Бакытжан Копжасаров  >   Танылмаған бар әлемде

Танылмаған бар әлемде

rss Бакытжан Копжасаров 18 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

          «Kodak Express», «Fujitsu», «Agfa» фотозертханалары және фотосалондары, портативті үйге арналған фотопринтерлер. Бір минут ішінде фотосурет түсіріліп басылып шығат. Міне керемет. Шексіз мүмкіншіліктер.

            Қолымда «СМЕНА» фотоапараты 1986 жылы жасалынып шығарылған. Фотосуретті қағазға алу үшін бір кешті толығымен қажет ететін. Толық процессін айтып жатпайын, иә ол жиырма жыл бұрын қолданыста болған технология. Олда бір заман, қара-ақ түсті фотосуреттер әркімнің көзін қуантатын.

            Қазіргі технология, фотоәуесқойлықта өзінің сырын жоғалтты, тек кәсібі қалып, адам өзінің мадақтануының бір құралына айналдырды.

            Бірақ сандық фотоаппарат кейкезде фотопленкаға түсіретін фотоаппаратты алмастыра алмайды, оны фотосуретшілер жақсы біледі.
90-шы жылдар, фототауарлардың дефицит кезі. 36 кадр, әр қадрды тек керек жараққа қолдануға тырысасың, фотосаяхат романтизмі артта қалып барат.
            Сол жылдың бір күнінде ауылдас адам өз үйіне бес-алты жас шамасындағы баласын фотосуретке түсіруге ұсыныс жасады. Келісімімді бердім. Ертеңінде таңғы он шамасында  фотосуретке барып түсіретін болып келістік.
            Баланы фотосуретке түсіріп алдым, үйге келдім, фотолабораториямды жайғастырдым, фотореактивтерді жаңадан суға ерітіп ертіндісін жасадым. Фотосуреттерді басып отырмын.

            Барлық фотосуреттер сапалы шыққан секілді, кезек тапсырыс бойынша түсірілген баланың фотосуретін басып шығаруға келді. Өкінішті, кадр бүлініп қалыпты, неге екені белгісіз  бүкіл кадр үстінен жоғарыдан төмен сұр жолақ бәтіңкенің бауы секілді салбырап тұр, әйтпегенде бәрі жақсы, бала суреті жақсы шығыпты тек сұр жолақты ескермесе.
            Тапсырысты апару керек, ішімнен ұялып барам, барлық фотосурет шыққанда әдейлеп түсірілген бала фотосуреті шықпай қалды, қайдан келді екен сұр жолақ? Фотопленка бракгы (сапасыз) шығар, басқа ешнарсе деп түсіндіре алмаймын. Әкелген фотосуреті ата –анасына көрсеттім. Міне реакция, күтпедім. Олар қуана –қуана фотосуретті алды, қайтадан фотосуретке түсіруінде өтінген жоқ. Бұл баланың осы уақытқа дейінгі бірінші фотосуреті екенін айтып рахметтерін жаудырды. Балаларының сырын айтып берді. Туа салысымен қаншама рет фотосуретке түсіруге тырысыпты, бірде фотоаппарат сынат, екіншіде басылған фотосуретте бала бетін корсетпейтін  сұр дақ пайда болады екен. Тіпті қаладағы фотосалондарға апарып көріпті. Бірақ баланың кішкене болсада сапалы фотосуретін ала алмапты. Фотосуретке түспейтін адамдар болады екен ау. Бар екен әлемде танылмаған әліде.



137
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 19 октября 2010, в 09:49:22
    әрине бар… адам тек өзі таныған нәрсені ғана біледі… оның танымынан тыс нәрселер туралы оның тіпті қиялы да жетпейтін дүниелер бар деп өз басым сенемін :)
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 19 октября 2010, в 13:03:59
      Естімеген елде көп… Алда жоспарда Қазақстанның түпкір жерлерін аралап келу бар. Жалғас Қазақстанның жеті кереметі деген конкурсы немен аяқталғанын білмейсін бе? Қарауға интернет трафик шектеулі болып тұр
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 19 октября 2010, в 13:08:58
        жоқ, есімде жоқ… ол бұрын болған еді ғой… Түркістандағы Ясауи кесенесі бар екенін білемін :)
        ответить
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 19 октября 2010, в 10:41:20
    қызық әңгіме екен!
    ответить
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 19 октября 2010, в 11:25:50
    осы уақытта сол бала қайда екен?
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 19 октября 2010, в 12:59:27
      Білмедім, тек бала ауылдық полиция учасковыйі Айдындікі, ол адам туралы алдынғы әңгімемде жазғам… Ауылдан көшіп кетудің сыры осы болатын…
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться