Didar Amantay  >   Карлос Фуэнтес

Карлос Фуэнтес

rss Didar Amantay 3 августа 2010
Didar Amantay
 

Жақында латынамерикалық магиялық әдебиеттің бір атасы — Карлос Фуэнтестің шағындау бір кітабын оқыдым… «Инстинкт Инес» деген кітап, алып бара жатқан ештеңесі де жоқ, десек те, ішінде бірнеше машық бар, бір тәсілден екінші дәстүрге қаламгер оңай көшіп, бұрқыратып жазып кете береді. Тынысы кең, суреті анық, ойы астарлы. Бірақ, суық, үнемі емес, ара-арасында бір салқындық, бөтендік сезіліп отырады. Гюстав Флобер сияқты. Қалиханның «Ақтоқымындай» емес, Буниннің «Антонов алмаларындай» емес, Шамшадтың (Абдуллаев), досым еді — айта кеткенімді айыпқа бұйырмассыздар, «Жексенбідегі жарығындай» емес...

Суық, салқындық та пафос тәрізді өнердің жауы екен. Толстой ақсақал математикаға емес, әдебиетке дәлдік аса қажет екенін айтып еді… себебі үнемі ойды, қимыл-қозғалысты дәл бейнелейтін сөзді іздеуің керек.

Қазір пафос мақалалардан, ауыз-екі әңгімелерден көптеп естіле бастады.

Жүректің қылындай нәзік ой-сезім, машық, шеберлік оқшау, үркесоқ көрінбей, көп айқайдың ішінде естілмей, тұңшығып, булығып барады. Сұңғыла дауыстар өшті, шулаған, күшенген пафостың дабысы бүкіл сақараны жаңғыртып, басылмай тұрған секілді. 

Шындық ақырын айтылуы тиіс, оның күші айқайында не сыбырында емес, шындықтың күші — шындығында... 



203
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 04 августа 2010, в 08:01:53
    Карлос Фуэнтестің бір ғана кішігірім әңгімесімен ғана таныс екенмін… Оның әртүрлі стильге оңай көшетінін сол әңгімесінде-ақ байқағандай болғанмын… Пафос деген меніңше көбіне болып жатқан құбылысқа немқұрайды қарап тұрып айтыла салған әңгіме ғой… Оның бойын құбылысқа деген сырт көзқарас меңдеп алған… Және соған қарамастан, барынша сезімге берілгендей болып көрінсін деп, айқайлап айтылады… :) Дұрыс айтасыз, шындық айқайлап айтылмайды, оның қуаты тым орасан…
    ответить
  • DJ __ DJ __ 04 августа 2010, в 16:48:07
    Кейде айқайлап айтылған шындыққа да сенбейтіндер болады ғой.
    ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 04 августа 2010, в 18:40:14
    Пафостың қазіргі кездегі адам өмірінде алатын орны ерекше болып келеді. Кейбір адамдар өздерің пафоссыз біле бермейді де… Бірақта пафостың жақсы әсері де бар, мысалы психикасы тұрақталмаған адамдардың жанына кіреді, 9 кадр секілді.Ал сіздің ойлауыңзша пафос керек пе?
    ответить
  • 123 123 123 123 04 августа 2010, в 19:18:22
    Если в поведении человека присутствует пафос и он оправдан, то да, это пафос… если же пафос не оправдан- это дешевые понты а не пафос… так что в пафосе нет ничего плохого… каждый личность… нельзя осуждать тех, кто не ведет себя как «серая масса»… мое мнение…P.s. лично я без пафоса и без дешевых понтов… ))
    ответить
  • Керім  қыз Керім қыз 05 августа 2010, в 11:34:13
    Карлос Фуэнтес жайлы естігенім болмаса, шығармаларын оымаппын… Пафос… Мүмкін бұл кісі осы сарында жазған ұнайтын шығар, өз оқырмандары да бар шығар, кім біледі, біреуді дұрыс, біреуді бұрыс деуден аулақпын әрине. Әрине шындық ақырын айтылу керек екенімен бәрі келіседі, дегенмен қалай айтылған шындық болса да, бастысы жұртты сендіре білу!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться