметте, басшылық орындарда отырған азаматтардың ұлттық рухы жоғары болуы керек. айқай шусыз қазақтың мүддесін қорғай отырып шешу керек. Сонда ғана қазақтың рухы асқақтайды. Ал қазіргі жағдайда мммм қиын…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 17 января 2011, в 01:53:40
      «Айқай-шусыз» деген сөзің ұнап тұр. Шынында да ддүрліктірмей, еш ұрансыз, нақты істер атқару керек.
      ответить
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 17 ноября 2010, в 15:51:15
    Тек қазақтардікі… Дұрыс қой, бірақ, болатын, болуы мүмкін дүниелерді айтуымыз керек сияқты.Қазіргі кездегі әр қазақтың басты мақсаты: жаһандану жалынынан ұлттық болмысымызды сақтап қалу болуы керек. Қазіргі қазақты сақтап қалу. Асан қайғы заманындағы емес…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 17 января 2011, в 01:55:53
      «Жаһандану заманында ұлттық болмысымызды сақтап қалу» деген идеяны түсінетіндер бар екеніне қуанып тұрмын. (Қуанып тұрған смайлик)))
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться