Сәкен Майғазиев  >   Ассалаумағалейкум, достар!

Ассалаумағалейкум, достар!

rss Сәкен Майғазиев 21 июля 2010
Сәкен Майғазиев
 

   Бүгін on.kz сайтының ұсынуымен өз блогымды бастағалы отырмын. Бұл бір жаңаша қадам екендігін айта кету керек. Барлығыңызға белгілі қазіргі таңда ғаламтор адамдардың бір-бірімен байланыс орнатуының ең жедел де қолайлы түрі болып отыр. Бірақ осы уақытқа дейін ғаламторда ана тіліміздегі блогтар жоқ болатын. Өздеріңізбен байланысқа түсер осы  жолдың ашылуына қуана отырып, алдағы уақытта сіздермен өз ой-жоспарларыммен, өзімнің және МузАРТ тобының шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісуге дайын екенімді білдіргім келеді. Сіздердің тараптарыңыздан да пікірлер мен ұсыныстардың бұрынғыдай жиі келіп тұратынына сенімдімін. Сын айтылып жатса оны да есепке алып отырамын.

Сонымен алғашқы блогта орын алар жаңалықтар:

Қазіргі уақытта МузАРТ тобының құрамында кезекті гастрольдерден оралып, жақын арада топ мүшелері отбасымызбен бірге отыз шақты адам болып Түркия еліне он күндік демалысқа аттанбақшымыз.  Демалыстан жаңа күшпен  идеялармен және үлкен шабытпен келіп, топтың 10 жылдығына  арналған дайындыққа кіріспек ойымыз бар!

Әрине, гастрольдік сапарлармен көп жүретіндіктен кей уақытта ғаламторға кіру мүмкіндігі болмай блогтағы жазбаларымда үзілістер туып тұруы мүмкін.

Ғаламторда келесі кездескенше!



635
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 21 июля 2010, в 14:12:55
    қош келідіңіз! Фотолар болса, осында жүктеуге тырысыңыз.
    ответить
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 21 июля 2010, в 14:17:42
    Қазақша блогтың бірінші иегері болуыңыз құтты болсын!
    ответить
  • Күншуақ Қанатқызы Күншуақ Қанатқызы 21 июля 2010, в 15:11:21
    Қош келдіңіз, бұл блогтан Сізді көргеніме қуаныштымын!!! Туркия елінен жақсы дем алып, жаңа ойлар мен шабытпен оралуынызға тілектеспін.Блогта келесі кездескенше, кун жақсы болғай.
    ответить
  • Жұлдызша *** Жұлдызша *** 21 июля 2010, в 15:48:24
    Қош келдіңіз! Демалыстарыңыз сәтті өтсін!
    ответить
  • Гульдана Кыдырова Гульдана Кыдырова 21 июля 2010, в 18:45:23
    Сакен кош келдиниз! сизди корип куанып жатырмыз. Алдагы уакыттарда да оздериниздин жаналыктарынызбен болиседи деген умиттемиз. Жаксы демалып кайтыныздар! келеси корискенше!!!
    ответить
  • ░Ta Ab▓ ░Ta Ab▓ 21 июля 2010, в 19:21:22
    Салем! Қош келдіңіз!
    ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 июля 2010, в 00:24:03
    Қазнеттегі алғашқы қадамдардың жасалуына тигізіп отырған көмегіңіз үшін мың алғыс Сәке!
    ответить
  • Керім  қыз Керім қыз 22 июля 2010, в 10:10:45
    Қош келдіңіз Сәкен аға! Бізбен бөлісер жаңалығыңыз бен тарту етер әндеріңіз көп болсын! Сәттілік!!!
    ответить
  • Мереке Ерманова Мереке Ерманова 22 июля 2010, в 10:15:30
    Урра! Қош келдіңіз!Блогта тек жақсы жаңалықтармен қуанта беріңіз! Шығармашылық сәттілік!
    ответить
  • Бибигуль Туремуратова Бибигуль Туремуратова 22 июля 2010, в 17:25:12
    Сакен қош келдініз! Алғашықы болып қазақ тілінде болгты ашқаныңызға рахмет! МузАрт тобына творчествалық табыс тілеймін!
    ответить
  • Мереке Ерманова Мереке Ерманова 23 июля 2010, в 11:49:26
    Шымқалаға да көп болды келмегендеріңіздге…
    ответить
  • avatar avatar avatar avatar 23 июля 2010, в 21:14:53
    сенің соншалықты сауатты жазады деп үміттенбеген едім)))) Иә, оған ренжудің де қажеті жоқ… ол шындық… себебі, біздегі көптеген әншілеріміз кітап дегенді атымен ұмытқан… тек ақша, мансап… Теледидардағы сұхбатты көрсем әншілер үшін ұялып басқа арнаға ауыстырамын…
    ответить
  • МархаБУША МАМЫРОВА МархаБУША МАМЫРОВА 25 июля 2010, в 00:26:37
    Қош келдіңіздер! қадамдарыңыз құтты болсын! саттілік! енді сіздермен бір қадамға жақындасқанымызға өте қуаныштымын! рахмет )))))
    ответить
  • Света Ақтаева Света Ақтаева 26 июля 2010, в 05:01:17
    қазақша сайт құтты болсын. тагы да әншілердің атында өтірік сайттар қаптап кетпесе екен!
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 26 июля 2010, в 09:21:57
      қаптамайды… әншілердің блогтарына жұлдыз белгісі берілмейді :)
      ответить
  • Дамира Олжабекова Дамира Олжабекова 03 августа 2010, в 00:31:17
    Салем бар кауымга. МУЗАРТ тобы жасасын. Менин ойымша, казак эстрадасындагы топтардын ишиндеги бетке устар топ деп айткым келеди. Орысша айтканда грамотные музыканты. Бизди оз андеринизбен куантып жургендеринизге рахмет. Он жылдык концерттериниз кай айга жоспарланып отыр, соны билип алдын-ала билет алсам ба деймин. Жане кай калаларда отеди?
    ответить
  • Саламат Алшын Саламат Алшын 06 августа 2010, в 04:44:33
    Америкаға соғып кетсеңдер қуанышты боламыз!
    ответить
  • Зауре Кадырова Зауре Кадырова 07 августа 2010, в 23:09:27
    Керемет, қош келдің Сәкен!!! Келе жатқан мерей тойларың құтты болып, ғұмырларың ұзағынан болсын!
    ответить
  • Асел Донбаева Асел Донбаева 26 августа 2010, в 15:54:53
    Комментарий удален пользователем
  • Асел Донбаева Асел Донбаева 26 августа 2010, в 15:56:44
    Сакен ага сизди блогтан коргениме куаныштымын, енди сиздин шыгармашылыктарыныз жайында жаналыктарды билип, ой болисип отыратынымыз кандай жаксы, бул сиздерди жаксы коретин тындармандар ушин оте кызыкты деп ойлаймын! Сиздердин тек аман жургендеринизди тилеймин Жараткан ием жар болсын! Бул омирде сиздей жан болганы кандай жаксы, сиздердин андеринизди суйп тындаймын жане жана андерди асыга кутемин! Аман болыныздаршы!
    ответить
  • Сәкен Майғазиев Сәкен Майғазиев 30 августа 2010, в 18:24:45
    Барлықтарыңызға білдірген жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет!
    ответить
  • **** **** **** **** 31 августа 2010, в 23:58:28
    Сәкен аға МузАрт тобының орындайтын әндерін ерекше ұнатамын… Басқа топтар өте копкой!!! Бірақ сіздер орындайтын әндер мән мағынасы бар, қазіргі жаңа топтарға үлгі тұтатындай өнегелі, әндеріңіз тамаша. Өлеңдріңізді тыңдап кун ұзаққа толықтай жаттамасамда ойымда қалған шумақтарын өзіммен өзім ыңылдап айтып жүремін… МузАрт тобының құрамындағы әншілерге жалынды салем айта барыңыз… Алла тағала отбасыларыңызға амандық, құт, береке берсин… Бізді халықты қуанта беріңіздер… ТАК ДЕРЖАТЬ МУЗАРТ СУЕР
    ответить
  • ЭлЯ Эля ЭлЯ Эля 14 сентября 2010, в 11:59:37
    Қазақ эстрадасында «Музарттан» асатын еш топ жоқ деп ойлаймын. Сәкен аға сіздерге шығармашылық табыс тілеймін, осылай әрқашанда халыққа рухани нәр беріп жүре беріңіздер! Алла дендеріңізге саулық берсін, жанұяда бақытты болыңыздар. Жаңа әндеріңізді күтеміз.
    ответить
  • Турсынай Сарина Турсынай Сарина 22 октября 2010, в 12:52:56
    Салем бердик МузАрт тобына!!! Калдарыныз калай? Барлык жаналыкты осы когамдастыктан естип, окып жатырмын… барлык куаныштарынызга ардайымда ортакпын… Сиздер аман болсаныздар, мына бизде аманбыз.Не айтамын алдагы 10ж.мейрей тойларыныз кайырлы кутты болып, сапарларыныз онды болсын!!! Тек Алла тагалынын нуры жауып, тек ак жол болсын!!! Отбастарынызга тек бакыт, шыгармашылыктарынызга мол енбек, бирлик тилеймин… Мен сиздердин тек аман жургендериниз кудайдан тилеп отырамын!!! Сакен ага жана олендериниз керемет, тек алга!!! Сау болыныздар!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться