Бакытжан Копжасаров  >   Мұғалім қылығы...

Мұғалім қылығы...

rss Бакытжан Копжасаров 4 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

          Бүгін колледждерді аралап жүріп қазақ тобының оқушыларына тап болдым. Оларға сабақ беру үшін екі мұғалімді жұмысқа алыпты. Оқушылар мұғалімнің біреуін мүлдем түсінбейміз өйткені орысшадан тура аударады, ал екіншісін жақсы түсінеміз білгенін бірден қазақша ойлап жеткізет деді. Парадокс екі мұғалім бір оқу орынын, бір мамандықты бірге оқып бітірген екен.

          Бірінші мұғалім алғыр оқушыны қатты ренжіткен, оқушы бірнеше қазақ тіліндегі әдебиетке сүйеніп, оқығанынан ой қорытып, практикалық жұмысты орындап, қазақша сипаттап жазып алып келген. Мұғалім болса бірден айтыпты:

          -Қайдан көшіріп алдың, маған сол кітапты әкеліп бер-депті. Өзі орыс тілді әдебиеттен қазақшаға аударып лекция оқығанын айтыпты, қазақша әдебиетке қарап ондай ой қортуға болат дегенге сенбепті.

           Осылайша қазақша ізденіп, білімін көрсеткен оқушыны ренжітіп тастаған. Мұғалім әйел адам екен, магистрант. Екі сөзге келіспей оқушының бағасын төмендетіп қоя берген.



137
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 05 октября 2010, в 09:31:54
    биліксүйгіш адам болғаны ғой… егер мен білмесем, оны сен қалай білуің мүмкін деп ойласа керек…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться