Бакытжан Копжасаров  >   Жастар қатыгездігі. Бейнеленген өлім

Жастар қатыгездігі. Бейнеленген өлім

rss Бакытжан Копжасаров 30 сентября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

           Жұмысымнан шығып үйге қайтып бара жатқанда емхана комплекс сыртымен айналып өтетінмін. Осы жолы жұмыстан кейін үйренішікті жолмен жүріп келе жатсам алдымда су көлкіп жиналып қалыпты, айналып кету мүмкін емес, жолаушылар жолын жалғастыру үшін аурухана комплексінің қоршауындағы қақпаны ашып қойыпты. Жай уақытта аурухана комплексі ішімен ырымдап жүрмейтінмін, тек жұмысқа кешігіп бара жатқанда, асыққанда жүріп жолды қысқартатынмын.
             Осы жолы кейін бұрылып жүрмес үшін аурухана комплексінің ішімен өтіп шықпақшы болдым. Бірінші үлкен корпус айналып келем, "өкпе аурулары, әйел адамдар бөлімшесі" орналасқанын есіме салып келем, келесі корпус «онкология...» іштей ойымды аяқтап үлгерген жоқпын, алдымдағы көріністен кенет тұрып қалдым, дәл осы корпус алдында көкалда, емделіп жатқан адамдар үшін орнатылған орындық үстінде...
             Тік тұр… Қара киім киген жас бала. Сопақша келген адамның бас сүйегінің қаңқасын бейнелейтін масқаны киіп алыпты, адамның қаңқа сүйектері қара киім үстіне денеде орналасатын өз орындарында ақпақ етіп салып қойыпты. Осы көріністі қараңғыда елестетіп көрейік. Орындық үстінде адам қаңқасы қираң -қираң етеді, оның үстіне қарқылдап күліп, түсініксіз дыбыстарды айғайлап шығаратынын қосыңыз.
Енді осы көріністі терезеден емделіп жатқан науқас көрсе, жағдайы қалай болмақ, соны елестетіңіз?            

Неге бұл ұсқынсызды ешкім тоқтатпайт дейсіз ғой?
Маңайындағы орындықтарда қара киім киіп отырған ұлдар мен қыздар, көңіл көтеріп отыр, қолдарында шөлмектер сырасын, арағын ашықтан -ашық ішіп жатыр...
             Емханадан бір ер адам шыкты, әлгі жастарға бара жатыр, қолын сілтейді тараңдар деген мағынада, емхана күзетіне ұқсайды, жақындады. Орындықтан атып-атып тұрған ұлдар қыздарымен бірге әлгі адамды көз жұмып ашқанша тепуіп жықты, одан кейін еш нәрсе болмағандай тобыр болып аурухана комплексінен шығып жоқ болды.
            Одан кейінғана, емханадан медбикелер шығып, жерде сұлап жатқан ер адамға көмек көрсете бастады.
            Осындай қатыгездік қайдан шығат екен?



213
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 01 октября 2010, в 09:14:48
    бір нәрсе айтудан аулақпын… айтсам, өзіме айналып келетін сияқты… бірақ, бір нәрсе белгілі — адам өз табиғатынан қатігез бола алады.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться