ON.KZ командасы  >   Бүгін Абайдың туған күні

Бүгін Абайдың туған күні

rss ON.KZ командасы 10 августа 2010
ON.KZ командасы
 

10 — тамыз ұлы ақын, ойшыл Абайдың туған күні. Бірақ кейбір деректер оның туған күні 23 — тамыз деп те жатады. Шынында ресейлің империя тұсында күнтізбе 13 күн кешігіп жүргенін ескерсек, бұндай келеңсіздіктердің мән-жайы түсінікті болады. 

Ондай моменттерді ысырып қойып, бұл айтулы шараны қалай өткізуге болатынын ойланып көрейік. Ұлы ақын әрі ойшылдың туған күнінде, бірінші, оның жазғандарын оқып, алдын оқыған болсаңыздар, қайта оқып, көңіл көкжиегіне тоқып, айтпақ ойын електен өткізетін шақ қой.

Ендеше Ұлы Абайдың туған күнінде, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне ғана емес, оның жазған еңбектеріне баса назар аударып, егер оны білмейтін адам болса, оған оны үйретіп, оқуға итермелеп отыру керек шығар.

Біз бәріміз де ON.KZ беттерінде Абайға арнап, өз ойларыңды қалдырсаңдар, оны өлеңдерінің терең мағынасын ашатын өз пікірлеріңді жазатын уақыт келген сияқты.

Абайды меңгеру жолында сәттілік тілейміз, оның жазғандарын біз толық меңеріп алдық деп айта алмаймыз ғой. Терең көлге сүңгіген, жүзе алмайтын бүлдіршіннің ғана күйін кешетіндейсің…   



294
  • Айя ***** Айя ***** 10 августа 2010, в 16:20:28
    өте дұрыс
    ответить
  • Adil  G. Adil G. 26 августа 2010, в 18:41:53
    Комментарий удален пользователем
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться