Сәкен Майғазиев  >   Жұлдызды гол!

Жұлдызды гол!

rss Сәкен Майғазиев 18 октября 2010
Сәкен Майғазиев
 

27 қыркүйек күні Алматыдағы “Динамо” стадионында “Жұлдызды гол” деген атпен бірқатар әншілер мен басқа өнер иелері футболдан матч өткіздік. Олардың қатарында бізбен бірге  С. Медеуов, Ж. Жексенұлы, Қ. Түнтеков, Ғ. Жанай бар 15 әнші және екінші құрамда әзіл-қалжың саңлақтары өнер көрсетті. Біздің командамыздың жаттықтырушысы Шаншардың директоры — Уәлибек Әбдірайымов болды. Ол кісі бұл үрдісті бұдан бұрын Шымкентте бастаған болатын. Енді міне оңтүстік астанамызда да қолға алынды. Бұл жолғы ойынның ұйымдастырушысы болған С. Молдасанұлы. Ойынның негізгі мақсаты — әнсүйер қауымның назарын салауатты өмір салтына аудару, “Бұқаралық спортқа қазақстандықтардың 30 пайызына дейін тартылуы керек” — деген Елбасының тапсырмасына өз тарапымыздан қолдау көрсету болып табылады.

Ойын гала-концертпен қорытыланды. Әрине, бұл бастама бірінші рет болғасын бармақ тістеткен тұстары да болды. Соның бірі, толассыз қоңыраулардан белгілі болғанындай, ойынның демалыс күні емес жұмыс уақытында өткені. Жанкүйерлердің басым бөлігі жастардан, студент қауымынан тұратындықтан келесіде мұндай кемшіліктерге бой алдырмауды көздеуге келіскенбіз. Ол ойымызды жүзеге асырып та үлгердік. Қарашаның 7-сі күні алматылық және астаналық әншілер арасында астана орталық алаңында осы кішігірім бастамамыздың жалғасы есебінде тағы бір футболдан кездесу болады. Астаналық жанкүйерлерді ойын алаңында жолығуға шақырамыз!

Ал, Алматыда өткен футбол мерекесіндегі суреттерді міндетті түрде менің альбомымнан жақын арада көретін боласыздар.

P.S. Жанкүйерлерімнен уақыт тапшылығына байланысты блогымды сирек жаңартып жүргенім үшін тағы кешірім өтінемін! Білдіріп жатқан жылы лебіздеріңізге үлкен рахмет!



441
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 18 октября 2010, в 17:03:26
    Ия, жұмыс күні болды сағат 3-те. Жарнамасын көргем. Қызық болатын шығар деп ойлағам.
    Жеңіпті деп естігем! Құттықтаймын!
    ответить
  • Айнель К Айнель К 18 октября 2010, в 17:27:37
    Расында да өздеріңіз сынды қазақ өнерін аскақтатып жүрген жандарға еліктеп өсетін жастар үшін үлгі боларлық игі бастама екен. менің де аталмыш шара жайлы естігенім бар, алайда жарнамасы аз болғандықтан ба, қайда және қашан болары беймәлім болып қала берді. Болашақта жарнамаға да ерекше көңіл бөлесіздер деп сенемін. Суреттеріңізді күтеміз…
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 18 октября 2010, в 17:37:06
    фотоны күтеміз… өте керемет болатын еді… ал сіздердің шығармашылықтарыңызға тек қана табыс… қуанытып жүре беріңіздер!!!
    ответить
  • Гаухар ... Гаухар ... 18 октября 2010, в 17:49:48
    Өте қызықты болатынына сенімдімін, матчты өз көзіммен көргім келер еді, бірақ суреттермен ғана шектелуге тура келеді...:(((
    ответить
  • Гульмира Бапанова Гульмира Бапанова 18 октября 2010, в 17:51:22
    Ия, жумыс куни болды… Женистеринзбен куттыктаймын! ))))))
    ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 18 октября 2010, в 18:12:43
    Ақтөбе, Атыраудың да әншілерімен ойнап, концерт қойып кетіңіздер ;)
    ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 18 октября 2010, в 18:55:37
    иә посттарыңызды жиелетсеңіз қуана қуана оқыр едік)
    ответить
  • Мереке Ерманова Мереке Ерманова 19 октября 2010, в 09:36:28
    Jalpy kjaksy shara siyakty..)Mende ofishasyn korgenmin,katty bargym kelgen,birak dal sabak uakytynda bolgasyn bara almadym,okinishti ak..)Jenisteriniz kutty bolsyn,endi Astana kalasynda otetin «Juldyzdy Gol»-dan da jenisti oralady degen umittemin,sattilik tileim..))
    ответить
  • Перизат Алпамысова Перизат Алпамысова 19 октября 2010, в 10:16:47
    ЖЕНIСТЕРIНIЗ КУТТЫ БОЛСЫН.КАЙДА ЖУРСЕНIЗДE АЛЛА ЖАР БОЛСЫН.БIРАК ШЫМКЕНТТЕГI КУЛКI ГОЛЫНА КАТЫСПАГАНДАРЫНЫЗ ОКIНIШТI…
    ответить
  • Жансая Турлыбаева Жансая Турлыбаева 19 октября 2010, в 11:09:58
    Сіздердің жеңіспен оралғандарыңызды асығы-асыға күтеміз ))) сәттілік әр уақытта сіздермен бірге :)
    ответить
  • Зарина Казакбаева Зарина Казакбаева 19 октября 2010, в 12:02:45
    Жен1стер1н1з кутты болсын!!! Астанадан бас жулдемен оралуларынызга т1лектесп1н! С1здерге сатт1л1к!
    ответить
  • Күншуақ Қанатқызы Күншуақ Қанатқызы 19 октября 2010, в 13:19:46
    Бастаған бастамаларынызға табыс тілеймін. Жеңіске жетулеріңізге тілектеспін.
    ответить
  • Айнура Асылханова Айнура Асылханова 19 октября 2010, в 17:31:15
    Футболдын кыска гана узіндісін теледидардан кордім, соган караганда ойын кызу откен сиякты… женістерініз кутты болсын!!! Бул іс-шара маган катты унайды, онер адамдарын футбол аланынан корудін озі бір кызык кой))))))
    ответить
  • Сағым Елестегі Сағым Елестегі 22 октября 2010, в 11:56:59
    мммммм, барғым кеп кетті кенеттен. қызық-ақ шығар
    ответить
  • nurik aigan nurik aigan 22 октября 2010, в 12:34:22
    Өте дұрыс! Спорт! Спорт! Спорт!
    ответить
  • Багдагул Мухамбетжанова Багдагул Мухамбетжанова 24 октября 2010, в 02:07:54
    Шын журегимнен куттыктаймын, САКЕН АГА! Сизге коп-коп рахмет! Алдагы 7 карашада отетин кездесуде саттилик женис тилеймин! Дал МЕЙРАМБЕК АГАНЫН туган куни болады екен. Астаналык жанкуйерлер сондай бакытты, осы сатте Сиздермен жолыгады!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться