Көктем еді...

rss Ғашықтық сезімін айшықтайтын жүрек жыры 16 августа 2010
Нұржан ТАМА
 

Көкек пе еді..?
Ақ жауын да қоймап ед төпеп тегі.
Бір қолшатыр астында болып едім,
Сырттай ғашық арумен «жетектегі» ?!

Көктем еді.
Бүршік жарып гүл сезім көктеп еді.
Асау сезім тұсауын үзіп кетіп
Жамау жүрек жіптерін сөккен еді.

Ғашық едім,
Іштегіні айта алмас жасық едім!
Көктем түгіл күзде алғаш көргенімде-ақ
Шабыт шауып, жыр нөсер тасып еді.

Жаңылыспа,
Асау сезім, сен оған алып ұшпа.
Шын сүйгенім емес пе бұл егерде -
Ұласса отқа оранған сағынышқа!

Елер ме екен,
Арасынан көп ердің нелер бөтен..?
Киіп алып кебінін батылдықтың
Кездесуге шақырсам келер ме екен?...

 

Нұржан Туғанбай



437
  • Галия Сериккызы Галия Сериккызы 11 октября 2010, в 16:29:01
    tamasha! olen kurylysy ozgeshe. uıkastary da shyırak keremet tuyndy eken! shabytyna shabys,talabyna tabys tıleımın Nurzhan bauyrym!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться