Бакытжан Копжасаров  >   Әңгіме. Суық үй (иесі бар үй)

Әңгіме. Суық үй (иесі бар үй)

rss Бакытжан Копжасаров 25 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

Әңгіме оқымас бұрын көңіл аударындар келесі жайттарға. Басты кейіпкерлер аруақтар емес- адамдар. P.S. келтірілген тарихи оқиға шынымен болған.

             23 жасыма толған жылы жазда қызық жайттың  күәгері болдым. Ауылдан туған-туысқандар көшіп кетті. Ауыл мектебінің директорының шақыруы бойынша ауылға қайтіп бардым, бірақ тұратын үй болмады. Туған ауылым әкемді, шешемді көрген адамдар әлі бар. Бірақ ешқайсысінің үйіне тұруға сұранған жоқпын. Маған тұруға жайлы деген үй бірден табылды. Екі бөлмелі ауыл ортасындағы жер үйді ауылға келген молла жалған алған екен.

           -Бір үй бар, молла бала тұрып жатқан, сонымен келісіп бірге тұра берсең қайтет”- деген мектеп директорынан ұсыныс түсті.
             Молла бала, өзіммен жасты жас жігіт екеніне қуандым. Оны ауылдағылар жай молладеп атай береді екен, менде оны солай атайтын болдым, мешітке барып онымен таныстым да, тұратын үйдің орналасуын ойыма түсіріп іздеп бардым.
             Кішкене кезімде ол үй қасынан талай өткенмін, мән бермептім, ескілеу екеніне, осы көше бойында алғашқы салынған саман кірпіш үй екен. Басқа үйлерді бірнеше рет жөндеуден өткізіп, немесе бұзып орынына жаңа үй тұрғызыпты. Көше басынан санаған бір, екі, үшінші жер үй болып шықты. Жеке тұрғанымен бір қабырғасын көршілерімізбен бөлісеміз екен.

           Көршілеріміз туралы айтып кетейін, олар үй салынып біткеннен бастап өздерінің бөлігінде қырық жылдан астам уақыт тұрады екен. Совет үкметінен нарық өміріне көшкенде бейімделе алмаған секілді. Күн көрістерінің көзі біреу. Үйдегі үлкені, зейнеткер апаның зейнет ақысы. Кейінрек білгенде ол апамызда, араққа жуық болып кеткен білініп қалды, жетпіске жеткен мас үлкен адамды көргенде сөз ететін емес, сипаттап айтқанның өзі қорқынышты.
            Үй іштері, қыз баласы, күйеу баласы және немерелері. Артынан белгілі болды күйеу баласы арақтыңөзінен емес, буынан мас болып кететіне, арақ буын-буындарына сіңіп кеткен. Баларының кемтігі денсаулықтан емес, әкесінің қылықтарынан, қашан болмасын үйдің іші у-шу. Балаларының үнемі қарындары аш. Үйлерінде кей уақытта жалғыз сыирдың сүтті бәріне жетпейтін күндері болады екен. Еріндері шөлден емес қарасудан жарылып кеткен. Қай уақыт болмаса су ішіп жүреді. Егер сүт көже, ішіне кеспесі болса, бір тілім нан яғни ол үйде мейрам, тамақтың ең дәмділігі тоқтысы болып саналады.
            Сол жазда үйдің үлкенің көзі кетті. Халдері тым төмендеп кетті. Күнде немесе күн арата әкесі шешесімен қосып баларды соғатын болды, күзгі суық түнде қорадағы сиырдың бүйіріне жатып қонатын.

            Бір ай болды бірге тұрып жатқанымызға. Бірден жолдас болып кеттік.
            Екі жас жігіт, үйленбеген, екі бөлмелі үйдің тек бір бөлмесінде тұрады, екінші бөлмесі бос тұрғанда? Білем бұл жағдай қызық болып көрінгенін, неге мен екінші бос тұрған бөлмеге тұрмағаныма жауабын кейінірек берем. Әзірше осы жайтты есіңізден шығармаңыз.

            Түскі ас ешқашан артылып қалмайтынын білетінміз, әке-шешесі жоқ кезде, біздің үй бөлігіне көрші үй балалары келіп есік алдын жорып жүретін, өйткені біз оларға жанымыз ашып шамамыз келгенше тамақтандырып қоя беретінміз. Екеуіде қыз бала. Балалардың кішкенесі тоғыз-он жаста. Бар білгені қандай амалмен босын тамақ тілеп алу. Үлкені болса босаға алдына келіп тұрады, мүлдем сөйлемейді, ылғи үнсіз. Ойлайтынмын жасы он екі, он үште шығар деп, жоқ он алтыда! Тамақ дұрыс ішпегендіктен бе? Жүйкесіне зақым келгеннен бе? өсіп-жетпей қалған. Бірде көрші жақ қабырғаның ар жағынан қатты шу шығып кеткенде шыдамай молла екеуіміз артжақтағы көршілерімізге бардық. Мен қорқақ болдым, жолдасым өжет. Бірақ қанша қорқақ болсанда шыдамайсын, білгенде батыр да болуға тура келет екен.

            Көрші үйдің кіре беріс есігі шалқасынан ашық жатыр, үй іші тып-тыныш. Үй ішіне кірдік, аралап жүріп ең түпкі бөлмеге басымызды сұқтық. Бөлме ортасында үлкен қыздары тұр, жай тұрған жоқ, бес жұлдыз жасап тұр. Екі қолы, аяғы бес жұлдыз болып созылған. Біздің келгенімізге ешқандай көңіл аудармайды, екі көзі тұрып қалған, алға қарап, еріндерінің тұсынан ақ көбік. Тірі екеніне сәл білінбейтін денесінің дірілі білдіртеді. Жауыз!мұндай қалға қалай жеткізген! Туған қызын! Төсек үстіне отырғыздық, біз бөлмеден шыға салысымен жастыққа бетін төсеп тұншыға жылай жөнелді.

            Үнсіз үйден шықтық. Көргеніміз әлі жүрегімізде. Қайда жауыз! Бірақ ешкім үйге қайтіп келмеді. Таң атты. Түс шамасында барлығы еш нәрсе болмағандай есік алдарында жүргенсоң ешнәрсе айта алмадық.

            Біз тұрып жатқан үйдің бөлігі туралы айтып кетейін. Сырттан кіргенде тура ас ішетін бөлмеге кіресін, сол жақ қабырғада бірінші бөлменің босағасы, бөлмелердің ең үлкені. Оң жақта қабырғада екінші бөлменің босағасы, үйдің ең кіші бөлмесі. Қабырғаларының бойына тек бір-бірден төсек сыяды. Пеш ас бөлмеде, сол жақ түпкірінде орналасқан.

            Осы үйге келген күнінде бөлек үлкен бөлмеде тұрмақшы болдым. Оған молла еш қарсылық етпеді. Жарық кең бөлме. Төсек орын әлі әкелген жоқпын. Сондықтан еденге төсеу төседім де, жататын орын жасадым. Жұмыстан кеш келдім, мектепте каникул болсада жұмыс толы, оның үстіне жаңа компьютерлерді жуықта әкелген екен, соларды құрып жүріп қалдым.

            Кешкі асымыз құрғақ болды, ешқайсымыз тамақ жасап әуре болған жоқпыз. Шәйде қайнатпадық, су іштікте жатып қалдық. Бөтен жерге көп үйретін адаммын, қонаққа барғанда көп ұйықтай алмай жататынмын. Осы жолы жастыққа басым тиместен ұйықтап кетіппін. Таң атты, таңертенгілік шайға отырдық. Бір ой мені мазалай бастады.

-Сеннің қасыңа бүгін қонам, ана бөлмеде жалғыз жатқым келмейді-дедім, молла бірден

-Жарайды-деп бірден келісті.

            Мен келген күні молла өзі қонған бөлмеге қондеген ұсыныс жасаған болатын. Маған оның ұсыны ұнаған жоқ. Бөлек бос бөлме тұрғанда?бір бөлмеде бірге тұрмайтынымды айттым.Бір түн үлкен бөлмеде түнегеннен кейін, кіші бөлмеге көштім. Үлкен бөлме есігін жауып қойдық, есіктің істелінген мықты екен.Бөлме есігі мықты есікпен жабылғанына іштей қуандым.

            Түнгі оқиға. Түннің қай уақыты екенін білмеймін, бөлмеде электр шамы жаңды. Тік жатқан орынымның үстінде тұрмын. Біреу маған тесіле қарайды, жақындаған секілді, оның суық демінің лебі сезілет. Оны жақыннан сезгенмен көре алмаймын.
            Көз алдымда айналаның бәрі айналып барады, аппақ болып кетті. Суық, тонып барам. Мұзбын, мұз. Енді ақпақ бөлме ішінде екенмін. Ешкім жоқ тынық, тек өте суық. Суық денемнен жел секілді өте шықты. Төмен қарадым аяғым жоқ, қолымды көргім келет көрінбейді. Мен жоқпын! Мен мына суық бөлме ішінде қамаудамын. Айғайлаймын, білем дауысым шықпайт.
            Шарасыздық бойымнан қорқыныш кетті.
Недеген таза бөлме? Мына кеңістікте, салмақ жоқ, недеген кең тыныс, қанша дем ішіне тарсатсаңда, кеудеңе тола берет. Бөлме ақ қабырғалары алдымнан шаң болып жоқ болып кетті. Енді жардың шетінде тұрмын.  
            Алдымда көкжиек, суық тартқан. Үлкен терек, дәу терек, арғы жақта, көз жетпейтін жақта, жардың аржағында өсіп тұр. Оң жағымнан, міне сол жағымнан, адамдар, жоқ олардың жандары, кезек-кезекпен жардан атап жатыр, жоқ құламайт, аржақтағы терекке қарай ұшып барат. Кезегім келді, жардан аттай бергенде иығымнан біреу тартат.

           -Тұр, тұр -деген дауыс айқын, айқын шығып келет. Денемді сездім, бөлме ортасында суық еденде жатыр екем. Молланың бет жүзін көргенде қуанғаным ай! Бойымның жылыуын сездім, аяғым ұйып қалыпты. Бисмиллә-рахман-рахим, жарық дүниедемін!

            Молла тұрғызды да кетіп қалды. Қайтадан еденге отырып қалдым, астымнан суық леб зыр етіп өте шыққан соң, шапшаң тұрып есік алдына шықтым. Молла қолын жуып жатыр екен.

           -Жуынып ал, таңғы асымызды ішейік,-деп қол жуғышты босатты.

            Молла еш нәрсенің басын ашып айтқан жоқ. Тек бұл үйде тұрғанына жарты жыл болғанын айтты. Тұрғаннан бері үлкен бөлменің есігін жауып қоятын болыпты.

            Келесі демалыста әкем-шешеме қалаға бардым. Олар бес-алты жыл бұрын қалаға көшіп кеткен болатын, әйтпегенде ауылда бірге тұрушы едік.

            Әкеме қай үйде тұратынымды білдіртпей, сол маң туралы сұрастырдым. Бірден әкем есіне ертеде дәл сол жерде күлтөкпе болғаны есіне түсті. Елуінші жылдары тұрғын үйлер көше түзегенін айтты. Қазір бізбен үйдің қабырғасын бөліп тұрған жақсы адамдар болғанын, әкем жас кезінде оларды жақсы танып білгенін, бірақ кейіннірек ол отбасының шыры кетенін айтып берді. Отағасы аяқ астынан оқыстан қайтыс болат. Одан кейін мен білген халге жетіпті.

            Ауылға қайтып барғанда, көше бойында тұрып жатқан басқа көршілерден, біз жалға алған үй туралы сұрастыра бастадым. Олардың айтуынша үйді талай рет жөндеуден өткізуге тырысқандардың куәгерлері болыпты. Бірақ ылғида жөндеу аяқталмай қалады екен. Үйдің сыртын ағартумен ғана шектеледі. Бізге үйді жалға ауыл әкімшілігі беріпті, өйткені үй иелері жиі ауысқандығы соншалықты, аяғында кімдікі екендігін білмепті, бірнеше жыл үйдің біз тұратын бөлігі бос тұрыпты. Үйді тонап қиратпасындеп ауыл әкімі оны бекітіп, жауып сақтап қалған. Қыс түсісімен бізде бұл үйден көштік. Артынан естідік, біздің қабырғаны бөліп тұрған көршілерімізде жоғалып кеткені туралы. Біреулер айтат қалада босып жүр”, біреулері апайлары табылып солар көшіріп әкетіптідейді. Қыста иесіз жатқан үйде өрт болып, өртен кейін төбесі құлапты. Үйді ешкім қалпына келтіріп, үй қылуға тырыспаған. Қабырғалары құлағаннан кейін, ол жер күлтекпеге айналыпты.

P.S.

          Адамдар бұрын үй тұрғызу үшін жер таңдаған, кейін жерді бульдозер көмегімен  тегістеп, жер иесінен сұрамай үй сала берген. Әңгімеде менім әкем үй күлтөкпе(свалка”) орынындасалынған деп мағлұмат береді. Ауыл жиырмасыншы жылдары колективизация кезінде пайда болған. Бұрын ежелгі ауылдар сол жердің маңында болған. Отызыншы жылдары осы ауылда аштық қолдан жасалады. Әңгімеде айтылған үйден, алыс емес жерде, төмпелердің арасындағы күлтөкпеде, ауыл жылқылары жиналып, атып өлтірілген, жылқы еті бұзылып сүйектен аққанша қаруланған солдаттар күзеткен. Сол маңайдан кейіннен, көктемде, еріген қар суы ағып кеткеннен кейін, желкесінде тесігі бар адам бас сүйектері табылып жүріпті. Күлтөкпеде жерленбей қалған адамдар сүйегі.



1216
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 10 сентября 2010, в 18:00:22
    бала кезімізден анам күл төгілген қан аққан немесе кір су төгілген жерге аяқты бастырмайтын, ал адам өмірі қиылған жер туралы не айтуға болады?
    ответить
    • D N D N 10 сентября 2010, в 18:03:32
      Ооо, салем! Кiмдi ойласам, сол келедi деген осы)))
      ответить
      • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 10 сентября 2010, в 18:05:19
        салем))) онда тек мені ойлайтынын ба? ))
        ответить
        • D N D N 10 сентября 2010, в 18:10:21
          Казiр ойладым, бiрак, казiр кетуiм керек))) амандасайын дегенiм гой))) завтра выходной?
          ответить
          • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 10 сентября 2010, в 18:15:05
            )) жолын болсын!)) ертең мен болмаймын))) пока пока
            ответить
  • D N D N 10 сентября 2010, в 18:00:58
    Аягына шейiн окымадым, сонда да кызык шыгар деп +1))
    ответить
  • ЕрСерк Көшеген ЕрСерк Көшеген 11 сентября 2010, в 14:03:47
    Бұл ауылдағы рухани өмірдің қараң қалғанын білдіреді. Бұрынғы қожа-молдалар (кәзір молла аталатын болыпты ғой, онысы молаға жуық) ауылды таза ұстау идеологиясы мен қатар тазарта білген, аластаған. Әрине, жаназасы шықпаған, дұға оқылмаған, садақасы берілмеген. Енді уақавизмге ұрынған «моллалар» құранды жаьқа соққаннан басқа ештеңе білмейді ғой.
    Жалпы, материал өзекті. Қысқарақ және ширақтау жазылғаны жөн. Өйткені, шұбаланған нәрсені оып отыруға жұртың уақыты жоқ. Көрдіңіз ғой, материал туралы мәндетпе бергендер аз. Жалғастыра берсеңіз, мұндай хикая кітапқа желі болады.
    ответить
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 25 октября 2010, в 00:49:44
    әңгімеңізді одан әрі жалғастыруыңызға кеңес берер едім)))
    ответить
  • Руслан Наурызбаев Руслан Наурызбаев 25 октября 2010, в 12:44:14
    Өз пікірім, толық ашылып жазылған әңгіме. Дүниеде небір түсініксіз жайттар көп. Өзімізге түсініксіз болғандықтан одан қорқатынымыз да бар. Бір байқағаным, бұндай жайттар ұрыс-керісі, жанжалы көп жерде жиі кездеседі. Бұндай жерлерде адам эмоциялары көп болады ғой. Айтайын дегенім, менің ойымша, бұл адам ойы, миының бізге белгісіз күшінің әсерінен болса керек. Адам миының ашылмаған, зерттей алмаған небір құпиялары көп. Адам ойы арқылы небір іс-әрекеттер жасауы мүмкін. Қарапайым адам ол жөнінде білмейді де, оны басқара алмайды. Ал біздің бұрынғы бақсы балгердеріміз болса ол жөнінде біраз ақпаратты жиып, біліп, ойының бұл қабілетін басқаруды біршама үйренген. Болашақта бұның да сыры ашылады-ау деген ойдамын. Өздеріңіз қалай ойлайсыздар?
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 17 декабря 2010, в 01:15:55
      Рахмет коментарийңізге. Халық емшілері бар гой, мысалы Құранды оқып емдейтін, ешқандай ғылым бұл феноменді түсіндңре алмайтын секілді. www.on.kz/u23436/blogpost/13139/ оқып көріңіз, бұл феномен куәгері болдым.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться