patick bes  >   Күз туралы шығарма

Күз туралы шығарма

rss patick bes 14 сентября 2010
patick bes
 

Мектепте оқыған кезде осы уақытта әдебиет сабағынан беретін ағай Күз туралы шығарма жазғызатын еді. Әр күз сайын ұрысады: «Маған өтірік, көшіріп алған шығарманың қажеті жоқ. Күз келді. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Адамдар жылы киімдерін кие бастады. Жапырақтар сарғайып, жерге құлай бастады деген стандартты сөздерді қайталай бермеңдер».

Бір қызығы сол — жыл сайын, әр бала дәл осы сөздерді жазып беретін :). Қазір қалай екен?



14332
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 14 сентября 2010, в 13:24:30
    мен өзімнің шығарма жазғаным есімде жоқ… жазсам да бір «ақылды» деп есептелінетін кітаптан, сөздерін өз сөзіме аударып, мазмұндап беретінмін :))))
    ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 14 сентября 2010, в 13:58:52
    Шыны керек, расында да солай еді, бізге мектепте сабақ берген (қазір марқұм болып кетті) мұғалім Кеңес кезіндегі сталиндік идеологиямен сусындаған, коммунизм дәуірінің тәрбиесін көрген принципшіл кісі еді. КазГУ-дың мүйізі қарағайдай профессорларынан білім алғанын, әсіресе Мұхтар Әуезовтың өзінен лекция тыңдағанын бізге мақтаныш етіп отыратын еді....

    Ал енді қазір ойланып қарасам… Ол кісі сол кездерде бізге сол профессорлардан сабақ алғаны себепті өзінің бізге нашар білім беруге қақысы жоқ екендігін, одан сабақ алған біздің де нашар оқушы болуға қақымыз жоқ екендігін ұғындыруға тырысқаны екен ғой....

    Тым талапшыл еді… Үйде жазып келіңдер деп берген шығармасын жазып апарсаң жаратпаушы еді… Шығарманы бұлай жазбайды деп…
    ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 14 сентября 2010, в 13:59:24
    шығармаларымды мұғалім бездарный деп үрсысатынбыз, бірақ сол мүғалім басқа класстарға барып менің шығармаларымды тағдамалы ретінде оқитын((((
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться