Сообщества  >   Күнделік-жыр  >   Ғашық екем

Ғашық екем

rss Күнделік-жыр 2 августа 2010
Айя *****
 

Көзім шалды бір жанды, қарағанда айнаға,

Көзден жақұт шашылып, нұр төгіп тұр айнала.

Көрмегендей қиындық, жан дүниесі тұп-тұнық

Кербез сұлу нақ өзі, көз тігіп тұр айнаға.

 

Таныс болып көрінді жарқын жүзді бұл адам,

Орынымнан қозғалып жасадым мен бір қадам.

Сырт кейіпі, жаны да өзгергендей толықтай

Жақынырақ қарасам, екем өзім, о, Аллам.

 

Тарағымды тастай сап, телефонға жүгірдім,

Ғашық екем шынымен, соны ғана ұғындым.

Смс-ті жазғанда, екі-ақ шумақ төгілді,

Саусақтарым дірілдеп, жаза алмай жығылдым:

 

Жүрегіме қатқан мұзды еріттің,

Қыспен құрбы қызды жазға еліттің.

Жаз жайлауға шыққаннан соң қыстақтан

«Жаным» деген жылы сөзге еріппін.

 

Кісікиік қылығымды жоқ қылдың,

Сөнер шоқты, қайта үрлеп от қылдың.

Тәкаппарлау мінезімді түзетіп,

Жазған жырды пулеметтік оқ қылдың, -

 

Жаздым соны не дерімді түсінбей,

Таң атқанда келген әлде түсім бе ей?

Жазылғанға өтсем болды өкінбей,

Сүйгеніме сол бір жанды күсінбей.



287
  • Самат Жандильдин Самат Жандильдин 13 октября 2010, в 19:39:51
    Мен өлең жаза алмаймын, бірақ поэзия ұнайды, оқыған, тыңдаған д.с. Жалпы сөз саптауыңыз, идея өте тамаша. Лирика…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться