Нургуль Токаева  >   Ақын махаббаты

Ақын махаббаты

rss Нургуль Токаева 9 августа 2010
Нургуль Токаева
 

 

Қалың қою орманның жамылғысы сондай айлы түн болғанымен қап – қараңғы. Тек қана ағаштардың үстіңігі жақ кейбір бұталары арасынан жарқ-жарқ еткен жұлдыздардың елестері сезіледі.

Тек қана екі адамның бейнелері осы орманға сай келмейтіндей....

Енді біреуі күрсініп бұрыннан бастаған әңгімесін жалғастыра бастады:

— Осылайша екеуіміз таңыстық. Бірақта бір бірімізге жүрегімізді ашуымыз әуел бастап екеуімізге де қиын болатын. Тек қана оның образы әрқашанда менің жүрегімде болатын, кімге қарасам да оны көретінмін, оның күлкісі әрқашанда құлағымда сыңғырлап тұратын… Осылайша біз екеуіміз жүректерімізді айырбастадық… Осылайша біз екеуіміз жүректерімізді айырбастадық.....

Бейтаныс тағы да бір рет күрсініп алып, әңгімесін одан әрі өрбетті:

— Бірақта біз танысқан күннен бастап мен осы біздің махаббатымыздан түк шықпайтына көз жеткіздім… Бірақта жүрегім осыған сенгісі келмеді. Оның ата-анасы мені жек көрді, менің адал махабатыма сенбеді… Оны басқа біреуге айттырды. Иә дұрыстап қарасам ол оған жақсы жар болар еді, бірақта менің жүрегім жараланды… Ал ол болса менімен қашып кетіп ата-анасына қарсы шығуға дайын болатын. Бірақта сол кезде менің де ақшам болмай, осындай қиындықты мойныма алғым келмеді, мен маахаббатыма деген көзқарасым өзгерді, мен оны бақытты қылалам ба деп күмәндандым… мен оның өмірінен кеттім… Көп уақыт оны ұмыталмай жүрдім, бірақта өзімді қолымда ұстадым… Кейін оны сезбей қалдым. Жүрегім жылағанымен уақыт өз жұмысын істеді… Мен оны ұмыта бастадым… Өмірім қалыпқа келе бастады… Сол кезде ішімдікті салындым...  Бірақта бір күні Оны қасымнан сездім ол өзінің алақанымен мені бетімнен сипап өтті, оның махаббаты соншалық өзіме келдім. Осылай ішікенді қойып, қаламды тағы да қолға ұстай бастадым… Сол кездегі жазған өлеңдерім маған тек танымалдық қана емес, сонымен бірге ақша да әкеле бастады, бірте бірте мен байыдым… Ақшам мол болды, тағы да жүректің жалғыстына байланысты араққа оралдым… Сонда тағы да оның дауысы құлаққа кірді… Күлкісі мен бейнесі көз алдымнан кетпей қойды… Сонда тағы да жиналып ақшамды жинап оған барып, оған да әке шешесіне де мені меңсінбегендерін көрсетейін деп жігерімді жинап ол тұрған қалаға аттандым....

Әңгімелеушінің көз алдына жас келіп, дауысы да қарлыға шықпай үні де сыңғырлай бастады.

— Қаласына келсем біріншіден үйіне аттандым… Бұдан бұрын жайнап тұрған үй қараусыз сияқты. Әйнектері жабулы болғанымен есіктері ашық. Бірақта бұл үйде ешкім тұрмайтындай… Барлығын шаң басып, қап-қараңғы… Жүрегім селк етті… Үйіне жігіріп кірдім… ешкім жоқ. Даласына шықтым… Ағаштың түбінде әкесі отыр екен. Қартайып кетіпті, шашы аппақ. Арақ ішіп отыр екен.

— Ооооо күйеу бала өзің келдің бе? Неге келдің? Енді менің жаным керек пе? Ала бер маған енді ештене керегі жоқ- деп бала сияқты жылай бастады… Мен қасына барайын деген кезде ол басын көтеріп, тағы да маған сөз қатты.

— Өз ажалына өзін келдің мен сені көп күттім, дей бастап қалтасынан қаруын алып шықты. Соңғы естігенім бір әйелдің ойбайлап айқалғаны.

Келесі көз ашқаным больницада болды. Сондағы менің кереуітімнің қасындағы екі медбикенің сөйлеген сөзі жаныма тиген оқтан ауыр болды:

  • Иә обалай, осының кесірінен бір жан-ұйяның бүкіл өмірі қиылды.
  • Ол қалайша?
  • АА иә сен білмейсін ғой. Мына ақын біздің қаламызда бұрын тұратын да және де оған қайтыс болған марқұмның қызы ғашық болатын, Кейінен ол оны тастап кеткен, ал ата анасы қызды басқаға берген болатын, бірақта қыз оған шыдамай, неке қию рәсіміне бір күн қалғанда өзіне қол жұмсаған болатын. Жетісін бермей анасы да қайғыдан жүрегі шыдамай қайтыс болады. Марқұм әкесі ішімдікке салынды, өзіне өзі қол жұмсамай қалай әлі шыдап жүргені енді ғана түсінікті осы ақыннан кегін алғысы келгені ау, байқұс, қара жер қабар бермесін....

Больницадан екі ай өткесін ғана жазылып шықтым. Жанымның әкесі ең әуелден маған оқ жаудырып, кейін өзіне атқан болатын. Менің осы өмірде сүргім келген жоқ еді, әрең ғана өмірге жаңадан келдім, ол да тағы да көз алдыма жаным келіп, бетімнен сипағандай болды… Бұл маған бір леп бергендей болды....

Екі жолаушы тағы да көп уақытта дым қақпай қалды. Бірақта көп ұзамай әңгімелеуші тағы да үн қатты:

— Ол маған неке қию тойының алдына бір күн қалғанда звондаған болатын, әке шешесі біз екеуіміз бірге болумызға рұқсатын бергені және ол тек қана мені сүйетіні туралы айтқан болатын, ал мен оған намысыма тигеніне байланысты сүймеймін де ешқашан сүйгенім жоқ деп жауап қайтарған болатынмын… Ал оның махаббатын мен әлі күнге дейін сеземін, күнделікті таңертең оянғанда ол менің қасымнан бетімнен сипап қайырлы таң айтқанын сеземін..... 



228
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 10:09:34
    :((( Жылап жібере жаздадым ғой… Мынай Келін фильмінің сценарийі емес па?
    ответить
    • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:12:42
      носовой платок берейін бе? жок әрине жок бұл киносценарий емес? бұл жай өмірлік елес деуге де болады…
      ответить
      • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 10:16:56
        неге жазғандарыңның көбісі осылай аяқталады? Хэппи-енд деген қайда? Мен қазір ақын мен махабаты қосылатын шығар деп отсам… Носовой платогынды өзіңе алып қала бер…
        ответить
        • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:19:53
          да лан шелковый надушенный гой)))) өмірде барлығы ертегідей бола бермейді гой, ал хәппи енд жай гана оқырмандарға жақылыққа сену үшйн қажет, осындай шығармалар көп қой, ал мен осылай аяқтауымның себебі ең біріншіден адамды ойландыру мақсатымен…
          ответить
          • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 10:23:41
            вот именно. Өмір и так-то г**но, оқитынымызда сол болса, уашпе жаман ғой… Хотя бы кітаптың бетінде жақсы болса, сондай өмірге тырыспаймыз ба… Ладно, менің басым ауырып тұр… Кеше таңғы 3-ке дейін қыдырып, таңда азар тұрдым…
            ответить
            • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:26:07
              тағы да пиво іштіңіз бе? мені ызаландыру үшін соны жазасыз ба?
              ответить
              • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 10:31:47
                оййй, араласып кетті бәрі… сырадан бастадым… ;) Неге ызаланасыз? Кейіпкеріңіз ішкесін, мен де ішейңн дегенім ғо…
                ответить
                • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:34:38
                  мен сізге ана жолы қойыңыз деген едім ғой,,, ал кейіпкермен сіз кеше сағат таңғы 3 әлі таныс болған жоқсыз
                  ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 09 августа 2010, в 10:18:36
    голливуд фильмдеріндегідей бағытта өрбігені қызық екен… :) бірақ, сэжеті әсерлі шығыпты. Сенің соңғы абзацқа әңгіменің бүкіл мағынасын жасыруға тырысқандығың көрініп тұр… бірақ, сол мағынаның өзі сәл түсініксіздеу болып қалған ғой деймін :)
    ответить
    • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:24:09
      дұрыс түсінбедің, керісінше, ақын барлығын өзін бұзды, ал қыздың махаббаты оған өмірден де кейін нәр беретін нәрсе
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 09 августа 2010, в 10:27:08
        ааа… мен ақын не үшін соңғы абзацта жазылғандай жасады екен деп ойланып отырып, мыйыма ештеңе келтіре алмай отырмын… мүмкін, себебін өзің айта саларсың? өйткені, әңгімеде келтірілмепті :)
        ответить
        • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:31:14
          намыс намыс тек қана жай кеуде көкірек
          ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 10:48:52
    Бақай жырлағандай енді «Кім кінәлі»? Ақынның 3 адамның өмірден кетуіне түрткі болуына байланысты кінәлі ме бе? Әлде, қыз мойнына күнә алып, өзіне қол жұмсауы дұрыс па? Өмірде болатын уақиға десеңіз сенбес едім…
    ответить
    • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:55:26
      агентіңіз бар ма еді? мен сізге қалай болуы мүмкін екеніне көз жеткізер едім…
      ответить
      • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 10:56:26
        қорқытқаныңыз ба?
        ответить
        • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 10:59:02
          ))))) әринеее жоқ, жай кейбір нәрселерді барлығына жайып саалу дұры емес деп санаймын, сондықтан да жеке адресіңізді сұрағаным ғой)))) қорқытуға сондай құбыжық емес пін ғой, мен аппақ және мамықпын)))))
          ответить
          • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 09 августа 2010, в 11:02:05
            аааа, өкінішке орай, агент-шмагент дегендерді қолданбаймын… Әсіресе, кешкі 6-ға дейін… Қазақша жазғандарыңыз көп пе? Осында шығарыңыз, оқиық. Өзіңіз жақсы жазады екенсіз…
            ответить
            • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 09 августа 2010, в 11:08:48
              ))) рахмат) орысшаларымды оқып көріңіз, постарымның ең біріншілері, ал қазақша жазғаным мұнда қазақ тіліне қарағанда орысша жазылғандары басым болғандықтан.
              ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться