Anarka Must  >   Жүректе қалған сөздер...

Жүректе қалған сөздер...

rss Anarka Must 4 декабря 2012
Anarka Must
 

Өмір ағымында көптеген адамдарды кездестіреміз. Кейбірімен дос боламыз, әріптес боламыз, сырлас боламыз, әрқайсы өмірімізден ойып тұрып орын алмаса да, кейде олардың айтқан сөздері, не істері мәңгілік жадымызда қалып қалады екен. Мысалы, Гүлмира деген бір әріптесімнің "Қоғамдық көлікте тұрып келемін, отырған күйде де орын ұсына саламын. Бәрібір күні бойы жұмыста отырамын ғой" деген сөздері әрдайым автобуста есіме түседі. Бос орынға кейде отырмай-ақ қоюды да жөн санаймын. 

Айдан деген группаласымның «Кім және қандай болғаны маңызды емес. Егер мен сүйсем, мен оны аламын!» деп ойып айтқан сөздері...

Нұргүл группаласымның әжесінің «Бармақтай бақ берсін» деген сөздерін жиі қайталауы, соған иланбай сенетіні...

Гүлбағдат деген бухгалтер апамыздың «Санасына берсін! Бәріне сана жауапты», не жақсы бір нәрсені тыңдырсаң «Еркек!» деген сөздері есімде қалыпты. Күнделікті өмірде бұлай айтпасам да, еркектікке тән қасиеттерді көрсем, солай іштей мақтап қоямын. 

Нурик деген тағы бір әріптесім «Адам бойында бір „стержень“ болу керек. Ол болмаса кез келген жағдайда бұзылып кетеді» дегені бар. Әлбетте, адам бойында бір негіз болуы керек, бұл ар-ұят па деймін...

Сатыбалдыны қалай ұмытайын, оның әрбір сөздерін жұлып алып, цитата етіп қоя бер: «Түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі», «Менің өзім де рас, сөзім де рас. Мания Величия ІV стадия», "Өңшең адам жанына шырақ алып түскен бәлелер", «Жұма неге қасиетті, бейсенбіні апта жолдан тапқан ба?!» деген сөздері ұмытылсын ба?..

Бұрынғы Бекзат ғашығымның «Неге жағдайды қиындатасың? Мен де бақытты болғым келеді! Өзіме жаман болсын деп әдейі істемейді ғой адам» деген сөздері кейде бос саралау мен ұрыстардың түбіне нүкте қоятын.  

Анамның «Неге біреулерге сенесің? Маған сенші, бәрі жақсы болады. Мен білемін!» деген сөздері қаншама рет рух бергенін білсеңіздер…



399
  • er3ke Karabalin er3ke Karabalin 13 августа 2014, в 21:17:25
    Жұма қасиетті күн бірақ
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться