Серік Нұрмолдаев  >   НАРҚОБЫЗ аспабының тұсаукесеріне келіңіздер!!!

НАРҚОБЫЗ аспабының тұсаукесеріне келіңіздер!!!

rss Серік Нұрмолдаев 19 ноября 2011
Серік Нұрмолдаев
 

Құрметті, өнер сүйер қауым!

Сіздерді қараша айының 25-і күні, кешкі сағат 17.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының кіші залында өтетін, қазақ халқының аспаптық музыка тарихында алғаш ұйымдастырылып отырған «Нар-толғау» атты НАРҚОБЫЗ аспабының тұсаукесер концертіне шақырамыз. Кешті ұйымдастырушы «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің белді мүшесі Мақсат Медеубек. Концертте НАРҚОБЫЗ аспабы жайында баяндама оқылады және Саян Ақмолда (қылқобыз), Мақсат Медеубек (нарқобыз), Әйгерім Қарсақбаева (қылқобыз), Олжас Құрманбек (нарқобыз), Берік Жайлаубаев (нарқобыз), Бабек Илдырымлы (нарқобыз), «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, қылқобызшылар ансамблі өнер көрсетеді. Келемін деушілерге есік ашық.

Кешіміздің қадірлі қонағы болыңыздар!

Мекен-жайымыз: Абылай хан көшесі 86, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы

Анықтама телефондары: +7 771 403 60 26, +7 727 261 63 64



101
  • Шаттық Қали Шаттық Қали 19 ноября 2011, в 18:10:33
    Ақтауға қарай келіңіздерші
    ответить
    • Серік Нұрмолдаев Серік Нұрмолдаев 20 ноября 2011, в 01:49:48
      Құдай қаласа Ақтауға да барып қалармыз)))
      ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 19 ноября 2011, в 18:17:46
    охранниктер қумайтын шығар осы жолы ))) Батысқа келіңіздер!
    ответить
    • Команда  ON.KZ Команда ON.KZ 19 ноября 2011, в 23:22:34
      Осы жолы өткен жолғыдай келеңсіз жағдайлар болмайды деп сенім білдіреміз!
      ответить
      • Серік Нұрмолдаев Серік Нұрмолдаев 20 ноября 2011, в 01:51:10
        Осы жолы келеңсіз жағдайлар болмас, өйткені барлығын өз қолымызға алып отырмыз. Концертіміз тегін, келіңіздер, көріңіздер!!!
        ответить
  • Болат Мұхтар Болат Мұхтар 19 ноября 2011, в 22:22:13
    Шаттық пен Нұржан, одан да демеуші тауып, «Тұранның» концертін ұйымдастыруға көмектессеңдерші
    ответить
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 29 ноября 2011, в 10:19:53
    Комментарий удален пользователем
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться