Сообщества  >   Абай тағылымы және қоғам  >   Адамзатқа не керек?

Адамзатқа не керек?

rss Абай тағылымы және қоғам 22 августа 2010
ММ Ахметов
 

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті -
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Адам баласы адам баласынан — ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап, алдар бірақ,
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

Адам бір — боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боларсың өлсең тағы.
Менімен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздікбелгісі– ол баяғы.

Атымды адам болған соң,
Қайтып надан болайын.

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа,
Адамды сүй, Аллаһтың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!



924
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться