Бакытжан Копжасаров  >   Интернеттен диалог немесе қазақша ой неге екінші орында

Интернеттен диалог немесе қазақша ой неге екінші орында

rss Бакытжан Копжасаров 1 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

Бірінші диалог:

-Кайырлы кеш!
-Вечер добрый
-Күзгі күндер қалай?
-Осенние дни?
-Как осеняя погода?
-Мне так вообще по душе. Люблю осень...
-Мне тоже нравиться осень. Похожа на человека с изменчивым характером, может небо тучами затянуть в любой момент. Еще она похожа на рассеяенного художника который в торопьях размещивал краски и разбрызгал им все вокруг...

-Ммм. Как красиво. Собственное сочинение? Сіз қазақ тілінде сөйлеуші едіңіз! (орысша айтат та)

-Обижаете не ожидал. Все мужики тупые, наглые тем более если он аульный және қазақша сөйлесе. Вряд ли… Мне остается Вам сказать  До свидание.

Осыдан кейін контакты жойып, алып тастауға тура келді. Екінші диалог:

-Салем!
-Привет!
-Айтып тұрған «привет»-ін не?
-Онда тұрған не бар?
-Сау болыңыз
-Пока!

Үшінші диалог:
-Балаңызды қазақша сөйлейді ме?
-Иә
-Неге орыс мектебіне бересіз?
-Там учат хорошо (бұл мектеп ерекше мектепте емес, жай орта мектеп. Жұмыс бабы бойынша білем. Бұл жердің шындығы -жақын маңдағы қазақ мектебінде орын жоқтығы)

Үшінші диалог интернетте емес, нағыз өмірде болды. Әлгі мектепке кіріп қарасам, әр класста 7-10 қазақ баласы отыр. Қазақша сөйлейтіндері де бар екен. «Неге біліп тұрсан қазақша сөйлемейсіңдер»-деп сұрадым. Сөйтсем мұғалімдері мектеп ішінде қазақша сөйлеуге тиім салат екен,  орыс тіліндегі мектепте оқып жүргендерін ескертет екен.

11 кластан кейін “наша казаша" көрермендерімен бас кейіпкерлерін дайындап шығаратынын көріп тұрмын. Өкінішті!

Мына жерде мені дұрыс түсініңдер «орыс тілінде оқытатын мектептерді жабыңдар» -деп ұран тастап тұрған жоқпын. Егер қазақша сайрап тұрған баланы орыс мектебіне ата-анасы зорлап апармаса? мектепте бала саны жетпей өзінен-өзі жабылып қалушы еді. Осы мәселеге қалай қарайсыздар?



16456
  • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 02:59:14
    Анау интернеттегі жағдайда өкпелеп қалған баланың кейіпінде «привет» дегенге ренжімей, әрі қарай қазақша сөйлей беруің керек еді. Бұл күнде қазақша сөйлемеген адамға ренжитін болсақ, ол орысша айтқанда оцтой, қазақша айтқанда бұтақ сорған позиция. Өкпені қойып іске кірісу керек. Позитивті түрде насихаттау керек. Қазақша қызық нәрселер тарату керек. Қазақ тілінің орыс тілін білетін адамға нендей болса да бір пайдасы болу керек қой. Орыс тілінің пайдасы сол сені қазақстанның көп жерінде орысың да қазағың да түсінеді. Қазақ тілінің жақтаушыларында тек жалаң пафос әрекет жоқ. Қазақша оқулық шығар, қазақша жаңалық ойлап тап, бесбармақты суши деңгейіне шығаратын ресторандар торын аш. Пиар жаса. Ал өкпелеу деген ойнап жүріп жығылған баланың ісі.
    ответить
    • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 03:01:16
      Неге? Неге? Неге қазақ тілі дамымайды? — Өйткені сен оны дамытудың орнына оны осы жерде талқылап отырсың.
      ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 02 октября 2010, в 09:51:12
      Үшінші диалогты оқып көрдін бе? Оқымаған секілдісін. Өкініштісі сол, шалағайлық бәріміздің басымызда бар. Екінші диалогтан кейін асығыс жаза бердің… Мына қазақ бос сөзге құштар екен, тоқтата қояйын… Интернеттің бір жақсысы өзіңді таныстырудың қажеті жоқ. Қазір не айттын, алдында не жаздың соның мазмұнымен бағалай береді.
      ответить
  • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 03:04:02
    Менің бір досым қазақша шала сөйлесем, маған күледі дейт. Ау жыртық жамаулар әрбір адамның қазақша білген түйттайын түйедей көріп мақтау керек, тек сол кезде ғана адамда стимул болады.Ол саған бір сөз қазақша айтты ма, құдды саған французша сөйлегендей, о-о-о-о қазақ тілін біледі екенсің, похвально деп артына көпшік қой. Міне сол кезде ғана анау приветші қыздың қазақ тіліне жылуы ояна түседі.
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 02 октября 2010, в 10:31:16
      Аттестациялық комиссияда отырысы. Алдымызда оқуын бітіріп өзінің біліктілік деңгейін көрсетуге "өткенде оқушы -болашақта маман" шықты. Өз жобасын қорғай бастады. Басын қазақша, ортасын орысша. Екі тілде де ойын жеткізе алмады. Қай тілде сізді оқытты?
      -Қазақ тілінде?
      Түбінде оқытқан негізгі оқытушысын шақыртуға тура келді. Сіз неліктен лекцияларыңызды жартылай орысша, жартылай қазақша бересіз?
      -Қазақ тілінде мұны айтып жеткізу мүмкін емес...

      Қазақ тіліне жауып тұр, терминдергеде үйретпеген.

      ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙЫҚ!
      ответить
      • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 20:30:12
        Қазақ тіліне жаба салатындар бар ол рас. Бірақ кейде қазақ тілімен айтып жеткізу қиынға түсетін кездер бар объективті қарасақ. Сен техниклық терминдерді өндірісте қазақша пайдалансаң сені ешкім түсінбейді, есесіне бірнәрсені бүлдіріп түсініспеушіліктен адам жарақат алуы мүмкін.
        ответить
        • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 02 октября 2010, в 22:09:38
          Арнаулы пәндер мұғалім ретінде (автокөлік, өндірісті автоматтандыру, микропроцессорлық техника т с с) сіздің айтқаныңызға қосылам. Айтып жеткізу қиын. Бірақ өзім болсам терминдерді мағынасын ашып жеткізуге тырысам, қажет болса үш тілде бірдей.
          Бұл тақырыпты шығармас едім, егер өзге ұлтпен өз ұлтының құндылықтарына қарап "қызыққандай" шатастырып жүретіндер аяқтан шалып біттірмесе.

          Көрші орыс халқымыз біздің кейпімізді 200 жылдай бұрын өте бастаған. Сөзге қатысты реформалары болған. Қазір олар 16 ғасырдан келе жатқан оншақты сөзі қалды жазылуымен оқылуын анықтай алмаған (село, творог). Қазақ тілін айтпай ақ қояйын. Бізде 200 жыл жоқ оны өзіңізде түсініп отырсыз.

          Қазақ мұғалімдерінің семинарына барып қатысып арнаулы пән мұғалімі ретінде мәселер қойып талдап бердім (қазақ тіліне қалай оқытат десеңші жаныңды аштат!).

          Абай атамды менде құрметтеймін! Өлеңдерін сүйіп оқимын. Бірақ «Абай жолы» романын оқып шығып, сол сөздерді және сөйлемдерді үлгі қылып қазіргі заманғы көп қабатты үйді тұрғыза алмайсыңдар деп айтуға тура келді. Жаңа сөз үлгілері керек филолог мамандар. Бізде керсінше филолгтарға еш нәрсе керегі жоқ секілді. Оның дәлелі ретінде ақырғы он жылғы десертациялық жұмыстар тақырыптарын қарап шықса жеткілікті. Алдыма келген оқушыға жарты жылдай уақытым кетет қазақша дұрыс сөйлем құратқызып, ойын жеткізіп үйретуге. Сосын барып ары қарай пән бойынша оқуымыз жалғастырамыз.

          Осымен тақырыпты тәмемдайық. Коментарийлеріңе рахмет!
          ответить
          • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 22:17:42
            Тақырыптан жалықсаңыз неге қозғайсыз?
            ответить
            • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 02 октября 2010, в 22:34:35
              Жалыққан жоқпын, жалықтырғым келмейді… Тек өзіміздің қара көздеріміз аяқ шалмай, шалағайлық жасап асығыс шешім қабылдамаса болды.
              Ондай адамның шені неғұрлым үлкен болса, зияны соншалықты мол тиеді.
              Мысалы кезінде «класс, процент» сөздерін қалай қорғадым, білсең ғой. "Қазақшаласан істің мән жайын біліп ал сосын қимылда" айтасын, сөзін жеткенше демің құрыйды.
              Тапқырыпты қозғағаным тағы осындай мәселелерді еске салғым келді.
              ответить
              • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 22:44:31
                Комментарий удален пользователем
              • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 22:46:38
                Сынып, пайыз сөздерінің несі жаман? Қалың бұқараға сәтті еніп кеткен сөзді теріске шығарудың мәні неде? кешірерсіз, Дон Кихоттың желдиірменмен күресі есіме түсті.
                ответить
                • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 03 октября 2010, в 00:08:03
                  Сіздің ойынша «бірінші классты жүргізуші», «екінші классты уйлы заттар», "қанатсыз құстар классы"

                  -«бірінші сыныпты жүргізуші»
                  -«екінші сыныпты уйлы заттар»
                  -"қанатсыз құстар сыныбы" солай болғаны ғой

                  Ойланып көр…
                  ответить
                  • Gasta KZ Gasta KZ 03 октября 2010, в 00:12:49
                    Сіз филолог болсаңыз, намазға жығыл деген сөздің тура жүгіріп кеп баспен жерге қадал дегенді білдірмейтінін түсінуіңіз керек.
                    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 04 октября 2010, в 10:35:40
    Кешіресіздер, мен қозғалып отырған тақырыптың мағынасыз шексіздікке бағытталып жатқанын байқадым… Мен өзім провинциал болғандықтан, бұл мәселенің өзектілігін толығымен тек Алматыға келіп барып қана түсіндім, не әлі түсіну үстіндемін… Толық анализдеуге мүмкін құқым жоқ та шығар… Бірақ, мен қазақ тілін популистік құралған айналдыруға түбегейлі қарсымын, одан да әрбір тіл білетін адам миының жасампаздық пен креативтілік функцияларын іске қосып, оны өзектен нәрлендіре бастағаны дұрыс сияқты… Тақырыптан ауытқып кеттім ғой деймін! :))))
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 04 октября 2010, в 21:06:19
      Кез -келген мектепке барсан орыс тілінінің сөздерінің түсініктемелі сөздігін (әр сөздің шығу тегі және қолдану үлгісі көрсетілген) тауып алуға болады.

      Жоғарыдағы талқылаудан шығарған түйін ой.

      ҚАЗАҚ СӨЗДЕРІНІҢ ТҮСІНДІРМЕЛІК СӨЗДІГІН КӨПТЕП ШЫҒАРЫП ТАРАТА БЕРУ КЕРЕК. Әр оқу орынында, кітапханада бір сөзбен айтқанда қажет еткенде кез-келгеннің қолына түсетін жағдай жасау керек. Қазақ тілінің сөз қорын толығымен пайдалануға жағдай жасау арқылы оның беделін арттырамыз!

      Sozdik.kz жобасы ұнайды. Оны іске асырған адамдарға үлкен алғыс айтқым келеді
      ответить
  • Зейнеп … Зейнеп … 18 августа 2011, в 18:35:07
    мен өзім қазақ мектебін бітіргенмін. Университетті орысша оқыдым, орысша топқа тапсырдым. өкінгем жоқ, өкінбеймін де. орысша топта оқыған себебім, қазақша кітаптардың жоқтығы. қазақша топтағылар орысша лекция жазады, олардың бізден айырмашылығы болмады. тек бір айырмашылығы реферат, курсовой жазғанда студенттер орысшадан қазақшаға оздері аударып жазады. Дипломдық жұмыс жазғанда тіптен қиын болды.
    мен орысша оқысам да менің ұлттық рухым ошіп қалған жоқ. ана тілімді де ұмытпаймын. меніңше бәрі тәрбиеге байланысты.
    Қазір мектеп оқулықтарын бірнеше қатемен шығарады. мектеп оқулықтарын жазып үйренген соң жоғары оқу орындарының оқулықтарын басып шығарады деген ниеттемін
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 18 августа 2011, в 19:34:49
      мәселені Жалғас Ертай дәл байқап айтты, қазақ тілі маңында спекуляция көбейіп кеткені. Қазақ тілі қайдан мәртебесі көтерсін егер студенттер екі қазақ үстаздың қайсысін таңдағанында. Әрине таңдайт бас қатырмайтынын. Бәр кесел таңдаумен, бастықтардың көзқарасында. Өз тәжірбемнен айта аламын
      ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 18 августа 2011, в 19:34:51
      мәселені Жалғас Ертай дәл байқап айтты, қазақ тілі маңында спекуляция көбейіп кеткені. Қазақ тілі қайдан мәртебесі көтерсін егер студенттер екі қазақ үстаздың қайсысін таңдағанында. Әрине таңдайт бас қатырмайтынын. Бәр кесел таңдаумен, бастықтардың көзқарасында. Өз тәжірбемнен айта аламын
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться