Сообщества  >   Күнделік-жыр  >   3 жыл бұрын жазылмаған жыр

3 жыл бұрын жазылмаған жыр

rss Күнделік-жыр 2 августа 2010
Айя *****
 

3 жыл бұрын жазылмаған жыр

                                                                                                                                                

Неге мені сезімнен жұрдай қылдың,

Тәкаппарлау мінезді қызын қырдың.

Еңсемді түсірмей жүруші едім

Жүрсемдағы шетінде көпір-қылдың.

 

Сол кезде шаттыққа мол ерке едім,

Еліктей Сарыарқада еркеледім.

Жыр жаздым тұп-тұнық судай мөлдір

Мен сені ертегіге ертер едім.. .

 

Күн нұрына таңертең шомыламын,

Кей жандарға Айкерім, Шұғыламын.

Неге мені сезімнен жұрдай қылдың

Үш жылдан соң мен мүмкін ұғынармын.

 

Ұғынармын, кім білсін, жығылармын,

Перісіне айналам ба, мұңлы зардың?

Ағын су боп ағам ба, сабыр, салқын?

Арасынан ағатын тек құздардың

 

Сөз соңы:

 

Кім болайын, мейлі мен күң болайын,

Көкте көркем арайлы күн болайын.

Үш жыл бұрын жазылмаған бұл өлеңді,

Бір өзіңе оқыған үн болайын...



234
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 августа 2010, в 11:03:11
    бір өзіңе оқыған үн болайын… мен бір жерде естіген сияқтымын осындай қатарды, не оқыған сияқтымын :)
    ответить
    • Айя ***** Айя ***** 03 августа 2010, в 14:47:40
      білмедім, өз басым бірінші рет өзімнен оқып отырмын
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться