Бакытжан Копжасаров  >   Түнгі кезектегі медбикелер ермегі. Әзіл (жаман ойлап қалмаңдар)

Түнгі кезектегі медбикелер ермегі. Әзіл (жаман ойлап қалмаңдар)

rss Бакытжан Копжасаров 7 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

Студент кезімде дұрыс тамақтанбай, асты талғамай жүріп бірде бір тағамнан уланып емханаға түстім.
Халім жаман, арнаулы палатаға түстім, есімді елес-елес білем. Көз алдым тұман. Дәрігерлер дауысы күңгірлеп естілет.
Үнемі жарық бөлмеде жатам, күнмен түнді шатастырып алдым. Бары тынышталған уақытта аяқ басымды бір нәрсе қыдықтатып, біраздан соң қыдық басылып қалатын болды. Екі-үш тәулік өтті. Есіме келе бастадым. Аяқ басымның қыдығына «не себеп» деп ойлана бастадым.

Сөйтіп «аяқ басымды не қыдықтатат?» деген оймен жатқанда медбикенің дауысы шықты. Менім көзім жұмулы, ұйықтаған болып жатырмын.

-Ананың аяғы, дәл менімдікіндей болатын шығар, -ішімнен ойланып жатырмын, "қызық, менім аяғым кімдікіне ұқсас екен?" деп. Көп кешікпей жауап алдым. Сөйтсем түнгі кезектегі медбикелер тоқыма тоқумен шұғылданады екен. Күйеулеріне тоқып жатқан жүн байбақтарын менім аяқ басыма кигізіп өлшеп жүріпті.

Бір жеті бойы менің аяқ бастарым осылай қызмет етті. «Медбикелерді ренжітпеймін» деп қаншама аяқ табаныма қыдығым келседе үндемей шыдап қозғалтпай жататын болдым.


Құрметті қауым, кімнің басында қандай қызықты жағдайлар өтті? Бөлісе жүріңіздер. Өмір деген қызық қой (блогтарым мұңды болып кетіпті, позитив қосайын).



239
  •  ханум xan ханум xan 07 октября 2010, в 12:51:06
    )))))))))))))))))))))))))ту сіз де адамның еріксіз күлкісің келтіретін жазады екенсіз, эмотциямызды сілкіп жібердіңіз +1
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 07 октября 2010, в 13:25:45
    хахаххыхыхы, сөз жоқ, тек КҮЛКІ… оларды орныңыздан атып тұрып, жүректерін алып, шошытуыңыз керек еді…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться