Бакытжан Копжасаров  >   Баланың балалық шағын ұрламайық

Баланың балалық шағын ұрламайық

rss Бакытжан Копжасаров 24 октября 2010
Бакытжан Копжасаров
 

          Той үстінде қонақтар арасында өзімен жасты нағашымды көріп қуандым. Бала кезімізді еске түсірдік. Сөз барысында ауылдағы балаларда бала болып ойнағанды қойғаны белгілі болды.

           Өзімде осындай жағдайды байқап жүрмін. Неге бала болып ойнамайт? Мүмкін мектепте ойындары қанатын шығар? Жоқ, қала мектептерінде, жалпы мектетерде сабақтан кейін мектеп маңында баларды ұстамауға тырысат.

           Біріншіден байқағаным. Баласы бар үйлерге кірсе, бала бөлмесіде ойыншықтарға толып тұрат, бірақ онымен ойнаған баланы көрмейсін. Балаға кім үлгі қылып қасында баламен бала болып ойнап отырады, әркім жұмыс басты. Баланың қолына қымбат ойыншықты ұстата бергенде жерге лақтырып жіберіп жылап тұрғанындарын талай рет көрдім.
            Бала балалармен ойын ойнау барысында ары қарай жетілуге қажет дағдыларын қалыптастыра бастайды. Ойынның ережесі бар екенін, ойын барысындағы туындаған ситуациядан шыға білуге (төзімділікке және тапқырлыққа дамытат) үйренеді.

            Екіншіден байқағаным. Балаға ата –ана өз көзқарасынан көп ақпарат берет. «Ана баламен ойнама, ешкімен ойыншықпен бөліспе» сонда қай баламен ойнауға болат, ойыншықтармен бөліспесе қандай ойын болмақ? Қаладағы балабақша тәрбиешісі балабақшаға өз ойыншықтарымен келіп, өзі онымен ойнап, бірге жиып алып кететін балалар бар екен. Естігенде жағамды ұстадым. Ол  балақай болашақта кіммен қалай қатынас жасайды? Мектепте анығымен ол баламен жұмыс істеу қиын болат.

            Үшінші байқағаным. Балаларға үлкен адамдарша ұстануды талап етеді. Яғни артық сұрақ қоюға болмайды. «Үлкен болған кезде өзің түсінесін» танымдық қасиеті бар құбылыс туралы немесе зат туралы айтпайды. Уақыт жоқ. Үлкендердің қылығын талдайт балаға. Кейінірек балалары бетінен басатын болат.

            Осындай үш байқауымдағы жағдай кез -келген өсіп жетіліп келе жатқан баланың басында болса, онда айтарым:
             Баланың балалық шағын ұрламаңдар, балалығы бар баланың болашақ өмірде өз орынын тезірек табады. Баланы тәрбиелеуге бөлген уақытыңыз қартайған шақта сізге баланың ата -анасына деген мейірімен қайтып келеді. Соны ұмытпайық.



363
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 24 октября 2010, в 20:22:02
    Шынында да, қазіргі балалардың тәрбиесі сыртқы ортаға байланысты болып кетті. Ата ана балабақшадағы тәрбиешіге итерсе, олар ата наға итере салады. Одан қалса, теледидардағы жын жыбыр бар. Қазіргі балалар бесіктен белі шықпай жатып, компьютердің алдында отырады.
    Өз басым, балажанмын! Кішкентай балалармен ойнағанды, олармен әңгіме дүкен құрғанды, олардың ой пікірлерін тыңдағанды ұнатамын
    ответить
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 24 октября 2010, в 22:23:28
    Менің бес жастағы інішегім теледидардан қадай мультик көрсе, соның «кейіпкері» болып жүреді. «Зоро» көрсе, «мен Зоромын», «Алпамыс» көрсе, «Алпамыспын» деп жүреді. Кішкентай бала ұлттық менталитет дегенді білмейді. Әсер ететін заттарды тікелей қабылдайды. Ұлттық рухы өсе келе қоршаған орта әсерінен қалыптасады. Орысша тәрбиедегі қазақтардың өз ұлтына жаны ашымайтын себебі де осында.
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 26 октября 2010, в 00:00:52
    дұрыс: балалармен ойнау керек.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться