ON.KZ командасы  >   Қатарымызға қосылды :)

Қатарымызға қосылды :)

rss ON.KZ командасы 28 июля 2010
ON.KZ командасы
 

Өзіміз уәде бергендей, біздің "Жұлдызды блогерлер" қатары тағы да толығып отыр. Біздің команданың алғашқы атап өткеніндей, тек қана шоу-бизбен ғана шектелмей, өнердің кез келген саласындағы өз саласының жұлдыздарын тартуды көздегенбіз. 

Осы мақсатта біз қазақ әдебиетіндегі тәуелсіз жылдарында қалыптасқан буынның ерекше өкілі — Дидар Амантай"Жұлдызды блогерлер" қатарына қосылды.

Ол тіпті өзінің алғашқы классикалық кітап туралы жазған постын да жариялады.

Біз өз қатарымызда сапалы контент жасайтын ерекше тұлғалардың қосылғанына тек қана қуанамыз. Және осы рөлді Дидар Амантай атқарып отырғанында ешқандай күмән болмаса керек.

Сонымен, қазақ тілді жұлдыздар қатары, өзіміз уәде бергендей, тек қана арта береді. Сіздер қолдап отырсаңыздар болды :)

Әдебиет сүйер қауымды Дидар Амантайдың жеке блогына шақырамыз! 



238
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 28 июля 2010, в 18:37:02
    Мен Дидар Амантайдың еңбектерімен танысқанымда өте қуанған болатынмын, қазақ әдебиетінің сапалық деңгейі артқанына көзім жетті. Ал оның «Гүлдер мен Кітаптарын» оқығанымда тіптен таң қалдым. Шынында, ерекше туынды екен! Ал кішігірім философиялық этюдтері маған әсер еткені тіптен бөлек әңгіме. Қысқасы, Дидар Амантайдың шығармашылығы маған ұнайды.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться