Сәкен Майғазиев  >   Рамазан айы құтты болсын!

Рамазан айы құтты болсын!

rss Сәкен Майғазиев 18 августа 2010
Сәкен Майғазиев
 

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

    Өткенде жазып өткендей «МузАРТ» тобымен Түркия елінде отбасымызбен демалыста болып, одан келгесін туған жерім Созаққа барып оңтүстік астанамызға ат басын енді тіреген жайым бар. Демалыс ойдағыдай өтіп, жаңа күш-жігер жинап қайттық. Өздеріңіз білесіздер, жұмысымызға байланысты отбасына көп көңіл бөлуге уақыт аз болады. Осы жолы МузАРТ отыз бес шақты адамнан құралған бір үлкен жанұя болып барды. Сондықтан да бұл өте тамаша, бір есте қаларлық демалыс болды. Ал, ауылдың орны бір бөлек!

   Демалыстан келсем ОҚО әкімшілігінің ұйымдастыруымен қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 80-жылдығына арналған «Арыс жағасында» музыкалық ретро-фестиваль өткізілгелі жатыр екен. Фестиваль кезінде осы облыстан шыққан 28 өнер иелеріне арнап Шәмші саябағында граниттен жұлдыз ашылатынын, солардың ішінде менің де есімім бар екенімді айтып фестивальға  шақырды. Демалыстан кейін бірден осындай қуанышты жайттар күтіп тұр екен. Әрине, мен мұны: «Маған берген баға — МузАРТ-қа берген баға» — деп қабылдадым! Әкімшілікке өз тарапымыздан осындай жұмысымызға стимул беретін шаралар ұйымдастырғандары үшін ризашылығымызды білдіреміз!



672
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 18 августа 2010, в 16:44:38
    Керемет Сәкен аға! Еңбектеріңіз жана берсін! Оңтүстік өнердің кені ғой. Арттарыңыздан ізбасарлар ере берсін!
    ответить
  • Жансая Турлыбаева Жансая Турлыбаева 18 августа 2010, в 16:52:38
    Сәлеметсіз бе Сәкен аға, сіз және де МУЗарт тобы үшін де қуанышым шексіз, әлда ең биік шыңдардан көре берейік :)))
    ответить
  • Мереке Ерманова Мереке Ерманова 18 августа 2010, в 17:04:15
    Оооо, міндетті түрде саябаққа барып көрмесем.
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 19 августа 2010, в 10:09:48
    мәссаған, отыз адам болып демалу деген қызық болса керек қой… :) суреттер жақсы екен… ал сіздің гранит-жұлдызыңыз құтты болсын… сіз оған лайықсыз :)
    ответить
  • Асем Абдуллаева Асем Абдуллаева 19 августа 2010, в 18:03:37
    Сакен ага, шын журектен сизди куттыктаймын!!!
    ответить
  • Дина Даулетбаева Дина Даулетбаева 22 августа 2010, в 20:38:48
    мен Сіздер үшін өте қуаныштымын!!! жазылған тілектерге қосыламын
    ответить
  • Бану Калдарова Бану Калдарова 25 августа 2010, в 10:57:29
    Сіздер жеткен жетістіктерінізге өте ризамын! Әрдайым өнердің биік шыңдарынан көріне беріңіздер! Ешқашанда жұлдыздарыңыз сөнбесен! Біздің өсіріп отырған ұл-қыздырымыз сіздердің ұл -қыздарыңыздын өнерін тамашалауға Алла-Тағалам жеткізсін! Жанұяларынызға тек қана Алланың нұры жаусын! Бізбен бірге болыңыздар!
    ответить
  • Бану Калдарова Бану Калдарова 25 августа 2010, в 11:02:59
    Әрине сіздердің жанұяларыңызбен тускен суреттер жақсы, бірақ жанкүйерлеріңіз қызғанады деп ойламайсыздарма? Біз сіздердің керемет тобыныңбен түскен суреттерге үйренгенбіз. Жеке өз басымда сондай «ақ қызғаныш» (белая зависть) пайда болды№Сондықтан блогта тек қана өз топтарынызбен түскен суреттерн көбірек болса?
    ответить
  • Керім  қыз Керім қыз 25 августа 2010, в 12:23:17
    Керемет! Құттықтаймын, әлі де биік шыңдардан көріне беріңіз. Тек қана жақсылық, сәттілік бақыт тілеймін!!!
    ответить
  • Асел Донбаева Асел Донбаева 26 августа 2010, в 15:58:18
    Сакен ага салем! сиздердин Туркияга аман сау демалып кайткандарынызга куаныштымын!
    ответить
  • Саламат Бесжанова Саламат Бесжанова 26 августа 2010, в 17:02:44
    Куттыктаймын! Керемет жаналык, суретин когамдастыктан кордим. Куаныштымын!
    ответить
  • Перизат Алпамысова Перизат Алпамысова 31 августа 2010, в 12:28:16
    MEN BUL DEMALISINIZDI JAKSI BILEMIN. SEBEBI SIZDER DEMALIS BITE SALISIMEN SHIMGA KELDINIZDER. OTE JAKSI DEMALGANDARINIZ KORINIP TUR. SEBEBI BIZDIN ALANDA BOLGAN KONSERTTE KEREMET ONER KORSETTINIZDER. SIZDERGE ALLANIN NURI JAUSIN.
    ответить
  • Күншуақ Қанатқызы Күншуақ Қанатқызы 01 сентября 2010, в 16:18:53
    Өте қуаныштымын, жеткен жетістігіңіз құтты болсын!!! Алда әлі талай жетістіктерге жететініңізге сенімдімін!!! Еңбегіңіз өрге өссін!!! Алла Тағала тіл-көзден сақтасын.
    ответить
  • акмарал жумагулова акмарал жумагулова 02 сентября 2010, в 20:07:00
    құттықтаймын өз көзіммен көрсем ғөй сіздің жұлдызыңызды
    ответить
  • Сәкен Майғазиев Сәкен Майғазиев 18 октября 2010, в 15:22:58
    Барлық тілектерге шын ниетіммен алғысымды білдіремін!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться