Сообщества  >   Күнделік-жыр  >   Шамшырақ

Шамшырақ

rss Күнделік-жыр 2 августа 2010
Айя *****
 

Шамшырақ

 

Қос жанарым іздеп сені көшеден,

Қараңғыда шамшырақтай өшем мен.

Таба алмасам көк теректі Көкшеден,

Білесің бе? Жанбай жатып өшем мен.

 

Шыға алмай белгілі бір өлшемнен,

Қалай ғана, айтшы енді, өсем мен.

Бар өмірім абстрактылық құбылыс

Саған жазған жырларыммен өлшенген.

 

Арманым жоқ, адал жолда өлсем мен,

Шабыт алсам өзің менен өлкемнен.

Қапа болман алғашқысы болмаса,

Нәр алармын жаңа шыққан өркеннен.

 

Саған деген расында да көп өкпем,

Келсе дағы қалың елге бұл көктем.

Алға тартып сүйретуден шаршадым,

Ауырып тұр жүрегім мен қос өкпем.

 

Жалғыз емес, қалам анық көппенен,

Не тілейін кештеу келген көктемнен?

Шамшырақтар еш уақта да өшпесін,

Қараңғылық тал бойыңа өткенмен.

25.03.2010 жыл



253
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться