Бакытжан Копжасаров  >   Құнын жоғалтқан кеудедегі ерекшелік белгісі

Құнын жоғалтқан кеудедегі ерекшелік белгісі

rss Бакытжан Копжасаров 21 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

           Мұғалімдер еңбегін бағалап, құрмет ретінде кеудеге тағатын белгі (орысшасы: значок «Отличник образования») «Білім беру саласының үздігі». Салтанатты жиындарда, мұғалімдер кеудесінен осы белгіні көріп қуанасын:

          «Бар екен ғой мұғалімдер!

           Жанын салып балаға ұстаздық еткен!».

Бірақ уақыт өте құны қандай болады екен?

           Жыл бойында өтетін мемлекеттік мерекелік демалыс күні. Жас мұғаліммін. Демалыс күнді «мерекелік көңілде өткізейін» деген ойда бір дәмханаға кірдім. Қарасам алдымда кіре беріс есік жаққа қарай удай мас мектеп директоры жіп жіңішке жас қызға сүйеніп алып келе жатыр екен. Бұл адам туралы еститінмін, сөздерге мән бермейтінмін «елдің көз алдында жүргенде не айтпайды, ағаш атқа отырғызып қоя береді кімді болсада» деп ойлайтынмын.

            Жас қыз шамасы келгенше тіреп келет, өзі үлкен денелі адам, байқасам бір қолымен қыз омырауына жабыса берет, өз аяғын алып әзер келе жатқанынада қарамайт.
            Қыз деп жүргенім, кім екенін айтпай ақ қояын. Ол мені танып қойып дереу директор қол астынан шығып қасымнан кимін тузеп есік аузынан сыртқа зу ете шығып жоқ болды. Мас директор мырза маған тәлтіректеп келе жатып тура босаға былш етіп құлап түсті. Алдымда жатыр. Бірнәрсесін айтып қоят.
            Көзім костюм жағасында бекітулі тұрған «Білім беру саласының үздігі» белгісіне түсті. Қасына отырып кеудесіндегі белгісін шешіп алдым. Дәмханадан шығып жолдың жиегінде өсіп тұрған талдар арасына қолымдағы ерекшелік белгісін лақтырып жібердім. Осы адамның абройы осы жерде. Көздері көріп, соқыр мылқау болып, осы адамның қол астында жұмыс істеп жүрген мұғалімдерді бір, осы адамды мектеп директоры етіп тағайындап сайлағандарды екі, ішімнен жаман сөзбен есіме түсіріп, өз жөніммен жүре бердім.



115
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 21 октября 2010, в 18:03:11
    көріп-біліп жүрміз ғой мадақты қалай алып жүргендерін… Бұл тек мұғалімдерге ғана қатысты емес.
    Директор мырзаңыздың қандай адам екенін білмеймін, алайда арам су адамды жолдан тайырады емес пе?
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 21 октября 2010, в 18:11:05
      Арам суды ішті көтере алмай қолындағы барды, білген соң айтып отырмын. Басқа ішпей-жемей істеп жүрген қылықтары несіне айтайын бәрібір түзете алмайсын
      ответить
      • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 21 октября 2010, в 18:17:21
        осы директорлар лауазымдарын алғаннан кейін өзгеріп кетеді-ау деймін… Әйтеуір мен білетін бір директриса бар. Істегендерін естігенде шашым тік тұрады…
        Жақында Шымкенттің 52 (қателеспесем) мектебін ТВдан қайта-қайта көрсетті ғой, көрген де шығарсыз, құдай сақтасын…
        ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 21 октября 2010, в 20:45:32
    Дұрыс істегенсіз. Ұстаз деген атқа кір келтіріп жүр ғой олар.
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 21 октября 2010, в 20:56:20
      Ол көзге көрінгендері ғой, бірде кішкене бастық болып жүргенде біреуін қолынан ұстап алдым. Сонда жауап бергені «Бала ақша табуға кедергі жасама» (ешкімге керексіз кітап шығарып таратып тастаған)
      ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 10:16:47
    өз мектебімдегі жағдайлар есіме түсіп отыр… мен тек бізде ғана осылай шығар ма десем… айтайын дегенім, біздің облыста (ОҚО)… ИАА! :(
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться