Дархан Бейсенбекулы

35 лет
Қазақ едім дегенше, қасқыр едім десейші...
rss
Көшпенділер рухы... 30 ноября 2011

Самые смешные имена в мире 29 ноября 2011

 

Азеpбайджанский мyзыкант: Обpыгай-yглы
ещё один знаменитый французский повар: Оливье Жюй де Глотай
Еще pазличные китайские ловеласы: Сyнь Вынь, Сyй Вынь, Сyй уй, Жyй уй, Жyй Сам, Встань Сyнь
Тy
Периште мен пенде 23 ноября 2011

Бала жайлы біреуге ақыл айтудан аулақпын. Бірақ баланың тәтті қылығы, былдырлаған тіліне жетер дүниеде ештеңе жоқ-ау. Бір танысымның "әлемінен" мына бір суретті көріп қалдым. Көз тартып, көңіл сүйсінтеді екен. Көзайым болыңыз деп салып отырмын. Бір сәтке болса да періштеге қара

10 жасар қыздың уақиғасы... 31 октября 2011

 

Күнделікті тірлік. Қауырт. Жанталаса жұмыс жасау. Көзге көрінбейтін машақат. Төрт бұрышты «данышпанға» қарап телміру. Аймақтан ақпар күту, меншікті тілшілердің миын езіп ішу. Қан кәсіп. Дүйсенбіні ауыр күн деп жатамыз ғой. Сонымен келе қалдық жұмысқа. Түс төменге жылжыды, Күн де ішіп алған Мирас досымдай қисая бастады. Кенет… Сұмдық уақиғаның шетін шығарып, агент арқылы бір хабар келіп тұр. Нұржан Мәделханнан. Досым ғой. «10 жасар қыздың оқиғасын естідің бе?»
Досқа құрмет! 11 октября 2011

 

Жексенбі күні таңертең үй жаққа бара жатып бір алабай тұқымдас итті қағып кеттім. Жолдын жиегінде иесімен тұрган. Дәл жанына жеткенде машинаға қарай тұра жүгірді. Үлкен жылдамдықпен келе жатыр ем. Бастым да кеттім. Дәл басынан. Төрт аяғы аспанға қарап қалды байқұс иттің. Қыңқ етуге шамасы жетпеді. Сонымен күні бойы жаман болып жүрдім.
Көкбайрақ және НҰР+СҰЛТАН 6 октября 2011

 

Қазақстанның Көк туы. Көз алдарыңызға елестетіңіздерші. Ортада КҮН, астында ҚЫРАН. 
КҮН — негізінде НҰР, ҚЫРАН — құстың СҰЛТАНЫ.
НҰР және СҰЛТАН ))))))
Күз көңілі. Сары қызға сағыныш... (новелла) 2 сентября 2011

 

Сап-сары. Жалқын сары. Әлем алтынға оранғандай. Күн шапағына шомылғандай. Сарытап әлем көңілдегі сағынышқа қозғау салатындай. Күз болса сағыныш дертінің қозатыны несі екен...
Есімде ғой. Күні кешегідей бәрі жадымда жаңғырып жатыр. Өткен күннің елесі неге тәтті болады, а? Сана серпіліп, көңіл қатайған сайын сағынышқа ұласып, жадыңда өрнектелген сол аяулы сезімге деген құштарлығын да арта түсетіндей. Жүректен талып жететін нәзік үнге құлақ тосып көрдің бе, Сары қыз? Аққудың сымпылына үн қосады, бұлбұлдың үніне әр береді. Жаныңды құштарлыққа ұмтылдырып, рухыңды әдемі аура баурайды. Сен сол сәтте өзіңнің ғаламдағы теңдессіз жаратылыс екеніңді есіңе аласың.
Ой-үзік (жеке күнделіктен) 2 сентября 2011

 

Сөз өнерімен ауырған соң кейде жақсы бір тіркестің, оқшау ойдың «қайыршысына» айналып кететінім бар. Бірден күнделігіме түртіп алып, жазып қоям. Ойды ой дамытады ғой. Септігі тиер деп. Үйдегі компьютерімде еді көбі. Мыналарды жұмыстағы комптан қазір тауып алдым. Елеусіздеу бір бұрышына сақтап қойыппын. Кәделеріңізге жарап қалар. Ұнамаса патша көңілдеріңізге қаяу түсірмес деп ойлаймын.

 

Авторлардан

Еркектің соры сөзінде де, әйелдің соры көзінде емес пе? Еркек неме айтқаныма жетіп тынам деп тыраштанса, әйел неме көзіне көрінгенді иемденіп тынам деп әуре болмай ма? Сондықтан да көңілі сөзден азатын еркек кіндікті көлденең сөзден сақтандырған ата-баба әйелді көлденең көзден қорғаштап баққан ғой.  

(Әбіш КЕКІЛБАЙ)

 

БАҚЫТ жайлы БІРТҮРЛІ түсінік... 1 сентября 2011

 

Бақыт жайлы ұғымды шексіз қуаныш, яки өзіңнің өзгелерден үстем тұрғандығын деп ұғып жүрген бала кезім еді. Бір күні әкем үйге қара жабағы жетелеп келді. Қап-қара. Ойнақтап тұр. Жанына жан баласын жуытпайды. Кісікиіктеніп, одырайып қарағаны керемет. Пыс-пыс етіп танауынан бу атып, қос құлағын қайшылап қояды. Әлгі Қамбар ата тұқымына қарап қуаныш сезімі ақтарылсын. Алды-артын айналып, науасына жем салып, әйтеуір жанынан шықпай қойдым. Кешке қазан-ошақтан шыққан қидың түтіні аңқыған аулада жатып өзімді шын бақытты сезіндім. Ертеңгі күні тайымның бас асаулығын алып, көшеде шапқылап жүретіндігімді ойлағанда бақыттан басым айналды. Басқа балалармен бірге тоқымды көкпар қылып тартатыным еске түскенде бойымды ерекше шаттық сезімі билеп, қара тайымды көріп келейін деп қора жаққа беттедім...
Тіл туралы тамызық 8 августа 2011

Күнделікті өмірде қолданатын мақалдар мен мәтелдердің, тұрақты сөз тіркестерінің астарына үңілсеңіз кейде күлкің келеді. Неге осынша уақ бұған мән бермегем деп. Бәлкім менікі дұрыс емес те болар. Алайда, қазақ болған соң (қазақтың сөзуарлығына дау бар ма?) өзімнің тілім жайлы кейде жатып алып қауақ басымды қатырамын ғой...