Сообщества  >   КазНет  >   Қазақша интернетті дамыту туралы...

Қазақша интернетті дамыту туралы...

rss КазНет 14 июня 2010
Жалғас Ертай
 

Кішкене адасып кеткенге ұқсаймын. Бірақ,осы қауымдастыққа жазуды жөн санадым. Соңғы уақытта Қазақстандық интернет қолданушылар қатары үздіксіз көбейіп келеді. Соңғы сәуір айының қорытындысы бойынша қазақтелекомның мегалайн қызметін тұтынатын қазақстандық интернет қолданушылар қатары 500 мың отбасыны құрапты. Бұл 1,5-2 млн жуық потенциалды инет қолданушы деген сөз. Тек қана мегалайнерлер.

Соған орай мегалайнның аймақтарда да қарқынмен дамуымен қазақтілді аудитория қатары және қазақтілді аудиториның сапалы контентмейкерлерге қоятын сұрақтары мен талаптары барған сайын көбейіп отыр. Ал қазақша контент пен сапалы сайттарды жасаушылар бұл нөпірге қажеттісінің бәрін беріп жатыр десек, тым артық айтқандығымыз. Себебі, қазақтілді интернет кеңістікте бар-жоғы 300-ге жуық қана сайт болса, олардың 15-20 пайыздайы ғана белсенді болыр отыр.

Ал контентмейкерлердің көбісі қарапайым блоггерлер болып отыр. Қазақ тілінде 100-ге тарта белсенді және ара-тұра белсенді блоггерлер бар. Және бірнеше әлеуметтік сайттар. Қазақтілді сайт және контент жасаушылар көбіне таза энтузиастар болып келеді. Өз әсерлері мен статистикалық қуаныш үшін ғана жұмыс істеп, өз еңбегінің тиісті жемісін көре алмай отырған.

Бұл және өзге де сырлары туралы қазнеттің қазақтілді бөлігінің белсенді блоггері және сайт жасаушысы Аршат Оразовтың блогында қызықты пост жарияланыпты. Соған сілтеме - мынау:  http://blog.arshat.kz/epti-bajymajd-baqty-bajid-nemese-qazaq-interneti-nege-damymaj-zhatyr.html



519
  • Серик Омаров Серик Омаров 20 августа 2010, в 23:26:30
    Қазақша интернет технологияны дамыту үшін, ең алдымен "қазақшаны" түзеу керек. Аударымдарды бей-берекет жасамай бір қалыпқа түсіру қажет. «Балконды» "қылтима", лоджияны «жайылма» деп аударулар сияқты, космос, аэроплан сияқты халықаралық терминдарды аударудың еш қажеті жоқ, кайта оларға балама жасаймыз деп, тілді ауырлатып жібереміз. "Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарсаның" кері болмаса екен. Номад
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться