Түн...

rss Ғашықтық сезімін айшықтайтын жүрек жыры 16 августа 2010
Нұржан ТАМА
 

Түн.
Салкын леп.
Айлы аспан,
Жулдыздар жымыңдап жайғасқан.
Сыр шертіп келеміз тас жолда,
Қадамын адымдап жай басқан.

Теңіздей сезімім толқыды,
Жағаға соғады толқыны.
Ынтықпын,құштармын мен оған,
Білмеймін сезе ме ол мұны.

Жеткізіп сезімді сайра ақын,
Айтуға жете ме қайратым.
Тал бойын теңесем қайыңға,
Ақ жүзі ұқсайды айға тым!..

Нұржан Туғанбай



293
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться