Бакытжан Копжасаров  >   Есте қалған Шәмші Қалдаяқовтың радиоға берген интервьюсіндегі жауабы

Есте қалған Шәмші Қалдаяқовтың радиоға берген интервьюсіндегі жауабы

rss Бакытжан Копжасаров 23 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

               Қазақ ұлттық радиосының аудио қорынан Шәмші Қалдаяқовтан алынған интервьюді радиодан берді. Журналист балалары туралы сұрақ қойды, композитор олар консерваторияда қалада оқығанын айтты. Сөз барысында композитор жазған вальс, т. б. шығармалары секілді туындыларды болашақ композиторлар  дүниеге әкелеме деген журналист сауалын қойды.

Композитор жауабы:

                -Қидың іисін иіскемеген адам жаза алмайды, -деген жауабын қайырды.

                 Неліктен ойыма осыны түсірдім десеңдерші? Қазақтың өзіне тән қасиеті бар паспортағы, жеке бас куәлігіндегі «қазақ» деген сөзбен анықталмайды. Дәлелдеп жату қажеті жоқ. Тек өз мәдинетіміз танымай, «Мәмбеттер» деп қашып жүрген өз қара көздерімді көрсем жаным удай ашиды. Солар Шәмшідей атамыз бар екенін және шығармаларын тыңдап көріпті ме? Қазақ мәдинеті туралы олардан сұраса не деп жауап қайрып берет екен?



211
  • * Meirzhan * Meirzhan 23 октября 2010, в 17:45:50
    Шәмшіні тыңдамаған шығар. Бірақ шетел музыкасын жақсы білуі мүмкін Мысалы даңғырлаған R'n'B-ді. Олардың сана-сезімі орыс тілінен нәр алған. Бірақ саналарының түбінде «Мен қазақпын-ау» деген ой жылт етіп, қайта сөнеді. Олармен күресудің мәні жоқ. Олар үшін күресу қажет.
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 23 октября 2010, в 18:07:07
      Дәл айттың «Олармен күресудің мәні жоқ. Олар үшін күресу қажет»
      ответить
      • * Meirzhan * Meirzhan 23 октября 2010, в 18:17:43
        Сөнуге щақ қалған отты үрлеп лаулату керек.
        ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 23 октября 2010, в 19:11:38
    1. Шәмші туралы. Шәмші — феномен. Шәмші — ұлттық ұран. Шәмші — қайталанбас тұлға. Қазақтың есінде, тарихында мәңгіге қалатын тұлға. Оған дау жоқ. Ешкім енді Шәмшідей бола алмайды.

    2. "Қара орыстар" туралы. Тамырсыз ұрпақ дейді оларды. олардың ұлтымен байланысы, яғни тамыры үзілген. түрі қазақтікі, өмір сүріп жүрген жерлері қазақтікі, денесі қазақтікі, тек жүрек қазақтікі емес.

    Кішкентайынан туған жердің топырағына аунап өспеген, туған тілдің нәрімен сусындамаған, бесік жырын тыңдамаған ұрпақ осылай тамырсыз қалады. бәрі бала кездегі алған ұлттық тәрбиеге байланысты. кішкентайында ұлттың кәусарымен сусындаған адам үлкейгенде бәрібір одан алыстап кетпейді.
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 23 октября 2010, в 19:27:15
      Сол қара орыстар ата-бабаларына қуанбайма, қаншама жерді найза ұшымен алып қалғанына. Жүрген қаншама ұлт бар, мемлекеттілігі жоқ. Мемлекет болу ушин жер керек. Соның өзі үлкен мақтан емеспе!
      ответить
      • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 23 октября 2010, в 19:34:34
        Әңгіме сонда болып тұр. Олар ұлтынан алыстағаннан кейін, тамырсыз болғандықтан ұлты жайлы, оның тарихы жайлы, осы күнге жерімізді аман жеткізген ата бабаларымыз жайлы ойланбайды. Ойланар еді ау, оның не екенін білмейді ғой. Білмегендіктен де ойлана алмайды.
        ответить
        • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 23 октября 2010, в 19:47:20
          Шамам келгенше айтып журем, оқу орыннан орыс тобында оқитын қара орысты көрсем енбірінші әңгімеден бастаймын «Сен білесің бе...»
          ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 26 октября 2010, в 09:43:26
    Мәмбеттер деп қашқан адамның өзінің бойында сол мәмбеттіктен бірдеңе болса керек. Мереке, дұрыс айтасың, олар үшін күресу керек. Абай айтпақшы, көп — тобыр, қолыңнан келсе, қамшылап жөнге сал. Бұл жердегі қамшылап деген сөздің мағынасын толық түсінбеймін бірақ :)
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться