Didar Amantay  >   Париж бен Хемингуэй

Париж бен Хемингуэй

rss Didar Amantay 13 августа 2010
Didar Amantay
 

Мен Эрнест Миллер Хемингуэйді түгел оқыдым десем, артық айтқандық болмас еді. Машықта, жалпы, проза саласында Эрнест Хемингуэй — қамырықты Альбер Камю, беймаза Жан-Поль Сартр, қиссашы Габриэль Гарсиа Маркес, данышпан Хорхе Луис Борхес секілді — менің кітаби ұстазым болды… Арманшыл Антуан де Сент-Экзюпери, аса мәнерлі Ален-Роб Грийе,  көреген пәлсапашы Франц Кафка… аталмыш жазушылардың есімін автомобиль іргесінен өтіп бара жатқанда дүкен терезелерінен көріп қалсам, жүрегімді сағыныш шымшып, есіме — жастық шағым, студенттік өмірім, қатты жақсы көрген, жүзі, көзі, бейнесі ыстық, тоқсаныншы жылдары енді бойжеткен асыл қыздарым, құрбы-құрдас, дос-жарандарым — келеді. Сол кезде — түндей ауып, таңдай атып — өте шыққан, артында еш белгісі жоқ адасқақ күндерім, махаббат, қызық мол жылдарым қапылыс жадыма оралады… Содан қалған белгі осы жазушы-қаламгерлердің есімдері мен шығармаларының аттары ғана тәрізді. Хэм атамыздың мына бір ыстық сөзін сол бір қызықты жылдары алғаш оқыған едім… Қайта оқыған сайын жүрегімді біреу қолымен ұстап сипағандай толқып кетемін, тебіреніп, көңілім алабөтен босап, елегізіп, кеудемнен — тыныш, көкірегімнен маза кете бастайды...

«Если тебе повезло и ты в молодости жил в Париже, то, где бы ты ни был потом, он до конца дней твоих останется с тобой, потому что Париж — это праздник, который всегда с тобой».

Алматыға да айтылғандай...

Жастық шағымнан маған адал боп қалған дос осы Алматы ғана секілді көрінеді...



250
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 августа 2010, в 10:22:38
    Менің Алматыға келгеніме ұзақ бола қойған жоқ (сондағысы 3-ай), бірақ шынында бұл қалаға қатысты қандай да бір сөз айтылса, ол тек жартылай шындықты ғана ашқандай болады… Ал мен Хэм ақсақалмен аздап «сізге» сөйлесемін… Оның Келиманджаро тауы туралы әңгімесі мен Шал мен теңізін, сосын көөөп қысқа әңгімелерін оқығанмын… Сосын, қош бол майдан деген романын оқуға тырыстым ғой деймін… :) Ал Борхес менің сүйікті жазушым болатын… оның барлық әңгімесін шолып шықпасам да, оқығандарымның өзі маған ерекше әсер еткен, Кафка да солай… Ал Камюдың философиялық романдары мен повесттерін оқып тіптен таң қалғанмын, ол тіпті түкті де түсінбеумен шектеліп жататын. болды осы жерден тоқтайын :)
    ответить
  • Meyirzhan Auelkhan Meyirzhan Auelkhan 16 августа 2010, в 11:15:38
    ''Tотықұс түсті көбелек'' атты романыңызды оқығанмын.
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 августа 2010, в 18:48:17
      мен ол роман емес, анау «кітаптар мен гүлдер» дегенін оқығанмын… :)
      ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 16 августа 2010, в 14:14:35
    әр бір адамның өз «парижі» бар…
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 16 августа 2010, в 18:48:45
      керемет… бірақ соған қарамастан, әлемде «Париж» жалғыз :)
      ответить
      • NK 1 NK 1 22 марта 2011, в 16:38:39
        толық қосылам<br/> <br/> әлемде «Париж» жалғыз <br/> Париждың аты Париж
        ответить
  • 1 1 1 1 02 сентября 2010, в 14:39:27
    Парижде жалгыз Алматы да жалгыз… Әр кімдікі өзіне ай көрінер көзіне деген) Алматы арман қала, кейбір арман орындалар, кейбірі мысы құрып бос сарсаңга салынады№ Дегенменде Алматының өзіндік атмосферасы бар. Арман Қала!!!
    ответить
  • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 22 сентября 2010, в 12:51:18
    Хэмингуэй менің су"ікті жазушым десем болады. Ең суйікті шығармам, әрине «Шал мен теңізі» және «Жаңбыр астындағы мысығы» да ерекше әсер қалдырған,,, Шынында да бұл шығармалар маған студенттік өмірімді еске түсіреді. Жазушының шығармадағы авторлық идеясы туралы да турткендерім бар… Әңгіме студенттік өмір, суйікті қала туралы болып жатқан соң бей-жай қалдыра алмадым, өйткені студенттік өмірмен қоштасқаныма көп болған жоқ, Өмірімде жаңа кезең басталды. Әзірге қара секілді, әрине тәп-татті студенттік өмірден кейін уйрену оңай емес екен. Әсіресе журектері қатайған солтүстіктердің арасында… Айтайын дегенім, Парижге бармады, барғым келеді деп те айтып көрмеппін. Алматы ыстық бәрімізге, бірақ дәл қазір ностальгиям Туркістан туралы болып отыр…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться