Сообщества  >   Абай тағылымы және қоғам  >   Сен де сүй Аллаһты жаннан тәтті!

Сен де сүй Аллаһты жаннан тәтті!

rss Абай тағылымы және қоғам 22 августа 2010
ММ Ахметов
 

Жас – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Аллаһты жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және Хақ жол осы деп әділетті.

Аллаһ ішіңді айтқызбай біледі ойла,
Пендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!

Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.

Жартылай мұсылман — жарты адам,
Толық мұсылман – толық адам.

Жаратушы тұрғанда жаратылыстан не сұрайсың?

Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен.



350
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться