Бакытжан Копжасаров  >   Қартайғанда қандай болатындығынды білесің бе?

Қартайғанда қандай болатындығынды білесің бе?

rss Бакытжан Копжасаров 5 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

Бірде ауылдағы туыс адамдардың ең үлкендерінің үйіне қонаққа апарды:
Апа жасы алпыстан асқан екен, атасы жетпіске жақындап қалыпты. Апа болса сайрап жүгіріп жүр. Шалы болса екі құлаққа саңырау, құлаққа есту аппаратымен ғана естиді екен.
Көп балалы, немере көп. Барлығы қалада. Қалаға көшіп барамуға дайындалып жатыр екен.
Балаларын түгелімен оқытып, барлығына үй басымен қамтамасыз еткен.

Апа өзінің көрегендігімен туыстар арасында белгілі еді. Сонда, жас баламын, апаның айтқандары есімде қалыпты:
-Біз кәртейіп барамыз, кәрі адам да бола болу керек екен -деп менім шешеме, ол кісіге келін болып келет, кәрілік туралын ойын жеткізіп жатыр екен.

Жылдар өтті. Шешемде анда -санда маған:
-Балам біз қартаямыз, қартайғанда адам кішкене бала секілді. Сенде балаң болса, оларға екі бала болып біз қосыламыз -деп анда-санда айтып жүретінді тапты.

Қазір шынымен әкем, шешем менім қолымда, бір екі жыл бұрын айтар едім "әке шешемнің жанымда тұрамын" дегендей. Шынымен әр адам өзін қартайған не істейтінін, ұстамы қандай болу керек екендігін ертеден ойлану керек екендігіне көзім жетіп отыр.

Әңгіме бас жағындағы үлкен қария адамдар туралы айтып едім. Ол адамдар осы дүниеде. Апа мен ата баларына екеуін бөліп жеке-жеке қарамақтарына алып бағуды ұсыныс жасапты. Қайткенмен екі қарт адамды күткен ауыр дегендей. Ол адамдардан өлім деген сөзді естіген емеспін. Бұл адамдарды мысал етіп отырғаным, кішкене кулықтарымен баларының арасында жүр. Кезінде сүйген балаларын, қартайғанда өздерін сүйгізіп күткізіп жүр. Әйтпегенде қалай болар еді. Әрине айтасыздар шығар «ешкім туған әке шешесін далаға тастамайт» деп. Солай бәрінде болса ғой. Ол басқа тақырып әңгімесі.

Қарттық жайында ойландың ба? Қартайғанда қандай болатындығынды білесің бе?



268
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 05 октября 2010, в 18:13:15
    30 келсем и то таубә
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 05 октября 2010, в 18:22:43
      Жасым 33 те, жетпістен асқан ауыр әкеме қарап өміріме қайта қарай бастадым. Келесі мақалдың дұрыстығын көзім жетіп отыр «ауру қалсада, әдет қалмайды» деген. Кейбір аурудан емделу мүмкін емес, өйткені аурудан калыптаскан әдет қалған. Жас үлкейген сайын адам өзімен күресу қиындай түседі екен.
      Өз-өзін қандай уақытта болмасын ұстау, қазіргі қоғамның негізгі талабы екен.
      ответить
      • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 05 октября 2010, в 18:28:17
        жараға тұз салғандайсыз
        ответить
        • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 05 октября 2010, в 18:37:31
          Ертеден ойланып жатқаным ғой. Кәрі адамдарда бір-бірімен байланысып жүздесу керек. Қазірден бастап кәрі адамдарға арналған «клуб» ашсам ба деген ойым бар. Маған «кәрілер үйі» деген ат ұнамайды. Денем кәртейгенмен ойымен жас болам :-)
          ответить
  •  ханум xan ханум xan 05 октября 2010, в 18:41:06
    +1өз балаларым хабарласпады деп өкпелеп отырмын, менде түк ұят жоқ өз әкеме неге хбарласпаймын, ең болмаса күніне бір рет қарт адам қуанып қалар еді… ия өзіміздің сондай қауқарсыз қалыпқа түсерімізді анда-санда есімізге түсіріп қойсақ.Сіз бақытты жан екенсіз ата-ананызды бағып мол сауабын алып отырған.АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СІЗГЕ
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 05 октября 2010, в 18:50:06
      Рахмет, тілегіңіз қабыл болсын. Балаларыңыз сізді ренжітпесін, тек қызығын ғана көріңіз!
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться