Ана туралы

rss Әлем бесігін тербететін жан- АНА 8 июля 2010
DJ __
 

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(М. Мақатаев)

 

Анам менің – аялаған ақ гүлім
        Анам менің – бақытым мен шаттығым
        “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
        Неге ғана естімеген тәтті үнін
        Анам менің – өмірдегі тірегім
        Анам менің – кеудемдегі жүрегім
        Егер менің қасымда сен болмасаң
        Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

 

Ана туралы

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В.Г.Белинский

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.
В.Гюго

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
О.Бальзак

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А.Тұрмағамбетов



106518
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 08 июля 2010, в 22:58:56
    жақсы таңдалған сөздер мен өлең екен :)
    ответить
    • DJ __ DJ __ 08 июля 2010, в 23:04:18
      адамдарды айтам да, қалай өлең шығарады екен. Мен бір рет көріп едім, миыма ешнәрсе келмей қойды.
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 08 июля 2010, в 23:04:57
        менікі де сенікімен ұқсас жағдай… :)
        ответить
        • DJ __ DJ __ 08 июля 2010, в 23:06:46
          иә, екеумізге бұл өнерді бермеген ғой. Өкінішті. Кейде бір шабытын ұстап жазғың келеді. Бірақ сен жаза алуың керек қой, журналист емеспісің.
          ответить
          • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 08 июля 2010, в 23:08:11
            жаза алуым керек… бірақ жазып та қатырамын деп айта алмаймын :)
            ответить
            • DJ __ DJ __ 08 июля 2010, в 23:11:15
              үйрену керек
              ответить
              • имя фамилия имя фамилия 14 июля 2010, в 17:15:10
                Анаға деген махаббат журекте, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
                ответить
                • DJ __ DJ __ 14 июля 2010, в 17:20:17
                  Рас айтасын
                  ответить
                  • имя фамилия имя фамилия 14 июля 2010, в 17:23:39
                    Ал, өлеңге келсек, ия, әрине ол кез келгеннің қолынан келестін іс емес, бірақ адамдар көңілін тебіренткен жылы лебіздерін жүректен шыққан керемет сөздермен білдіре алады.
                    ответить
                    • DJ __ DJ __ 16 июля 2010, в 23:27:33
                      Бірақ сол сөздерді өз уақытында айта алмай, өкініп жүретіндер көп емес па?
                      ответить
                      • имя фамилия имя фамилия 17 июля 2010, в 00:16:29
                        ия, ондай жағдайлар баршылық
                        ответить
  • Руслан Керимбаев Руслан Керимбаев 22 ноября 2010, в 04:46:00
    Ия, арине 1-ша Алланы(Ж.Ж),2-ши Паигамбарымызды(С.А.С), содан сон анамызды, акемизди суйуимиз керек…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться