Сообщества  >   Күнделік-жыр  >   Сен және мен

Сен және мен

rss Күнделік-жыр 2 августа 2010
Айя *****
 

   

Сен және мен сыршылдықтың үлгісі,

өмір менен қатал тағдыр күлкісі.

Сен және мен аяғы жоқ бір дастан,

жазып жатқан өмір бойы «бір кісі».

 

Сен және мен қос шынармыз ежелден,

асып кеткен сағат белбеу межеден.

Сен және мен шешімі жоқ бір жұмбақ,

Келмейтұғын, өткізуге ежеден.. .

 

Сен және мен арамызда шексіздік,

іште дауыл, ал арада үнсіздік.

Сен және мен бәлкім бірге болмаспыз,

сел сезімге туындаттың сен күдік.

 

Сенген едім, өмірлік бұл сезім деп,

алдап кетті сері-сезік мені тек,

махаббатқа енді қайтіп сенейін.

Енді қайтіп жүрек оны сезінбек?! 

25.03.2010 жыл



1039
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться