Бакытжан Копжасаров  >   Ауылдық полиция участкелік инспекторы Айдын (атын-жөнін өзгертіп отырмын)

Ауылдық полиция участкелік инспекторы Айдын (атын-жөнін өзгертіп отырмын)

rss Бакытжан Копжасаров 18 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

              Жаңадан участкелік инспектор ауылға тағайындалды. Аты Айдын. Орта бойлы, аққұба келген жылы жүзді адам, егер полиция инспекторының формасы болмаса дәл мектептегі дене тәрбиесі мұғаліміне теңеуге болатын.
              Сол кезде ауылда ұрлық пайда болады. Ұры қорадағы жалғыз ірі-қара бас демейді, ала береді. Сондай жалғыз қара бас -сауынды сыирдан айырылған он екі баламен қалған жесір әйел үй іші де бар.
              Учаскелік инспектор бұл сұмдықты ести сала осы үйге келіп жесір айелге не қылсада ұрыны тауып, ұстап әкелетіне уәде етеді.
              Инспектор өз сөзінде тұрды. Бір жұмадан кейін түс кезінде учаскелік инспектордың жеңіл автокөлігі жесір әйел үйінің есік алдына келіп тоқтады. Инспекторды қарсы алуға

әйел адам шықты, қолына бір жастағы баласын құшақтап алыпты, көйлек етегіне жармасқан екі жастағы баласы да ерген.  Айдын осы ретпен қалған он баласын үйлерінен шығарып аналарымен қатарластырып тұрғызды. Автокөлігіне қарай бет алды. Көп кешіктірмей анамен және он екі баланың алдында қолы кісенделген жасөспірімді әкелді, жасы 16-17 шамасында, сары қысқа қиылған шашты, беті шашындай сары және шыбар екен. Үстіндегі киімі қара спорттық костюм.  Тұтқын жерге тізерлеткізіп отырғызылды.

             Екі жақ бір –біріне, бірнеше секунд, көзсалысып үнсіз қалды. Тыныштықты сапты бұзып шыққан жесір айел дыбысы еді, ұрының бетінен ол бір түкірді, сол кезде рет-ретімен әр бала келіп көргенді қайталап шықты. Бәрі қайдатан сап түзеді.
             Тыныштық қайта басты. Учаскелік инспектор тұтқын қолын кісеннен босатты да теріс қарап кете берді. Ұры қашты! Жоқ! Ұры кісеннен босағанын сезгеннен кейін бірден қолымен жер ұрып, дауыстап жылап тұрып:

              -Білген емеспін!, білген емеспін!, ешкім айтқан емес маған!, -деп жылап аяқ астарына жығылды.

Ұры бала сотталды ма? Иә. Бірақ оған негіз болған өзінің қылығын мойындап жазған арызы болды.

            Айдын қысқа мерзімде ауылдық полиция участкелік инспектор болып қызмет атқарды. Қызметінен босатылғансоң үй ішімен көшіп кетті. Көп сөздер болды. Біреуі айтат «шенін төмендетіпті», екіншісі «тура мінезінен өспей қалды» депті. Бірақ басты себеп -басқада болатын, ол басқа әңгіме тақырыбы.



156
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 18 октября 2010, в 09:08:52
    Қызық екен!!!
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 18 октября 2010, в 11:37:20
      Рахмет! Әңгімеге редакция жасадым. Редакция жасап үйреніп жүрмін. Артынан жалғасын жазам. Ол жанұяның бір сыры бар. Өсек ретінде айтылған емес, «беймәлім тылсым күш» деп айтар едім. Блог беттерінде кездескенше
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться