Сообщества  >   Жаңа Қазақстан  >   Қазақ жері

Қазақ жері

rss Жаңа Қазақстан 5 июля 2010
DJ __
 

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қандырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.

Мұқағали Мақатаев
25-желтоқсан, 1974-ж.



1366
  • Айя ***** Айя ***** 03 августа 2010, в 16:17:37
    тамаша
    ответить
  • Lee Seung Gee Lee Seung Gee 09 августа 2010, в 23:16:44
    не деген тамаша туынды
    ответить
  • Нұржан ТАМА Нұржан ТАМА 17 августа 2010, в 00:32:06
    Мұқағалидан асқан ақын кемде-кем!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться