Сообщества  >   Еркін Нұржанов-елдің ерке аншісі
Еркін Нұржанов-елдің ерке аншісі
Владелец

Участники (23)

все
░Ta Ab▓ Бегалы Мұқыш Мugalim * ABATENOK OFFICIAL Куралай Аманкосова Айдос Лескенов Шынгыс Кожаханов Берик Жумаханов Saltanat Abisheva Nuraika Abilkasim

Еркін Нұржанов-елдің ерке аншісі

«Жүйріктен жүйрік озар жарыстырса» дегенді атам қазақ білгендіктен айтқан. Ол ән салғанда жүрегінен шыққан үн бойыңызды шымырлатып, жүрегіңізді қозғап, жаныңызды рахаттандырады. Бар махаббатын үніне жұмсағанда. Өмірге деген құштарлық та, елге деген құрмет те, әнге деген ғашықтық та үнінде. Әнші жігіттің дауысының кеңдігінде мін жоқ. Алайда ол өз табиғатына сай, әнді зор дауысқа салмайды. Қайта сезім шынайлығымен, жүрек дірілімен тыңдаушы көңіліне тұнық сыр құяды. Әнмен бірге жан дүниеңде мөлдір сағыныш пайда болады. Әсерің жұлқыланбайды. Эмоцияға салынбай- ақ, елтең- селтең қимылдарға «бағынбай-ақ» көрерменнің көңілінен шығып жүрген сыршыл, сымбатты да, байсалды, сері жігіттеріміздің бірі әнші Еркін Нұржанов. Еркін Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабас ауданы, Шұбар елді- мекенінде 1983 жылы, желтоқсан айының 12 жұлдызында дүниеге келді. Қарапайым отбасының жалғыз ұлы. Өзінен кейін Жанел есімді 1987 жылы туған қарындасы бар. Әкесінің есімі Қамбар, анасы- Баян. Анасының мамандығы- ұстаз, әкесі - жүргізуші. Еркіннің бос уақытындағы сүйікті ісі – тыныш жерде отырып, өлең шығару. Жастайынан бастап айтысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған азамат, қазір өз өнерін жалғастырып келе жатыр. Оның орындайтын әндерінің жартысын өзі шығарған. Мысалғы: «Қызғанамын», «Бақытты бол», «Ақ ерке жаным»және т.б Студент кезінде домбырамен ән айтып, «Студент көктемі» фестивальі болсын, басқа да мәдени іс- шараларға міндетті түрде сахнаға домбырамен шығатын. Еркін бір сөзінде «Адам болған соң кейде оңаша қалғанда жабығасың, ойға батасың. Сондай кездері қолыма домбырамды алып, ән айтамын. Көңілім босап, көзіме жас та аламын. Домбыра – менің сырласым, әрі мұңдасым» деп айтып кетті. Домбырамен ғана шектелмей сырнайда, гитарада, пианинода сүйемелдейді. Әдемі әндерімен жұртшылық назарына бірінен кейін бірі ұсынып, аз уақыттың ішінде қазақ эстрадасынан өз орнын тауып үлгерді. Тыңдармандардың Еркінге деген ыстық ықыластары ерекше. Гастрольдық сапардағы Жанел мен Еркіннің « Ана- Әке » әнін халқына тарту етуі. Еркін өте ақкөніл, бауырмал, қарындасына қамқор аға, ата-анасының сүйікті де, қайратты жалғыз ұлы. Сахнада өзін қатты ұстағанымен, өмірде өте көңілді, әзілқой жан! Еркіннің ең асыл арманы- «өмірге адам болып келген соң, сол атына сай өмірден де адам боп өту. Абай атамыз айтпақшы, дүниенің кетігіне бір кірпіш боп қаланып, еліне қызмет ету!!!» Еркін дегенде көп қыздардың жүрегі алып ұшатын сері жігітіміз 2010 жылдың қараша айының 27 жулдызында шаңырак құрды. Көптен күткен қуанышына бөленді. Жары Аягөз 1988 жылы Тараз қаласынында дуниеге келген, уйдің жалгыз қызы! озінен улкен ағасы және інісі бар екен. Танысқандарына 4 ай болған жастар, бір бірін тез түсініп, ұғынысқан жандар. Махаббат мезгілсіз келеди, сәтімен түседі деген осы!
Тип: Клуб
Категория: Музыка

Альбомы (1 альбом)

Видеоальбомы (0 видеоальбомов)

Стена (0)