Бакытжан Копжасаров  >   Дәрігер айтқаны шынымен рас болып шыққаны ма?

Дәрігер айтқаны шынымен рас болып шыққаны ма?

rss Бакытжан Копжасаров 22 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

           Екі жұмадан көп болды аурып жүргеніме, бір түрлі, бұрындары гайморитпен ауырғам таңау бітеліп қала беретін, мұрынмен дем алу қиын болатын, басым аурып, бетім ісіп кететін қысқасы осылай болатын. Осы жолы тамағым бөрітіп тұр. Мұрыным ашық, бірақ қайдан екені белгісіз тамағыма ірің түсіп жатыр таңау кеңсірігінен. Ыстығым жоқ, басым ауырмайды.

            ЛОР дәрігеріне бардым, оның алдында таңау кеңсірігін ренгенге суретке түсіріп алғам терепевтің жолдамасы бойынша.

            ЛОР ең бірінші ренген суретін қарап шықты. Қорытындысы гайморит жоқ. Мұрынымды, құлағымды қарап шықты. Бәрі жақсы.
            -Қайдан бәрі жақсы болат? Сонда ірің қайдан түсіп жатыр, не жазылмайтын жара?
            -Осылай екінің бірі аурат, ұмытып кеттіңбе қандай қала тұрғыны екенін. Сондықтан тамағыңызды шайыңыз, бір апта күніне үш уақыт мына антибиотикті ішіңіз. Қайта жиналып ірің бер жағына шығып жатқанына қуанбайсызба. Әйтпегенде шынымен аурып қалар едіңіз.

             Үйге келгеннен кейін қалада орналасқан алып зауыттар есіме ала бастадым. Үлбі метталлургиялық заводы, дәл қала ортасында орналасқан. Өңдейді уранды. Қазмырыш зауыты қорғасын, мырыш өндірет. Екеуінің ортасында жылу электр станциясы. Осы тізімге кішігірім серіктес зауыттарды, Титан магний комбинатын, салынып жатқан мыс өндірет зауыты қоспағанда (әлде іске қосып үлгерген секілді, анығын білмеймін). Оның үстіне барлық қалардағы секілді саны көп автокөлік қосыңыз.

           Осы зауыттар тең жартысы дәл қаланың ортасында орналасқан. Шынымен осы өнеркәсіптер жұмысы қала тұрғындар денсаулығына осылайша әсер етсе, қанша жылға дейін өміріміз қысқарат екен?

            Бір естігенімде екі қабат әйелдерге түсік жасауға дәрігерлер кеңес береді екен, егер баламен жүкті болған уақыты қолайсыз атмосфералық жағдаймен сәйкес келсе. Кей -кезде желсіз күндерде көшеге шықпаңдар деп ескерту жасалынып жатат. Көшеге шықпай қалай отырасың? Ондай шара қаншалықты көмектеседі? Жаздың ыстық күні көп адамдар кәдімгідей суық тиіп қалған секілді ауруғандарына куә болдым. Дәрігер айтқаны шынымен рас болып шыққаны ма? Біздің денсаулық тура зауыттар жұмыс қалыпына пара –пар көрінеді.



176
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 22 октября 2010, в 11:01:42
    рас болғаны ғой онда..(((((
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 11:39:40
    ал мен өскен қалада (Түркістан) бақытымызға ма, әлде сорымызға ма орай көп өндіріс орындары өз жұмыстарын тоқтатып, үйсіздер мен криминалдың мекеніне айналған… :) бірақ, сонда да экологиялық аймақ саналады екен.
    ответить
    • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 11:49:24
      Түркістан — экологиялық криминалды аймақ деген дұрыс болар
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 11:50:45
        экологиялық, криминалды ма? экологиялық криминалды ма? :)
        ответить
  • Сағым Елестегі Сағым Елестегі 22 октября 2010, в 12:01:23
    бәрін қолдан келгенше өзіміз жасап жүрміз ғой
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 13:02:39
    Өскемен қаласында тұрасыз ғой тегі.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться