Сообщества  >   Күнделік-жыр  >   Адасу

Адасу

rss Күнделік-жыр 2 августа 2010
Айя *****
 

Адастым,

Сезімдердің ішінде,

Сеніп едім махаббаттың күшіне.

Бұлтсыз аспан секілденіп бұл дүние,

Тайқазандай еді мына дәу жүрек,

Сыйғызардай бар асылды ішіне.

Жоқ бұл әлде түлкідейін түсім бе,

Келіп қалған сәтті күннің үшінде.

Адасудың ішінде мен адастым ,

Келіп қалып жүрегіме аттас мұң,

Түсіретін барлығын өз күшіне.

Ақын жанның адасуы бір сәттік,

Сағат таңғы бес жарымның кезінде.



295
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться