Didar Amantay  >   АҚЫНДЫҚ ПРОЗА (Поэтическая проза)

АҚЫНДЫҚ ПРОЗА (Поэтическая проза)

rss Didar Amantay 16 августа 2010
Didar Amantay
 

Меніңше, проза бес түрге бөлініп, бес дәрежеден тұрады:

1) Әлеуметтік-антропологиялық проза (4-орында, мысалы, "Қоңыр күз еді", «Ай-Петри ақиқаты», «Казино»);

2) Коммерциялық проза (5-орында, мысалы, «Заһир»);

3) Фантастикалық проза (3-орында, мысалы, «Оң қол»);

4) Метафизикалық-философиялық проза (2-орында, мысалы, «Шыңырау», "Қайдасың, қасқа құлыным", «Көксерек»);

5) Ақындық проза (Поэтическая проза, 1-орында, мысалы, "Қос шалқар", «Ақтоқым», «Аңыздың ақыры»);

Прозаның патшасы — шоқтығы биік ақындық проза, екінші тараптан, ақындық проза дегеніміз ақ өлең немесе кәдуілгі әсем поэзия, жыр, қисса.



384
  • Бахтылы ОРАЗ Бахтылы ОРАЗ 16 августа 2010, в 23:27:02
    Дидар-ау, қазақшамызды орыс бөрікті сайтқа қор қылып жүргеніміз намысты қоздырады екен. Ең болмаса сайттың шәпкесін қазақшаламай ма? Одан да майлдағы орыс порталына жазғанымыз дұрыс болар еді. Бұл орысқа қарсылығымнан емес, қазақтардың есерлігі мен құлдығына қор болудан…
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 17 августа 2010, в 10:13:11
      сіздің бұл сөздеріңіз әділетті деп айта алмаймын. Сайттың интерфейсі (толық) қазақшаланады, бірақ ол үшін уақыт керек. Мейл-рудағы орыс порталында қазақша әріптер оқылмайды.
      ответить
    • Gasta KZ Gasta KZ 17 августа 2010, в 17:22:41
      Құдай-ай десищ, қор болған қазақ ай:)))
      ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 17 августа 2010, в 10:16:02
    жақсы бөлініс… бірақ, әрқайсының элементтері бар прозаны қалай атауға болады сонда? Мысалы, фантастикалық проза бірақ коммерциялық мақсатта жазылған, және өзін ақтап, тіпті еселеп пайда түсіріп жатқан деген сияқты. Ал «Аңыздың ақыры» шынында ақындық проза санатына жатады ма? Бірақ, шынында ондағы сөз бен ой ағыны ақынның шалқыған шабытынан туған туынды екен деп қаласың :)
    ответить
    • Gasta KZ Gasta KZ 17 августа 2010, в 17:23:42
      Бұл топтау да 4 темперамент секілді, таза күйінде сирек кездесетін болса керек. Көбіне бірнеше типтің кешенді комбинациясы болса керек.
      ответить
  • Айя ***** Айя ***** 27 августа 2010, в 17:34:58
    ооо, ақындық проза бөлек әңгіме.
    ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 19 ноября 2010, в 22:17:50
    Құрметті, Дидар аға! Меніңше, ақындық проза дегеніміз орыс тілінен тікелей аудармадан шыққан болуы керек. Қытай әдебиетінде «сан уын» деген жанр бар. муны қытай қазақ әдебиетінде де көптеп оқылатын жанр болған. бул аударғанда (тікелей аударма емес, әрине) «Шалқыма» жаныры деп аталады. бул автордың ішкі терең тебіренісінен туған жанр. бул жөнінде біраз толғануға болатын сияқты. демек «ақындық прозаны» — «Шалқыма» немесе «Шалқымалық проза» деп алғанымыз дурыс сияқты. осыған қалай қарайсыз? — Қайсар Қауымбекұлы
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться