Бакытжан Копжасаров  >   Ессіз сүю. Алғашқы махаббат туралы

Ессіз сүю. Алғашқы махаббат туралы

rss Бакытжан Копжасаров 26 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

       -А, а аузыңды кеңірек аш,-дәрігер қолындағы қалақпен тілді басып тұрып,
       -Тамағын жаман болып кетіпті, -деді де, алдындажатқанқағаз парағына қаламен бір-екі жолды жылдам-жылдам жазып жіберіп, бір сөздің астын сызыды да, арт жағымда отырған анама ұсынды.
       -Апай балаңызды емханаға жатқызу керек. Ангина, без ішіне ірің толған -деген дәрігерлік қараудың шешімін айтты.

      Уақыт өте, жасөспірім кезімдегі болған осы оқиғаны естелік қылып сағынышпен анда-санда есіме түсіремін. Онтөртке толған кезім.

      Емханадағы бірінші күн. Айналамда ақпақ халатты адамдар. Орыстың үлкен жастағы әйел адамы-медбиекебілегімнен мықтап ұстап жетектеп келет. Жетінші класс бітіргенде, мына орыс апасы қолымнан балабақшаға баратындай жетекке алғаны. Ұялғаным ба, сөз айта алмаймын, сұрақ қойса жауап ретінде не басымды изеймін, не шайқаймын. Түсінсемде, жауап бере алмаймын, тілім бармайды. Ауылда ешкім орыс тілінде сөйлемейтін.

      №407 палата. Жалғыз қалдым. Не істерімді білмеймін, жетектеп әкелген орыс апасы ешнәрсе айтпай үндеместен кетіп қалды. Жалғыз палата ортасындағы тұрған  төсек үстінде отырмын. Бір түрлі, тып –тыныш.  Көңілім терезеге ауды. Терезе жақтауына сүйеніп, төртінші қабаттан көрінген айналаны зерттей бастадым. Сөйтіп тұрғанымда палата есігі ашылды. Орта бойлы медбике кірді, емхана босағасын аттағаннан кейін естіген ең бірінші қазақ сөздері маған өте жылы болып естілді:
     -Сарсенов Қайрат? -медбике жаққа қарай бұрылдым, орта бойлы екен, үстінде жасыл түсті хирургиялық киім, оның үстінде халат екен, басында ақ түсті медициналық  қалпақ. Танылған беттінентек екі қара көзі ғана көрінеді. Көздер күліп тұған секілді. Медбике  көзінедеріне қарап тұрып қалыппым.

     -Неменеге қарап қалдың? –үндемей көзімді басқа жаққа бұрдым, палатадан шығып бара жатып медбике:

     -Біраздан соң дауыстап шақырам, процедурныйға кел, укол салам -деп, шығып кетті.

     1996 жыл, мұғалім болганыма бір жыл болат. Алда мұғалім ретінде қарсы алғайы тұрған алғашқы соңғы қоңырауым, мамыр айы. Бір уақыта:
      -Аға махаббат деген не?,-алдымда отырған бойжекен оқушы қыздың күтпеген сұрағы абыржатып тастады. Құлағымда айтылған сөздер қайта-қайта жаңғыртат.
Қолымдағы оқушының күнделігіне қарап қадалып отырып қалыппым. Түске дейінгі аусымның ақырғы алтыншы сабағының аяқталуын білдіртетін қоңырау соғылды, менім қолымдағы күнделігіне қарап:
      -Сабақ аяқталды, күнделікті беріңізші, мені тосып тұр, -деді, оқушының күнделігін жауып қолына ұстаттым да, абыржағанымды білдіртпей,
      -Жауапты…, -тұрып қалдым, сөз таба алмай, оқушы күнделігін сөмкесіне салып кластан шығып бара жатқаннын байқап тұрып, соңына қарап, өзіме іштейсұрақ қойдым, махаббат деген не?, шынымен өзіме мұндай сұрақ қоймаппынғой. Ең бірінші ғашық болдым қашан?, кімге?, қай уақытта?

      Үш төрт күн ішінде ауруханаға үйреніп қалдым. Палатаға тағы науқастар келіп түсті, бес төсек орны да толды. Ең ересек және жасымыз жақын Вова екуіміз. Вова оң жақта, ортада мен, сол жақта жатқан онжастағы ұл бала, атын ұмытып қалыппым, біз Вова екуіміз оны «Рыжий» деп жүретінбіз. Қалған екеуі 7-8 жастағылар, артынан білдік, олар жетім балалар үйінен келіп түскендер екен.
       Алғашқы күннен бастап ұнатып қалған медбике аты Асемгүл екен. Екі күннің біріндекезегі келеді. Қатал болғанымен, ұйқы қашқан кезде коридордағы тұрған кушетка үстіне біраз отырып кітап оқуға рұқсат беретін.
       Бір жұма өтті. Кейбір кезекшілікте болатын  медбикелер түнгі сағат үш пен төрт кездерінде бос тұрған палатаға барып ұйықтап қалатын, таңғы беске дейін. Вова бір-екі күн ішінде ондай заңдылықты байқап алды. Ерте жатып, түнніңүш уақытында ұйқысын ашып алатынболды.
       Бірде, Вова мені түнде оятат, мдап тұр, бізбен жүр дегенқолынмен белгі берді, ұйқылы-ояулы басымды шайқадымда, жатқан жерімнен қозғалған жоқпын. Не істегелі жүр? Қызық. Вова Рыжийді үстіне отырғызып алыпты, үстеріне ақ жаулықты жауып алған, коридорға шығып барады. Ары-қарай не болат дегендей тосып жатырмын. Біраз уақытта көрші қыздар жататын палатадан шу шықты. Рыжий мен Вова жығыла сүріне төраяқтап палата кірді, түк болмаған секілді көріну үшін көрпелеріне оранып, ұйқыдан оянбай, тұрмағандай болып жатып қалды.
      Көп ұзамай кезекші медбике барлық палата бөлмерінің есігін ашып қарап шықты.
      Ертеңінде Вовадан сұрадым, «түнде не болды» деп, түнде болған оқиғаны айтып шек шелесінен күліп алды. Екеуі бірінің үстіне бірі мінгескен күйі, үстеріне ақ жаулық жауып, қыздар жатқан палатаға есік алдына барған. Палата есігін кенеттен жалп еттіріп шалқасынан ашып жіберіп, екеуі бірдей үкі құстың шығаратын уіл дыбысытарын шығарыпты. Сол кезде қыздар болса шала ояна сала шошығандарынан жатқан орындарынан атып-атып тұрып қышқырыпты. Шудан оянған медбикелер байқап қалмасын деп өтірік ұйықтап қалдарына дейін айтып берді.

      Кабинет есігі ашылды, қою шаштары білт-білте болып өскен, қалқайған құлағы екі жақта, бақырайған көздерімен қараған оқушы есіктен бас сұғып:
     -Қайрат аға, бізде сабақ осы класста бола ма?
     -Жоқ, он төртінші классқа бара беріңдер, есігі ашық, қазір барам –деп айтып отырып, жаңағы оқушы келбетіне қарап он төрт жастағы өзімді есіме алдым.
      

      Біз жатқан емхананың бөлімшесінде жалғыз үлкен айна, медбике отыратын үстел қасында ілінген болатын. Бірде айна алдына барып білте-білте болып өсіп кеткен шашымды қолымен қайта-қайта қайрып жөнге келтіре бастадым. Айнада кенеттен менің иығымның үстіненқараған орыс қызының келбетіпайда болды. Бұрылып  қарағанша қыз шашын резеңкемен буып жинап кетіп барадыекен. Сол кезде кезекші медбике:
     -Сарсенов, -деген Асемгүл апай дауысы шықты.
Апай осы жолы күлкісі келді ме, бетіндегі танып алған тануышты иегінің астына түсіріп, күліп тұрған жылы жүзімен:
     -Сен балақай ғашық болып қалдын ғой, -мен болсам Асемгүл апайға қарап қалыппым, алғашқы рет жүзін көріп, біреу сұраса «кімге ғашықсын?»десе, айтар едім сол мезетте «Асемгүл апайға» деп. Ұялғанымнан аяғымды тез басып өз палатама кіріп кеттім.
      Асемгүл апайдың сөзін бір-екі күнде ұмыттым. Айналада қазақ баларынан өзім жалғызбын, Асемгүл апаймен, сирек біраз ғана тілдесетінмін. Көп уақыт өтпей орыс балаларымен сегізінші класстағы қазақ мектебіндегі орыс тілі берген сөздермен сөйлесе бастадым. Қазақша ойлап, орысша сөз құраған қызық екен. Бірде орысша, емхана есік алдына серуенге шығарғанда айтыппын, «қыздар арасында бір ұлмын, сендермен ойнаған қызықсыз» дегендей, тек «қыз» сөзінің орына орысша әйел сөзін атып қойыптым. Қыздар жиналып төмпештегені бар. Қыздарға жақындасам мазаққылған күлкінысаныболам, олар жиналып өздеріне белгілі себеппен мені төмпештеудің астына алатын болды. Іші пысқан ер балаға не керек, дәл осы. Емхана сыртындағы баталья түстен кейін көрші қыздар палатасына көшіп кететін болды. Ұлдар жақ Вова, Рыжий және мен. Қарсыластарымыз жақтын саны екі есе көп. Олардың басты қару «вафельный» ақ орамал, бастары түйншетелген, тигенде ауыртпаса да, қарусыз ұл контр шабуылын тоқтататын. Медбикелер бір-екі минуттықшайқасты байқап тоқтатуға дәрменсіз еді, бәрібір балалық қылығымызды жасап үлгеретінбіз.

     Түс кезі, күн жақтағы кабинет. Көлеңке жақтағы мектеп кабинетері бос емес. Кабинет ысып кетті, түстен кейін факультатив болмаса ше, үйге қатар едім. Бүгін ақырғы факультативтін сабағы. Ақырғы сабағы. Факультативке өз еркімен сегізінші жәнеоныншы класс оқушылары қатысатын. Тақта алдында тұрмын. Қайталайық «астында бір ноқат, үстінде бір ноқат» нүктелерді салып жүріп оңнан солға жолдарға сөздер шимай болып түсіп жатыр. Бүгін төте жазумен ең әдемі сөздерді жазамыз… Оқушылар төте жазуды жайғана солдан оңға қарай шимай емес, әлемде ең әдемі жазу «араб» графикасы, сондықтан әдемі сөздерді, әдемі жазумен жазайық деп шештік. Бүгін сынақ, оқушылардың дайындаған сөздері: махаббат, ана, өлең, өнер, дарын, сыйлык, мейрірімділік, кішіпейлділік, намыс, рух, қаһармандық. Әркімнің өзінің оң әдемі сөзі бар. Тақтаға кезек -кезек шығып жазып жатыр.

     Емханаға түскендердің бірі сауығып, орындарынабасқа науқастар түсіп жатыр. Біздің палата босай берді. Рыжий бірінші болып шығып кетті. Вованың да құлағынан аққан бұлағытоқтап сауықты, олда бүгін түске дейін емханадан шығарылып үйіне жіберілет. Вова «келе жатсан» деп, мекен жайын жазып берді.Әзірше палатада жалғыз қалдым. Біздің бөлімше тынышталып қалды. Қыздар және ұлдар арасындағы баталья өзінен-өзі жоқ болды. Түс алдында барлық балаларды медбикелер бөлмелерді желдету үшін терезелерін ашып, емхана сыртына серуенге шығарды.
     -Сарсенов палатадан шық -деген Асемгүл апайдың дауысы саңқ ете түсті,  жылдам басымды жастықтан көтергендігім бе, ішім удай ашып кетті, сылтау табылды. Ішімді басып тұрып,
     -Апай менім ішім аурып кетті, мен далаға шықпай қояйыншы, -дедім де қайта төсекке жата кеттім. Асемгүл апай қасымнан өтіп терезелерді форточкаларын ашты да, палатадан шыға бергенде, кішкене кідіріп тұрып, маған қарап бұрылып басын шайқады да, палата есігін ашық қалдырып жүре берді.
      Біраз төсекте аунап жатым, тұрып жүргім келді. Бөлімше іші тып тыныш, коридорға шықтым, жан -жағыма қарадым, ешкім көрінбейді, барлық палата есіктері ашық жатыр екен. Коридор бойымен көз жүгірттім, оның аяғындағы үлкен терезеге көзім түсіп, терезе алдына шығып отырмақшы болып жүре бергенде, көрші қыздар палатасында, дәл ортаңғы төсек үстінде Катя отырғанын көрдім. Басқа ешкім жоқ екен.
      Ол қыз менен кейін емделуге келіп түскен. Айтпақшы! Айнаның алдында, менімен бірге тұрып, шашын жинаған дәл өзі Катя екен. Маған осыжайт қызық болып көрінді, неге екенін білмеймін.
      Катя төсек үстінде, маған қарап отыр, тізесінде ақ емхана орамалы (бір үші түйіліп талай рет маған томпақ болып тиген), қазір Катя орамалдың бүктеліп мыжылған жерлерін қолымен сыйпап жазып отыр. Мен де, ол да тіл қатқан жоқпыз, қасына келіп отырдым. Катя тумбочка суырмасынан блокнот пен калам алып бір парағына жазу жазып жыртып маған берді.
     «Хлебова Екатерина Александровна, ул. Молодежная ...». Сол кезде кенеттен, менім қолынан әлгі парақты арамызда пайда болған қол жұлып алды.
     -Катя сен оған не бересін? Бер ме… -Катяға көрші жатқан орыстын қызы, емхана сыртынан серуеннен келіп қалыпты, біз оның платаға кіргенін байқамаппыз.
      Катя орынан үндемей тұрды да, әлгі парақты көршілес қыз қолынан жұлып алып, қолыма табыс етті. Катя бүгін емханадан шығат. Менің көңілім біртүрлі, өзім түсіне алмаймын. Тек тыпыршып емхана коридорын ары бері кезіп жүре бердім. Аяғым талды, палата босағасына сүйеніп тұрып қалдым.
     Көп ұзамай қыздар палатасынан Катя шықты. Қолында сөмкесі бар. Үстіне күртікше киіп алыпты, маған қарай келе жатыр, мен оның әр қадамын байқап тұрмын. Екі көзі менде, қасымнан өтіп барат, анық көрдім көзінен жас шығып барат. Көзім, оның көзінен айырғылысы келмейді, қозғалып шығарып тастайын десем аяғыма шынжыр орап қойғандай, қозғалтпайды. Қасымнан өтіп кетті, коридор басындағы бөлімшеге кіретін есік ашылды. Босағада орыс әйел адам тұр, Катя қасына жетіп қалды, кенет тоқтады, жалт етіп бұрылып бір қарады, жүрісін шапшаңдатып есік сыртына шығып жоқ болып кетті. Білемүнсіз жылап барасың.Сол кезде босаға сүйенген жерімде, құлап түсе жаздадым, аяқ астындағы еден өздігінен бір көтеріліп, бір төмен түсе бастады. Құлағанымды, құламағанымды білмеймін.
      Қазір төсек үстінде төбеге қарап үндемей жатырмын, көзіме өздігінен жас келет, түсіндім неге Катя жылағанын. Катя жетпейт қасымда, осы екі апта ішінде, көзім тек Катянын көзін көріпті. Тілдесіп сөйлесіппіз, бірақ не туралы сөйлескеніміз ойымда қалмапты, тек оның дауысы құлақта, айтқан сөзін түсінгім келет, түсіне алмаймын. Көзімді жұмдым, алдымда Катя, жіп жіңішке, бойшаң, тұла бойы ақпақ,  ұзын шашын өріп алыпты, менің көзіме қарайды. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.
     Хлебова Екатеринаны студент кезімде іздестіріп көрдім, таппадым. Шіркін адам көргені, білгені, сезгенін, ойында не барын, қағазға өздігінен түсіре білсе ғой, керек кезде алып оқыр еді. Сағыныш сезімгебатар едім. Байқамаппым білмеппім қалай махаббат маған келгенін. Махаббат дәмін сезбеппім, тек жоғалып кеткенде біліппін, дәмін қайтара алмай.

     Факультатив аяқталды, оқушылар көбі қайтып кетті, соңында сынақ тапсыру үшін екі оқушы қалып қойыпты. Екеуін сынақ тапсыру үшін бірге тақтаға шығардым. Тақта алында 9А, Б оқушылары Дархан мен Дина қатар тұр, қолдарында бор. Дана кезегі келді, ең әдемі сөзді төте жазумен жазғанға. Оқысам «Дархан» есімін тақтаға түсті,
     -Ары қарай жаза беріңдер, -жазылған сөзді байқамаған болып, телефон соғу керектігін есіме аяқ астынан түскенін ескертіп кабинеттен шығып кете бердім. Жарасып тұрған тұрыстарын бұзғым келмеді. Тек ішімнен қуандым, ең әдемі жазу түрі, араб графикасы, бойжеткендердің ең жарқын сезімдерін жеткізу үшін іске асқанына.

     Айтыпты ғой біреулер, «алғашқы махаббат болғанымен, адамдар алғашқы махаббатарына үйленбейді» деп, жоқ бұларда басқаша болат! Олардыңуақытыбар. Барлығы жарасып тұр, не киседе келбеттеріне бір-бірінежарасат, қалай күлседе күлкілері жарасат, оқығылары келсе бірге оқыйды. Есімдері де жарасқан. Көздері жеткізет тілсіз бәрінде. Сенгім келмейді, сенбеймін олардың жұп болмайтына. Тек бақ берсін, тілегім менім...

   Есімде әлі сол күндер, қайдасын балалық шақ, бала болып, бал сарайында бала болып алтынбақан тепкен...

P.S. Дархан Дина болса мектеп бітіргеннен кейін үйленді. Қазір бақытты өмір сүріп жатыр. Екеуінің ортақ істері бар, наубайхана ашты. Балалы болды. Қашанда көрсеңде олар бірге. Өзім болсам уақыт өте ерекше ыстықпен алғашқы махаббатымды, балалық қылығымды сағынышпен еске алам.



2697
  • Rose ... Rose ... 26 октября 2010, в 01:35:23
    =))… tipti aituga soz jok…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться