ON.KZ командасы  >   Кат деген не?

Кат деген не?

rss ON.KZ командасы 24 августа 2010
ON.KZ командасы
 

Егер сен блогты енді бастап, өзіңнің бар шеберлігіңді (не интернеттегі босуақытыңды) пайдаланып ұзақ жазба жарияласаң, ал саған ON-дықтардың ашуға толы "Каттың астына ал!", "Кат қайда?" деген комментарийлерін оқып, не істеріңді білмей отырсаң, онда жазбаны ары қарай оқи берсең болады. Толығырақ каттың астында... 

Кат деген(ағыл. — cut) ағылшыншадан аударғанда қырқу деген мағынаны береді. Егер ұзын жазба жарияласаң, осы катты пайдалану әдемі әрі жағымды көрінеді. Блог бөлімінде де бос орынды алып жатпайды. 

Каттың үстіне көбіне бүкіл мәтінде айтылмақшы болған негізгі, шақыратын, "іліп алатын" бөлігін жариялап, ал қалғанын каттың астына жіберіп отырған дұрыс. Бұны жеке блогыңның бетінде де, блогтың негізгі бетінде де эстетикалық ұқыпты көрініп тұруы үшін жасалады. 

Кат деген блогтағы редактордың жоғары жағындағы мына икон: 

 

Ал катты басқаннан кейін мынандай болып тұрады: 

 

Ал блогтың бірінші бетінде каттың астына алынған жазба былай көрініп тұрады: 

 

Осылай әлдеқайда әділ әрі әдемі көрінетінін байқаған шығарсыңдар. Кат блогтың негізгі бетінде барынша пайдалы әрі сапалы жазбалар көбірек көрініп тұруы үшін жасалады. Ал сіздің каттың үстіндегі бірінші не бірнеше сөйлеміңіз каттың астындағы жазбаны оқуға шақыратындай етіп жасауды ұмытпау керек. 

Сонда ғана сіздің блогингіңіз тек қана қызық емес, көп адамға пайдалы да болады. Осы кішкене ғана бір иконды басып, сен көп адамға көмектесуің де, олардың өз көңіліндегі жазбасын тауып алуына жағдай жасауың мүмкін. Осыны ұмытпа! Каттың астына ал. 



221
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 24 августа 2010, в 15:09:19
    не болды соншама бір нәрсені қайталап…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться