Сообщества  >   Әлем бесігін тербететін жан- АНА  >   Ана туралы ақын-жазушыларымыздың айтқандары

Ана туралы ақын-жазушыларымыздың айтқандары

rss Әлем бесігін тербететін жан- АНА 4 июля 2010
Madina Torgayeva
 

Жас ананың әндері

 

Күнім де сен, бөбегім,

гүлім де сен, бөбегім.

Әлдилеген анаңа

күлімде сен, бөбегім!

Айналайын, бөбегім,

аймалайын, бөбегім.

анашыңның гүлі боп

жайна дәйім, бөбегім!

Бал түндерім, бөбегім,

салсам – әнім, бөбегім.

Сені аялап таңдарды

қарсы аламын, бөбегім.

           *             *           *

Құлыншағым, сөйледің!

Шықты – ау тілің!

Жарығым, құйттай күнім!

Тіліңдегі «ападан» басқасын мен,

айым – ау, ұқпай тұрым!

Айдындаймын сүйетін жалғасын күн,

өзіңмен дара шыңмын.

Былдырлаған сенің бұл сөздеріңде

тілі бар анашыңның.

Өзің барда үзіліп қалмас әнім,

түнімді таң жасадың.

Сенің титтей жүрегің, тіліңменен

ертеңге жалғасамын.

Фариза Оңғарсынова

Теги: ана


1878
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 05 июля 2010, в 11:44:13
    ке-ре-мет… мені аяңдаршыыыы, сағынта бермей :))))
    ответить
    • Madina Torgayeva Madina Torgayeva 05 июля 2010, в 12:16:47
      Анаң алыста еді ме? Аяяяяяп кеттім ғо…
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться