Жаңа сайттың бірінші бетіне өз таңбаңды қалдыр!
-
rss
5 декабря 2011
Команда ON.KZ -
Санаулы күндерден соң жаңа қазақ порталының тұсауы кесіледі. Тәуелсіздік күні қарсаңында жарық көретін жаңа жоба ''Massaget.KZ'' деп аталады. Осыған орай, біз «Жаңа сайттың басты бетінде жариялан!» атты байқау жариялаймыз.
Қымбатты достар! Жаңа қазақстандық портал ашылғанда сіздер де өз таңбаларыңызды қалдыра аласыздар. Ол үшін:
1.Төмендегі тақырыптардың бірін таңдауыңыз керек:
Туған топырағым
Ең көңілді өткен Жаңа Жыл
Естен кетпес Жаңа Жылдық сыйлық
Жаңа Жылдық махаббат хикаясы
Ең дәмді Жаңа Жыл
Мен және сән
Корей толқыны — Интернет феномені
Менің арманым...
Темір тұлпарым
Қазақстандықтардың өздеріне ғана тән спорт түрі бар ма?
Неге қазіргі жастар кітап оқымайды?
Компьютерлік ойындар
Интернетсіз өмір
Менің ең қызықты саяхатым
2. Жеке блогыңызға немесе «Жаңа ON.KZ» қауымдастығына қызықты жазба ілуіңіз керек. Жазбаның санына шек қойылмайды. Жоғарыдағы тақырыптардың бірнешеуіне жазба арнауыңызға әбден болады.
3.Ең үздік жазбаның иесі жаңа ''Massaget.KZ'' сайтының басты бетіне жарияланатын болады.
'Massaget.KZ-пен'' бірге өз таңбаңды қалдыр!
айтпақтайын, Тәуелсіздікке арналған жоба мында www.on.kz/on/community/1141/