Бакытжан Копжасаров  >   Орақ жүзі. Адам мінезі қалай қалыптасады. Әке тәрбиесі

Орақ жүзі. Адам мінезі қалай қалыптасады. Әке тәрбиесі

rss Бакытжан Копжасаров 24 сентября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

        Шілде айының, ысыған күні, онбеске толған кезім. Үйдің көлеңкесінде отырмын, ойымда суға барып түсіп келу, жаяу емес, қара биенің  жайдақ мініп алып, ауыл шетіндегі су бөгеуіне бару. Ол үшін биені жайлып жүрген жерінен ұстап, жүгендеу керек. Әкем қалаға, нағашы апам көрші үйге алаша құрып беруге кеткен, анам жұмысында. Үйде өзім қожамын,  сондықтан қорықпастан өз ойымды іске асыра бастадым.

         Жемқорадан жем алып шығу керек, әйтпесе құр қолға далада жайлып жүрген бие ұстатқызбайды. Жем қораға ішіндемін. Футболка етегін сұлыға толтырып шығу бет ала бергенде есік алдына көршінің жасыл «москвич 412» машинасы тоқай қалды. Әкем арт жақ есігінен шығып келет, қолында кенеп қапшық. Жалмажан етектегі сұлыны сусекке шашып жіберіп, үстімдегі футболканың қағып жатып, "қарабиенің қырсығын қараш" деп ішімнен өкіндім. Жаяу кетсем үйді қараусыз тастап кеткенім білініп қалат, үш шақырым жерге барып суға түсіп келгенше кеш батат. Бүгін суға түсіп шомылуды анығымен ұмытқан жөн болат  деп шештім.
       Әкемнің үйге кіргенін қораның саңылауынан қарап тосып тұрмын, үйге кірді. Жем қорадан шыкпай тұрып үстімді тағы бір мұқият қағып үйге қарай бет алдым.
       Әкем әкелген кенеп қапшық ішінде не екен?
Үйдің кіре берісінде кенет қапшық жатыр. Ішін  ашып көрдім, ішінде шөп шабатын екі орақ басы шықты. Шөп шабуға арналған, мойында 70 саны жазылып тұр, яғни ұзындығы 70 см.

        Орақ пішіні кинодағы иілген пираттар қылышына ұқсас болғанымен, айырмашылығы бар еді. Шөпті оратын жүзі ішкі жақта. Сырт жағында доға бойымен тік бұрыш жасап игеннен пайда болған орақ қабырғасы бар, орақ басынан бастап үшкір аяғына дейін жұқарып келіп аяқталады. Шөп шапқан кезде үстінен, астынан салмақ түскенде орақ қабырғасы орақ жүзін иілгенен сақтайды. Жаныма әкем келді.
            -Балам, ертең орақтарды қайратып әкелем, тиме, саусағын тиіп кетсе, кесіліп түскенін байқамайсын, -деді де, біраз пауза жасап тұрып, -балам, биылдан бастап қол орақпен шөп шабамыз, шөп шауып үйренесің –деп ойын аяқтады да, орақтарды кенеп қапқа орап алып үйден шығып кетті.


        Таңертен ерте оянып алдым, орақ жүзі қайрағаннан кейін қалай өткір болатынын сынап көргім келіп жүр. Телевизордан бір көргенімде атақты жапон қылышының жүзінің өткірлігінен әсер алған едім. Сонда көрсеткендері, жұқа бұлды ауаға лақтырып қылышпен сермеп қалағанда бұл екіге бөлініп қиылып түскені болатын.
        Әкем ұстаға бара жатыр, мені қасына ертіп алды. Ұстахана ауыл шетінде.
Ұста ауыл адамдары ішіндегі ең бойы ұзын адам, кеудесі мығыр. Сыртынан қарағанда арқасына жүк салып қойған секілді болып көрінеді, қимылы ауыр, бірақ епті. Шаштары сирек ақпақ, төбесінде шашы түк секілді, қою апапақ қою қастары бар қара торы адам. Үстіне және астыта жырлып тимей тұрған ерін арасынан сирек тістері және қастарының астынан көзқарасы түсін суық етеді. Өмірін ұстағанада өткізген, хат танымаған екен.
        Ұстаханаға келдік. Ұстахана үлкен жүк машинасын қоятын гаражға ұқсайды. Тек темір есіктері кішілеу.  Ішіне ашық тұрған есіктен және әдеттен жоғары төбеге қарай жақын орналасқан ені кең терезеден түскен жарық,  ұста көрігінде лаулап жанған от жарығы ұстахана  ішін ала-ғұла етіп тұр.
        Ұста болса электр тогымен жұмыс істейтін балға астында бір жағы қызыл шоқ болып қызган темір шыбықты соғып жатыр екен. Үстінен келіп түскен төртбұрыш темір тас, астындағы қызыл шоқ темірді бір жаншығанан кейін қайтадан жоғары көтеріліп қайта жылдам түседі. Соққан балға, ұста көрігінде көмірді үрлеген ауа компрессор шуынан адам дауысы естілер емес. Бес минут ішінде ұста темір шыбықтан таға соғып шықты.
            Оның босағанын тосып тұрған әкемді және мені көріп ұста жұмысын тоқтатып, ұстахасынан шықты. Әкем сәлем берді. Көп ұзамай, әкем екеуіміз үйге қайттық. Ұста қолы бос емес екен, жайлауға кететін малшылар аттарын тағалау үшін таға соғып бос болмайтынын айты, тек әкемнің сұранысы бойынша қысқаша орақты түзін қалай қайрау керектігін ауысша түсіндіріп әкем екеуімізді қайтарды.
            Үйімізге дейін әкеммен ілеспей жолда қалып қойдым. Түстен кейін келсем, әкем оң қолының үлкен саусақ басын қалта орамалмен түйіп алыпты. Орақ жүзін қайрағанда тіліп алыпты. Орақтарға тисуге тиым салды.
             Әкем бірнәрсеге сезіктенді ме, маған кеңес берді.
-Балам, орақтын түзі өткір ұмыт па, ұмытсан болсаң сол мезетте қолынды тіліп кетет, ішіңнен орақтын жүзінен үнемі қорқып жүр, сонда орақ жүзі сенің қолынды тілмейді, -деді өз  де шаруаларымен кете берді.
            Шыдамым бір сағатқа қана жеттім.  Қораға барып тығулы тұрған орақтарды тауып алдым, біреуінде жаңа түзі бар, әкем қайраған орақ, оны қалдырып қайралынбаған орақты есік алдына алып шықтым.
             Әкемнен қалып қойған кезде ұстаға барып,  ол адам қасынан шықпай жүріп орақ түзін қалай шығарғанын көріп алғанмын, сол жерден етікшінің кішкене балғасын тауып, ұстаның балғасы секілді балғаның басының  қайратып алдым. Түбінде балға үшкір жағын сіреңкенің жартысының қалындығындай, ұзындығы 7-8 мм кішкентай төртекше табан пайда болды. Осы балғаның үшкір жағымен орақ түзін соғып жұқарту керек екен. Көргенімді істеп көруге асықтым. Ұста қатты, қорқынышты адам болып көрінгенңмен, ондай адам болмай шықты, ақкөңіл ақжарқын екен. Жарты сағаты менімен кетті. Дауысы бір рет қана қатаң болды, бар айтқаны «орақпен абай бол» деп ескерткені.
            Үлкен ағаш сапты балға, кувалда басын тауып оны төс қылдым. Импривизацияланған төсімді  жерге кішкене үнгіп орнаттым, жерге тізе бүгіп отырып сол қолымен орақты қабырғасынан ұстадым, оң қолымда балға. Әкемнің айтқаны есімде, бар көңілім қазіргі істейтін қимылымда, балғаны кішкене жоғары көтеріп орақ түсіне тигіздім, «түк» деген дыбыс шықты, балға серпіліп өзі көтерілген секілді, байқадым, орақ жүзіне балға табаның із түсіпті, жаншылған жері дәл  орақ жүзі, ол жер жұқарып жүз үстіне жұқа жүз пайда болды, көзге сәл көрінеді. Балға өз салмағымен қайтадан түсіп келет, төмен қарай кішкене үдетіп сермедім, көзім болса, орақ басының жүзінде, дәл түсті, алдыңғы жұқа түз ұзара түсті. Әр балға соқысынан кейін орақ жүзі жұқара түсті.
            Ақырғы рет балға «түк» деп орақ жүзіне тиді, орақ шындауын аяқтадым. Аяғым ұйып қалыпты. Орақты төс артына жатқызып, арт жағыма шалқайып жатайып тұрдым. Екі құлағым шыңғырлап тұр. Түк естімейді. Үстіме қарап шықтым еш жеріме зиян келген жоқ. Құлағымдағы шу басылды, айналамды ести бастадым, жел соққаннан сылдырлаған терек жапырақтарын, көрші үйдің итінінің үргенің, үй маңынан гүжілдеп өте шыққан машинаны.
            Орақты апарып орына қойдым. Кеш батты. Өзімнің бітірген ісім туралы ішкімге айтқан жоқпын. Үй ішілерде ештеңе деп айтқан жоқ барлығы күнделіктей, тек жатарда шешем «үстімді аман саусын ба» деп қарап шықты.
            Таң атты, нағашы апам екуіміз таңғы астан кейін қараған кесіп алуға кеттік. Апам ылғи ертіп жүретін.
            Түстен кейін келдік, әкем орақтарды саптатқызып қойыпты, қашаға сүйелген орақтар «г» әріпі ілініп қалған секілді болып көрінді. Өзім шыңдаған орақ маған табыс етілді. Орақ басы шыңдалғанымен қайралынбаған.Әкем орақ сабын жерге тіреп, орақ басын көтеріп, соқпақ қайрақ ұшымен орақ жүзінің арғы -бергі жағын  жонып қайрап берді.
             Қаншалықты өткір екенін сынау үшін, ауыл шетіндегі бұлақ бойындағы қалың шөп өсіп тұрған алаңға бардық. Әкем орақ сабынан сол қолымен, оң қолмен орақ сабының ортасында бекітілген тұтқадан ұстап қимылдай бастады, кеудесімен оңға және солға бұрылады, солға бұрылғанда орақ басы жерге паралель жүріп отырып шөп түбінен қиып оң жаққа жығып түсіреді. Әкем қимылдары қайталана бастады, әр қимылынан кейін ол кішкене алға жылжиды. Бес  минут ішінде, ені бір метр ұзындығы екі метр жерде, ені бойымен кесіліп құлап шатқан шөптен тұратын текше жер пайда болды.
            Бірінші күні, шөп шаба алмадым, солға қарай орақ басы кеткенде үшін жерге қадап алам немесе орақ үшіне көп шөп іліп алып, шөп сабақтары шала қиям. Солай күн өтті жаттығумен.
            Екінші күні. Әкем дала басына кенеп қапшықты арқалай шықты, қаптың бір бұрышында ауыр бір нәрсе бары анық еді. Алдынғы күні орақтарды дала басында талдар  арасында жасырып кеткенбіз. Далабасына жеткеннен кейін орақтарымызды тауып алып шөп шаба бастадық. Біраздан соң, орақ жүздері қайтып қалғаны белгілі болды, қайта –қайта қайрай бергендіктен жүзі желініп қалыңдап кетіпті, қайрауға келмейді.
            Орақтар шыңдау керек. Әкем қапшығынан кішкене төс алып шықты, нағыз ұстаның төсі, тек шағындау екен, менім балғамдыда ала шығыпты. Алдынғы күндегі шапқан шөпті жинап кішкене бір екі айырдай шөмеле қылып  үйген болатынбыз. Соның біреуінің жанындағы тегіс жерге әкем төсті орнаты.
            -Балам орағынды шыңдап ал –деп, түк болмағандай өз шөп шауып жүрген жеріне кетіп қалды, алдынғы жолғы ескертуін ұмытқандай. Орақ басын төс үстіне қойдым, сабын арт жағымдағы шөмелеге жантайтып тіреп көрдім, төс орынында дұрыс тұр екен, кішкене ары қойса немесе бері қойса төс үстіне орақ басының түзі дұрыс жатпайды екен. Орақ басын үйде есік алдында шыңдағанымда ол саталмаған еді. Енді ескеру керек. Орақ басын мықтап ұстау қауіпсіздік кепілі, әсіресе орақ үшін шыңдағанда байқау керек. Орақ басын, орақ сабы басып кетіп, сол қолымнан шығып кетсе, не болады? Орақ үші қолымның немесе қолтық тұсыма қадалып қалу мүмкін, сонда сасқанымнан сол қолмен орақ басын ұстасам, саусақтарымды қиылары анық. Оның үстіне мазалап шағып жатқан шыбын -шіркей, сона шаққан кезде қалай сезбей шыдайсын?
          Қорықтым, не істеу керек? Орақты шыңдау керек. Орақ басын төстен сырғытып түсірдім,  төс алдына тізерлеп отырдым, оң қолымен орақ сабын, сол қолымен орақ басынан ұстап төс үстіне апардым, орақ сабы орнығып шөмеле үстіне жатқанына көз жеткіздім. Сол қолыма балға алып орақ түзін шыңдай бастадым, соншалықты қорқаным ба, іске берілгенімбе, шаққан шыбын шіркей өз жайында қалды, тек құлағымда балғаның тықылдаған дауысы, көзім орақ жүзіне тиген балғадан басқа ешнәрсе көрмейді, тек бір -екі рет балғаны қойып орақ сабын қозғап, сырғып кетпесін деп орнықтырып отырдым.
            Сол күннен бастап орақтарды дала басында шыңдайтын болды, жалғыз біздің ғана шөп шабатын орақтары емес, маңайдағы көрші орақшыларының орақтарын шыңдап жүрдім.
            Қазір жасым 30 -да, сұраңызшы менен, «орақ басын шыңдай аласың ба?» деген сұраққа қалай жауап берер едің деп:
            -Аллағи биллағы, құдай сақтасын, орақты шыңдай алмайын, ондай өнерім жоқ, -деп айтар едім. Неліктен десіз ғой? Орақ жүзін шыңдап, қайрау үшін ең бірінші таза ой, екіншіден қатты қол, үшіншіден өткір көз, төртіншіден ептілік, бесіншеден төзімділік керек. Осының біреуі жоқ болса ешқашан, орақ шыңдауға бел бума дер едім. Қазір менім ойым таза емес, бала кезде ойланбаптым көп нәрселер туралы, өлімнен қорықпаптым. Өз әкемді, әке болғансоң түсіне бастадым. Әкем ешқашан маған қол жұмсап көрген емес, шешем тек «әкеңе айтам» десе ол маган әкемнен ұрыс естіп алғандай сезілетін.
             Әкем жетім бала, әке тәрбиесін көрмеген жан екен, соғыстан кейін жетім қалған балалардың бірі,  үлкен жастағы соғысқа бармай қалған қаиялар қол астында және анда-санда жұмыстан қол тиген шеше тәрбиесін көрген. Кейіннен оны интернатқа оқып тәрбиелеуге берген. Сол жылы алғашқы рет қолмен шөп шапқан жылымызда өзі алғашқы рет орақ ұстаған екен, неге дейсіз, қажеттіліктен, екіншіден мені шынықтырайын деген оймен, жасы алпысқа тағанда шөп шабуды орақшылардан барып үйреніп одан кейін мені үйреткен.

            Алғашқы рет бала болып қауіпті істі атқарғанда, яғни орақты шыңдап жатқанымда, әкем маған білдіртпей мені байқап отырыпты. Істі жөнімен істегене көз жеткізгеннен кейін мені тоқтатпаған. Бірақ  мысал келтіру арқылы, мені жөнге салып отырды. Өзі әке тәрбиесін көрмеседе, аталарынан алған тәрбиесімен өмірлік тәжірбесіне сүйене отырып тәрбиеледі. Анам қанша дана болғанымен әкемдей мені талай қауіп қатерден аман алып қалуы екі талай еді.
            Анда -санда жұмыс істеп отырғанда маған қасымдағылар айтады «кедергі жасап отырмыз ба?» деп, жауап берем «жоқ». Өйткені олар маған кедергі емес, оларды естіп, көзалдымда отырсада не істеп жатқандарын көріп отырған жоқпын, өйткені не істесемде көңілім орақ жүзін шыңдап отырғандай, сол мезетте ең маңызды ісім -атқарып отырған ісім, қолымнан біреу ұстап істеткізбесе жұмысымды тоқтатам, бірақ қайтадан қолыма алсам тура тоқтаған жерімнен жаңылмай жұмыс істей беретін болдым. Осы қасиетімді сол бала кезімде орақ шыңдағанымда қалыптастырдым. Әке сөзі, әлі құлағымда...

Теги: тәрбие


709
  •  ханум xan ханум xan 25 сентября 2010, в 09:00:43
    Тәрбиелі мағыналы өмір шындығы туралы әсерлі әңгіме+1
    ответить
  • fanta fan fanta fan 26 сентября 2010, в 20:19:13
    JAQSY…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться