Нургуль Токаева  >   шаһар

шаһар

rss Нургуль Токаева 12 августа 2010
Нургуль Токаева
 

Күн шыжыған. Шөлді дала, айнала аппақ тұз басылғандай.

Жалайыр қолындағы кітабын жүрек тұсына одан да қатты басып алды. Аяғына тұрып, ары қарай баса бастады.  Жүрегінің лүпілі бүкіл қоршағанын басып кеткендей сезіледі… Бірақ уақыт өте келе алдынан елес көрінгендей аяқ астынан бір қала пайда болды… Тадж-Махалдың сұлулығына тағ қалған адамдар, осы қаланың әсемдігіне аң таң қалар еді.....

Қала қақпасына келген Жалайыр өз көзіне сене алмады. Бұл қандай елес, не басына күн тиіп енді аурып жатқаны ма? Бірақ алдынан екі сақшы шыға келді. Қақпаны Жалайырдың алдынан ұқыпты етіп ашып берді. Жалайыр еш айтпай қалаға кірді.

.................................................................................................

Қала бойын аралағаны қанша болғанына Жалайыр өзі де айта алмас еді, бірақта аспанда бірінші жұлдыздар көріне бастады. Кенерт алдынан жүгіріп бара жатқан қыз шыға келіп, оны жолдан қағып жіберді, қараса артынан екі сақшы қуып бара жатыр.Жалайырдың жүрегі бірденені сезгендей түйірілді. Ол Сақшылардың алдына тұра қалды. Сақшылар осындайға үйренбегендіктен бе, әлде Жалайырдың бет жүзіндегі шиеліністі сезгендей тұрып қалды.

  • Әй, сен саған не керек? Жолымыздан аулақ кет.
  • Қызды екеуін бірлесе қуып бара жатқаңыз не?
  • Сенің жұмысын болмасын, ол қарақшылардың басшысы, жібер бізді.

Жалайыр аң таң болып қалды. Сақшылар қыздың артынана әрі қарай жүгіріп кетті. Кенет Жалайыр қолыңдағы кітаптың жоқ екендігін аңғарды. Тұрған жерінен іздей бастады, құлаған кезде құлатып алдым ба деп қапалана бастады. Бірақ үйдің ұстіндегі шатырдан ысқырған дауысты естіді.

  • Әй балақай, бері кел, мынаны іздеп жүрсің бе?

Жалайыр басын көтеріп қараса қашып кеткен қыз екен, қолында кітабы.

Жалайыр оған шыдамай:

-Әй қарақшы кітабімді бер маған, ұят емес пе саған?

— ой қойсайшы балақай, қандай ұят? Сен құлатып алдым, мен тек қана көтеріп, өзіңе бергелі жатырмын ғой))

.........................................................................................................................

Суық күз басталды. Тек қана Жалайырдың ауа райының суықтығына қарамастан істеген бітпеген жұмысы бар еді. Қолына кітабін құшақтаған ол үй-үйді аралап тұрғындарды жинап жүр. Бүгін Ханшаны дарға асу күні. Барлық жұрт орталық алаңға жиналып жатыр, ешкімнің Жалайырға деген жұмысы жоқ.

Жалайырдың көзінен жас аққандай, әлде суық жел желдеткені ма көзі қып-қызыл, өкпесінде реніш...

Бүкіл халық бұрқ еткендей алаңға сапырылып жатыр. Жалайыр шыдамай, дар орнатылған тақтаға көтеріліп сөз сөйлей бастайды:

  • Ағайын, бұларың не? Көздерін жабылып қалды ма? Неге көздерінді төмен қаратып бұл сіздерге қатысты еместей тұрсыңдар? Ханшаның қандай жазығы бар? Сіздерге бола балйарды тонағаны ма? Сендердің қамдарынды жеп Уәзірге қарсы шыққаны ма? Неге мені тығдамайсыңдар? Сендерге яки бәрі бір?

Жалайыр сөзің аяқтаған жоқ, қасынан сақшы келіп қолындағы қылышын сермеді. Жалайыр көзін жұмып, өлім құшағына атануға дайындалды.........

Бірақ түк болған жоқ..............

Көзін ашып қараса, қолында кітабы, ал ол өзінің төсегінде жатыр екен. Сағат таңғы 4. Тым-тырыс. Ешқандай қала да жоқ, сүйгені де қасында емес, шаһар да жоқ… Бұл тек қана түс екен.....

 



148
  • Ернур Мамырхан Ернур Мамырхан 12 августа 2010, в 16:07:01
    Керемет!!Өте қызықты екен!!!
    ответить
    • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 12 августа 2010, в 16:11:10
      рахмат)
      ответить
      • Ернур Мамырхан Ернур Мамырхан 12 августа 2010, в 16:15:27
        Бұл тұнып тұрған талант қой!!Өзбекше сөйлеп қоймадыңыз ғой)))
        ответить
        • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 12 августа 2010, в 16:18:17
          мен өзбек емеспін))) ҚАЗАҚПЫН! үнады ма? фэнкс)))
          ответить
          • Ернур Мамырхан Ернур Мамырхан 12 августа 2010, в 16:22:11
            Иә, бұны тіпті бастауыш сыныптың оқушыларына ұсыну керек!!Қазақ екеніңізді түсіндім! жай рахмат деп))
            ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться